Сабақтың ортасы
8 минут
|
3.Жаңа сабақ
-Ал, балалар, енді бізге тағы да қонаққа Алдар Көсе келіпті.Алдар Көсені танисыңдар ма? Қайдан білесіңдер?
Алдар Көсе, балалар, қазақ ертегілерінің ақылды айлакері, яғни ол байларды, сараң адамдарды өз ақылдығымен алдайды.
Алдар Көсенің де өзімен бірге әкелген тапсырмалары бар екен. Осы тапсырмаларды біз 3 топ болып орындаймыз.Топ басшыларын сайлап алайық. Алдар Көсенің қоржынында не бар екенін және қандай тапсырмалар бар екенін көрейік.
№1 тапсырмасы: «Тақия тастамақ» ойыны.
Мен буынның басын тастаймын, сендер аяқтайсыңдар. Өткен дыбыстарға байланысты сөздер айту керек.
Ша ..... (һар), ай ..... (даһар), жи ..... (һаз).
-Балалар жаңа біз қандай ойын ойнадық?
-Тақия сөзінде соңғы дыбыс қандай?
-Тақия сөзін буынға бөлейікші
Ендеше біз я дыбыс мен әрпімен таныстық.
Я дыбысы дауысты дыбыс. Ол созылып айтылады. Бәріміз айтып көрейікші. Олай болса, балалар, Я дыбысы қосарлы дыбыс й және а дыбыстарының қосарлануы арқылы естіліп тұр, бірақ жазуда я әрпін пайдаланамыз.
Я дыбысы - дауысты дыбыс. Сөздің көбіне басы мен ортасында кездеседі. Орыс тілінен енген яхта сөзінде сөз басында кездеседі.
№2 тапсырмасы: «Жұмбақтар әлемі» сайысы (топтастыру).
Қолы жоқ, сурет салады
Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз – мороз-)
Ақсақалды шал жылына
Бір-ақ рет келіп-кетеді
Қызы менен ұлына
Сыйлығын алып келеді. (Аяз ата- дед мороз)
Бірі – ыдысқа керек,
Бірі – жүріске керек. (Аяқ-нога-)
Ұрмай-соқпай жылатады
Әркім бірақ ұнатады. (Пияз)
Есек құлақты,
Ешкі құйрықты,
Мысық аяқты,
Көрдім жүйрікті.
(Қоян)
№3 тапсырма: «Буын ұйқас» (Тіл даму пәнімен байланыс)
Я – я – я
Құстар салды ұя,
Ян – ян – ян
Секеңдеген ақ қоян
Яз – яз – яз
Ащы екен пияз.
Яр-яр-яр
бақшада пісті... (қияр).
Яқ-яқ-яқ
тез жүреді..... (аяқ).
|
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Тақия тастамақ
Я я әрпі
Та-қи-я
|