Дәріс № 9 Сайлау жүйелері және сайлау
1. Сайлау жүйесінің мәні мен мазмұны
2. Заманауи сайлау жүйелерінің түрлері
Сайлау жүйесі, белгіленген уақытта заңға сәйкес өткізіліп отырады. Сайлау мәселесі – билік басына неғұрлым сенімді түрде қоғамның жақсы деген өкілдерін әкелу мүмкіндігі. Бірнеше кандидатураны ұсынған кезде жалпы сайлау арқылы саяси қайраткерлер мандатқа ие бола отырып сайлау науқанына қатысады. Демократиялық дәстүр дамыған елдерде билік органдарына сайлану міндетті болып саналады. Мұндай жүйе өзінің қаншалықты дәрежеде негізгі азаматтық және адамның негізгі бостандық құқын құрметтеуде құрылған қоғамдық ұйымды қамтамасыз ете алатынын көрсетті. Сайлау демократиялық саяси режимдегі саяси процестің маңызды орталық бөлігі болып табылады. Сайлаудың тиімділігі бірнеше экономикалық, әлеуметтік және рухани факторларға байланысты. Экономикалық қатынастар саласында – кәсіпкерліктің еркіндігін талап ететін жекеменшік қатынастар мен нарықтық қатынастардың дамуы. Экономикалық еркіндігі бар және жеке меншігі бар адмға демократиялық сайлау өзінің экономикалық қызығушылығын, мүддесін жоғалтып алмау үшін және қорғау үшін аса маңызды мәселе.
Әлеуметтік факторлардың ішіндегі маңызды қоғамның тұрақтылығын қолдайтын экономикалық жағдайы жағынан “ орта таптың ” қуатты болуын, өмір сүруін алға қоямыз. Сондай-ақ тұрғын халықтың белгілі бір территорияда тұрақты тұруы ( оседлость ), семьялық қатынастың тұрақтылығы, еңбек мәселесі де ескерілетін жағдай.
Рухани факторлардың негізі ретінде тиімді болуы үшін сайлауға халықтың тарихи – ұлттық бірлігін сезінуі, патриоттық сезім , заңға құрметтеушілік. Мемлекеттік жауапкершілік сезімін айтамыз. Мұнда халықтың саяси мәдениетінің, білімінің және оның демократиялық дәстүрінің жоғары болуы аса маңызды. Демократиялық сайлауға, оның тиімділігіне тағы бір тиімді қажетті шарттардың бірі тарихи дәстүрлермен бірге құрлымдық институттары бар күшті азаматтық қоғамның өмір сүруін айтуға болады: әлеуметтік мүдделердің көп түрлілілгін білдіретін көппартиялық жүйе, заңдық база. Бүгінгі күндегі сайлау процесі әлі де болса әлсіз жағдайда, толық дамыған жоқ, барлық шарттар сақталмайды. Сайлау кезінде сатып алушылық та кездеседі. Әрине бұл өтпелі кезеңнің бір элементтері де болады. Яғни бұндай қателіктер кетпей, сайлау дұрыс жолмен өтуі үшін сайлау өзіндік бір институт ретінде дамып алға шығу керек. Оны халық тікелей қолдап, дамуға өз үлестерін қосып ат салысса, айлау басқа да демократиялық елдердегідей дұрыс жолға түсер еді. Сайлау жалпы қандай елде болмасын тиімді, қажетті болып табылады. Өйткені біз басқалармен санаса аламыз, таңдау мүмкіндігіміз көбейеді, өз көзқарастарымызды білдіріп, сайлауға қатыса отырып, мемлекеттегі саяси процеске тікелей қатысып, өз үлесімізді қосамыз. Сайлау – ерекше саяси күрес болып табылады. Бұл процесс тікелей саяси билікке ұмтылу мәселесімен тығыз байланысты. Біздің елде де тәуелсіздік алғаннан бері бірнеше сайлау науқаны болып өтті. Мұнда демократиялық саясаттың талабына сай саяси партиялар мен қозғалыстар қатысты. Бұл біздің елдегі демократияның қалыптасуының алғы шарттары болып табылады. Сайлау кезіндегі басты ескеретін жай оның заңға, конституцияға сәйкес келуі.
Саяси билік органдарына сайлану дегеніміз басты мақсаты қоғамның ең қалаулы деген өкілдерін билікке, басқаруға ұсыну ғана емес, көптеген мыңызды әлеуметтік саяси функцияларды орындау болып табылады. Сайлау әртүрлі әлеуметтік топтардың артикуляциясының ерекше механизмі. Сайлау кезінде адамдар өмірлік маңызды мәселелерді терең сезінеді. Сондықтан да билік органдарына ұсынылатын кандидаттардың сайлау алдындағы бағдарламалары қысқаша әрі нұсқа түрде тұрғын халықтың әртүрлі топтарының маңызды әлеуметтік қажеттіліктерін білдіріп, мүдделерін қорғап, білімді қамтамасыз ету керек. Сайлау ерекше саяси рынок, онда кандидаттар өзінің бағдарламаларының орнына сайлаушылардың өкілеттігін алады. Бірақ мұнда тек ең қызықты бағдарламалар сайлаушылар үшін аса бағалы саналады. Сонымен бірге бұл рыноктағы “ валюта ” сеніммен әсер ету сияқты, яғни ерекше формальды емес адамдардың өзара қатынасы қасиеттер орын алады. Сайлау тұрғын топтардың мүдделерінің арасында бейбіт түрдегі бәсекелестікті жүргізеді.
Сайлау алдындағы күрес кезінде қарама – қайшы келетін саяси позицияларды бұқара халықтан қолдау табатын шешімдермен ауыстырады. Осы мақсатта сайлау институционализацияның басты бір тәсілдері ретінде және әлеуметтік қайшылықты шешетін әдістерінің бірі ретінде де болады. Сайлау күштеу, революцияға қарағанда қоғамдағы әлеуметтік – саяси қайшылықтарды қоғамға тән, сәйкес келетін формада шешетін тиімді әлеуметтік клапан болып табылады. Сайлау процесінде өкілдік қатынастардың пайда болуы мен институционализациясы сияқты маңызды функция атқарады. Қоғамның әрбір мүшесі қандай да бір әлеуметтік топтағы мүддесін білдіріп, билік органдарының өкілі бола алады. Сайлаудың функцияларының бірі ретінде сайлау компанияларының кезіндегі халықтың саяси қатысуының активизациясы, саяси социализациясы, жеке адамның ресоциолизациясын да айтуға болады.
Демократиялық сайлаулар бірқатар принциптермен анықталады – жалпыға белгілі нормалар, олар өте құнды болады, өйткені осылар сайлауды демократияландырады. Бұл принциптер дауыс беру құқығымен қамтамасыз етіледі, бұл әр елдерде әртүрлі болғанымен, оның негізгі белгісі адамның басты құқықтарының бірі – дауыс беруді қамтамсыз етеді. “ Дауыс беру құқығы ” – бұл ең негізгі құқық болып табылады, онсыз барлық негізгі құқықтардың мағынасы болмайды. Ол адамдарға индивид ретінде өз тағдырына бақылау жасайды. Дауыс беру адамзаттың ойлап тапқан ең қуатты инструменті болып табылады, ол әділетсіздік пен зұлымдықты, адамдардың бір – бірінен айырмашылығы үшін жазалағандарды құрту үшін шығарылған ” – деген АҚШ президенті Л.Джонсон сайлау құқы туралы айтқанда.
Әдебиет:
1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003
2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001
3.Байдельдинов Л. А. Теориялық саясаттану. А., 2005
Достарыңызбен бөлісу: |