Саясаттану глоссарий Абсентеизм


Лояльдық- өкіметті, оның заңдарын, қаулыларын қасиеттеу, орындау. Люмпен-



бет13/28
Дата12.12.2023
өлшемі74,53 Kb.
#196642
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Байланысты:
Глоссарий 2023

Лояльдық- өкіметті, оның заңдарын, қаулыларын қасиеттеу, орындау.
Люмпен-қоғамның азғындалған бөлігінің жалпылама аты. Оны қаңғыбастар, қайыршылар,жезөкшелер,қылмыскерлер және т.с.с. жатады.
Мажоритарлық жүйе-сайлау нәтижесінде үміткерлердің округ бойынша көпшілік дауыс беруі.
Макиавеллизм- алға қойған мақсатқа жету үшін амал-айланың қандай түрі болмасын пайдалану тәсілі.Оның негізін салған Италиянның саясаттанушысы Н.Макиавелли (1469-1527)елдің басын біріктіріп, бірлігін сақтау үшін патшаларға жауыздық жасауға да, күш сақтау үшін жұмсауға да кеңес береді.
Маманданған көпшілік- қоғамдық саяси өмірдің ең маңызды мәселелері жөнінде сайлаушылардың үштен екі немесе төрттен үшінің дауыс беруінің негізінде шешім қабылдау тәртібі.
Мандат-1.біреудің уәкілдігін куәландыратын құжат 2.қайсыбір жерде, елді мекенде елді басқару үшін берілетін құқық.
Манифест- 1.маңызды оқиға немесе шаралар туралы салтанатты жария ету, жоғарғы өкіметтің халыққа үндеуі. 2.Саяси партия, қоғамдық ұйымдардың және т.б. оң көзқарастарын, бағдарламаларын және шешімдерін баяндаған үндеуі.
Манифестация- бір іске, оқиғаға, билеушілердің саясатына тілектестігін не қарсылығын білдіру үшін көпшілік болып қыр көрсету.
Маргиналдар-белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар. Мысалы, ауылдан жұмыс іздеп қалаға келген жастар. Олар бір жағынан ауыл өмірінен қол үзген, екінші жағынан қаланың өмір салтын, мәдениетін игеріп, сіңбеген. Осылайша әредік жағдайға душар болады.Мұндайларды маргиналдар дейді. Олардың көбінің тұрақты тұратын орны жоқ,жұмыс орны да анықталмаған, белсенді саяси өмірге тартылмаған.Сондықтан олар қылмыс не басқа арандатушылық әрекеттерге оңай ілесіп кетеді.Маргиналдарға этникааралық, нәсіларалық некеге түскендер де жатады.Мысалы, метистер.
Марксизм-өзара байланысты философия, саяси экономика, ғылыми коммунизмнен тұратын ілім. Ол социалистік революция нәтижесінде пролетариат диктатурасын, екі кезеңнен тұратын коммунистік қоғамды орнатуды мақсат етті.Қоғамдық-экономикалық фоормация теориясын ашты. Ол бойынша жаңа өндіргіш күштер мен күші өткен өндірістік қатынастардың арасында жанжал шығып, әлеуметтік революцияға әкелді. Нәтижесінде бір формация екіншімен ауысады. Сонымен адамзат дамуының ең биік сатысы деп саналады. Дегенмен,марксизм әлеуметтік және саяси процестерге жеңіл-желпі, тұрпайы қарады, таптық мақсатқа жетуге қан төгісті тап күресіне басымдық берді, қоғам дамуының ағымына қарай икемділігі шамалы болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет