Консервативтік партиялар- қазіргі әлеуметтік өмірдің негізгі сипат, ереукшеліктерін тұрақты сақтап қалғысы келетін партиялар. Негізінен ірі буржуазияның мүддесін қорғайды. Әлеуметтік теңсіздікті сақтағысы келеді, азаматтық ар-намысты, пікір-таласты, ынтымақтастықты жақтайды.
Мысалы: АҚШ-тың Республикалық партиясы, Германияның Христиандық әлеумметтік одағымен Христиандық-демократиялық одағының блогы, Ұлыбританияның консервативтік партиясы.
Конституция- мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң.
Конституциялық сот-бірқатар елдерде конституциялық ережелердің бұрмаланбауын, басқа шығарылған заңдардың соған сәйкес келуін тексеретін сот органы.
Конфедерация-өздерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағы.Онда жалпыодақтық азаматтық немесе одаққа кірген мүшелердің бәрін міндетті түрде заң шығарушы билік болмайды. Оның алғаш шешімдері оған енген елдердің бекітуінен өтуі керек. Ол өмірде сирек кездеседі. Мысалы, ол 1848жылға дейін Швейцарияда,1778-1787 жылдары Солтүстік Америка штаттарында болды. Қазір соған ұқсас құрылымды Еуропалық Одақ құрмақ ойы бар.
Конфликт-қарама-қарсы күштердің, партиялардың, көзқарастардың, мақсат- мүдделердің бір-біріне қайшы келуі. Ол өрістеген кезде арты шешілмес қатты дау-жанжалға, ал саяси шиеленіс саяси дағдарысқа әкеліп соқтыруы мүмкін.
Конфликтология- әлеуметтік дау-жанжал, шиеленістердің мәнін, табиғатын, зардаптарынзерттеуге, оларды алдын-ала болжауға арналған ілім.
Конформизм – іштей келіспесе де, көпшіліктің ой-пікірі, көзқарастарын икемделу, әсіресе билік басындағы адамдардың ығына жығылып бейімделу.
Конфронтация-әлеуметтік-саяси жүйелердің, әскери одақтардың, мемлекеттердің арасындағы немесе бір елдің ішіндегі әр түрлі саяси күштердің қарама-қарсылығы.
Кооптация-белгілі бір сайланбалы органға қосымша жаңа мүшелерді сайлаушылардың дауыс беруінсіз осы органның шешімімен кіргізу.
Коррупция-1) мемлекеттік және саяси қайраткерлерді,министрлерді, парламент мүшелерін, шенеуніктерді және т.б. параға сатып алу; 2)лауазымды адамдардың жеке басын байыту мақсатында өз қылмыстық жолмен пайдалануы, парақорлығы, сатылғыштығы.
Көппартиялық- мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрі. Оның жағымды және жағымсыз жақтары бар. Жағымды жақтарына саяси мәселелер жан-жақты қаралады, үкіметті тиімді жұмыс істеуге мәжбүр етеді, бюрократияның өрістеуіне тежеу салынады. Бәсекеші партияны жеңу үшін партияның ішінде керекті тәртіп орнатылады.Саяси күресте кездейсоқ емес, шын мәнінде талантты адамдар шығып, басқарушы органдарға ұсынылады. Жағымсыз жағы- өмірдегі көп мәселелерге өз партиясының тұрғысынан ғана қарауы.
Күш қолданбау саясаты-саяси, әлеуметтік мәселелерді күш қолданбай шешуге тырысушылық.Оны жақтаушылар өз жұмысында адамгершілік, жалпы халықтық принциптерді басшылыққа алады.
Достарыңызбен бөлісу: |