Саясаттану оқУ-Әдістемелік кешені



бет26/75
Дата08.02.2022
өлшемі256,25 Kb.
#118340
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   75
Байланысты:
Саясаттану о У- дістемелік кешені

Билікқұрылымы дегенімізоның құрамы мен қозғаушы күші: биліктің субъектісі, объектісі, құралдары (ресурстары) мен белгіленген мақсатқа жету үшін осының барлығын қозғалысқа келтіруші үрдістер.
Әлеуметтік немесе ұлттық қауымдастықта таптар, жеке адам немесе топтар, мемлекет, үкімет және басқалар саяси биліктің субъектісі болып табылады.
Биліктің объектілері— жеке адамдар, олардыңбірлестіктері, топтар мен қауымдастықтар, таптар, қоғам, яғни жоғарыда тұрған саяси субъектінің іс-әрекеті бағытталатын адамдар мен органдар.
Билік қатынасының мәні мынада — субъект нұсқау береді де объектіге билікті орындауды міндеттейді, яғни бағынуды талап етеді.
Саяси билікке тән сипат — ол егемендікке ие болу. Ол әртүрлі саяси бағыт ұстанған субъектілер арасында бөлініске түсуі мүмкін емес. Егер елде көп партиялықпарламент пен коалициялық (үкімет) жұмыс жасайтын болса, онда билік келісім, ымыраласу негізінде жүзеге асырылады. Алайда олар бұл ретте бір ғана бағыт ұстануы керек. Екінші бір сипаты — оның заңға сәйкестігі (заңдылығы) болуы шарт. Адамның ниет-пиғылының заңға ауып тұратындығы арқасында басқарылатындар билікке сенуі қажет. Билік жариялы және заңға сәйкес болуы керек — сонда бұл тұғыры берік билік бола алады.
Билік жүргізу үрдісі биліктің арнайы механизмінің – ұйымдастыру жүйесінің, олардың құрылым нормалары мен іс-әрекетінің нәтижесінде тәртіпке келтіріледі және реттеледі. Бұл ретте: үстемдік, басқару, басшылық, ұйымдастыру мен бақылау маңызды рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет