Экономикалық — бұл қоғамдық өндіріс пен тұтынуға қажетті материалдық құндылықтар (ақша, өндіріс құрал-жабдықтары, құнарлы жерлер, пайдалы қазбалар, азық-түлік өнімдері және т.т.).
Әлеуметтік — билігі барлар пайдаланатын әр түрлі артықшылықтар: кадр саясаты, медициналық қызмет көрсету, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету және басқалар, яғни бұлар әлеуметтік жағдайлардың, дәрежелердің (рангілердің) ролін арттырады немесе төмендетеді.
Саяси күш көрсетушілік— бұл күшпен ырықсыз көндірудің құралы мен аппараты, осы мақсат үшін арнайы дайындалған адамдар. Мемлекетте олардың негізін әскер, сот, прокуратура, қауіпсіздік қызметі құрайды. Биліктің осы түрін әдетте биліқ жүргізудің өте тиімді көзі деп есептейді, өйткені оны пайдалану адамды аса жоғары құндылықтардан — өмірінен, бостандығы мен дүние-мүлкінен айыруға ықпал етеді.