Экономикалық билік -бұл дегеніміз экономикалық ресурстарға бақылау орнату. Әртүрлі материалдық құндылықтарға деген жеке меншіктілік.
Әлеуметтік билік. Егер экономикалық билік материалдық игіліктерді бөлуді өз иелігіне алса, әлеуметтік билік - әлеуметтік құрылымдардағы адамдардың жағдайын, статустарын, лауазымдарын, жеңілдіктері мен артықшылықтарын реттеп бөлуді қарастырады.
Рухани-ақпараттық билік -бұл ғылыми білім мен ақпараттың көмегі арқылы жүзеге асырылатын адамдарға билік жүргізу тәсілі. Білімге сүйенбей билік тиімді бола алмайды. Білім мемлекеттік шешімдерді дайындау, адамдардың санасына әсер ету (БАҚ, мектептер мен басқа да білім беру ассоциациялары) үшін пайдаланылады.