27
Ол уақытта қазіргідей мемлекет пен қоғамның арасында басқа саяси субъектлер
болған жоқ.
Қазіргі жағдай басқа. Қазір мемлекет пен қоғам арасында көптеген
демократиялық институттар бар, мысалы, әртүрлі қоғамдық ұйымдар, саяси
партиялар, сайлау комиссиялары және т.б.
Қазіргі кезеңдегі демократияның ұстанатын басты мақсаты
–
билікті
қалыптастырудың көзі халық болуында. АҚШ
-
тың он алтыншы президенті
Авраам Линкольндің айтуы бойынша: “Демократия: халық үшін сайланған
халық билігі”.
Қазір ежелгі антикалық уақытпен салыстырғанда демократия түсінігінің
ауқымы да, мазмұны да біраз кеңейді. Демократия қазір тек қана сайлау
мәселесімен шектелмейді. Қоғамдағы көптеген саяси процестер, саяси
құбылыстар, саяси қарым
-
қатынастар демократиялық ұстаным негізінде
сипатталады. Мысалы, мемлекеттің сипаты (типі, режимі) демократиялық
бағамен белгіленеді. Қоғамдық құрылымның мақсаты, идеалы, яғни қоғамның
даму бағыты
–
ол да демократия түсінігімен бағаланады. Қоғамда азаматтардың
теңдігі, құқығы, еркіндігі бар ма, жоқ па? Бұл да демократиямен сипатталып,
бағаланады.
Ал енді осы белгілердің барлығын: азаматтардың теңдігін, құқығын,
әділеттілікті, еркіндікті, әр адамның өзі қабілетін іске асыру мүмкіншілігін,
яғни, демократиялық ұстанымдарды қоғамда қалай орнықтыруы қажет, ол үшін
қандай жолдарды пайдалану керек? Бұның негізгі жолы
–
мемлекет билігін
демократиялық жолмен қалыптастыру.
Бұл жоғарыда аталған құндылықтарды ұйымдастыруға қабілеті бар билік
жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Яғни, халыққа қажетті тәртіптілікті билік арқылы орнықтыру. Егер
халықта сондай мүмкіншілік болса, бұл
-
демократияның бірінші белгісі.
«
Қазіргі кезеңдегі
Достарыңызбен бөлісу: