Саясаттану



Pdf көрінісі
бет24/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

Аристократия 
дегеніміз 

билік ақсүйектер өкілдерінің қолында 
болатын мемлекеттік басқару түрі. Аристократиялық және меритократиялық 
басқарудың шынайы демократияның негізін қалауына тарихи мүмкіндік болған 
еді. Бірақ тарихта билік басқаша жолмен орнықты. Құл иеленуші құрылыс 
ыдырағаннан кейін, (әсіресе Еуропа мемлекеттерінде) меншіктік қатынастар 
шиеленісе бастады, әлеуметтік топтар мен таптардың өзара қайшылығы 
күшейді, мемлекет билеушілер әулеті қалыптасты. Саяси билік құрып, 
мемлекет басқарып, оның өздері, әулеті үшін пайдалылығын, ұтымдылығын 
байқаған патшалар билікті мұра ретінде өз ұрпақтарына бере бастайды. 
Мысалы, Ежелгі Грекияда Іскендір Македон империясы пайда болды, Ежелгі 
Рим империясы орнықты. 
Бұл мемлекет басқару түрін саяси ғылымда монархия деп атайды. 
Монархия

мемлекеттің жоғарғы өкімет билігінің жеке дара билеушінің 
қолында болып, мұра ретінде кейінгі ұрпақтарына қалатын билік түрі. Бүкіл 
дүние жүзінде ғасырлар бойы осы монархия орнатылды. 
Сөйтіп, халықтың мемлекетті басқаруға қатысу мәселелері қиындай түсті

Әрине, бұған қарсы күресте көптеген ғалымдар мен әр елдің жаңашыл 
әлеуметтік топтары өз үлесін қосып келді. 
1265 жылы ғана демократиялық ұстаным енгізу жолында адамзат 
тарихында үлкен қадам жасалды. Осы жылы Англияның королі Генрих ІІІ 
ағылшын серілерінің (рыцарьларының) қысымы бойынша корольдің билігін 
шектейтін мемлекеттік орган 

парламент
құрылды. Парламент ол өкілетті 
орган. Ел азаматтарының әрқайсысы өздерінің топтарынан осы органға 
уәкілдер жіберетін болды. Нәтижесінде корольдің, яғни монархтың билігі 
шектеліп, король өз билігін халық өкілдерімен бөлісуге мәжбүр болды. 
«Парламент» деген сөздің негізі ағылшынша parlament 

“кеңесу” деген, 
французша 
--
parler “сөйлеу’ деген түсініктерді білдіреді. Парламент жоғарғы 
сайланбалы өкілдік және заң шығаратын мемлекеттік билік органы. Сонымен, 
тарихта корольдің бұрынғыдай жеке өзі шешім қабылдай алмайтын, 
парламенттің пікірімен санасуға тиіс болатын кезең туды. 
Парламенттің пайда болуының демократияның даму тарихында басты екі 
маңызы болды. Біріншіден, осыған дейін дүние жүзіндегі барлық елдерде 


31
мемлекет басқарудың тек бір ғана түрі 
-
монархия болған болса, енді екінші 
түрі пайда болды 

ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет