№1
1.
2.
3. Драманың ішкі түрлері: қаһармандық драма, саяси-әлеуметтік драма, тарихи-ғұмырнамалық драма. Қазіргі әдебиетте көріне бастаған психологиялық, лирикалық, дискуссиялық драмалар және инсценировка-пьесалар . Драмадағы жағдай мен қаһарманды саралап, салмақтап, дәйектеп алады да Рымғали Нұрғали «Қаһармандық драманы», «саяси-әлеуметтік драманы», «Ғұмырнамалық драманы» талдайды. Олардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін саралайды. Олардың көркемдік деңгейін заманауи талаптар тұрғысынан бағалайды.
Қаһармандық: "Қызыл сұңқарлар". Драма жанрын зерттеуші В.Фроловтың: «Каһармандық драма ерлік характерлердің психологиялық мәселе ретінде шешілгенде ғана автор адам жанының сырына терең бойлап, белгілі дәуірдің шыншыл да сом характерлерін жасағанда ғана қаһармандық драманың бағасын арта түспек»,- деген сөзі өте орынды.
Саяси-әлеуметтік: "Бақыт жолында"
Ғұмырнамалық драма. Қиын тағдыр кешкен, тарихта бедерлі із қалдырған жандар тұлгасы суреткер назарын өзіне жиі тартуы - өнердегі заңды құбылыс. Қашан да кесек мінез соқталы тартыс үстінде жақсы ашылмақ. Сондықтан белгілі адамдар ғұмырындағы бір қуаныш, бір жеңіс, бір жеңіліс қалауын тапқан жазушыға құлашты кең жаюға мүмкіндік берері хақ. Бүгінгі қазақ әдебиеті ауқымының кеңеюіне назар салғанда, тарихи ғұмырнамалық тақырыптың мол өрістеп отырғаны аңғарылады. Бұл творчестволық процесті суреткерлердің қазіргі заман проблемаларынан жалтара қашып, тайқи салуы, дағдарыс деп байлам жасай салу қателікке ұрындырар еді. Өнер, ғылым, экономика, қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы қазақ халқының қазіргі табыстарын қан жылаған қайғылы күндерді тұтас бірлікте қарау керек. Қазақ суреткерлерінің өткен-кеткен тарихқа, белгілі қайраткерлер ғұмырына шұқшия қарап, тесіле көз салуы бүгінгі социалистік қоғам биігінен, бүгінгі қазақ ұлты сапасының биігінен бағзы замандарды ұғыну, болашақ күндер кәдесіне жарарлық асылдарды іздеу қамы. Жалпы көркемдік шарттары, идеялық талаптар үстіне тарихи биографиялық объектіні қозғағанда, факті мен қиял, документ пен шығарма арақатысына байланысты қосалқы қиындықтар туады. Қазақ халқының қалыптасуы, XIX ғасырдың 30-40 жылдарындағы дүрбелең, Шоқан, Сұлтанмахмұт, Мәди өмірі - прозада осы алуандас кесеккесек кезеңдерді бейнелейтін романдар, тіпті романдар циклі шыға бастаса, драматургияда ғүмырнамалық - тарихи пьесалар ғана көрінді. "Абай", "Ақан сері - Ақтоқты" трагедиялары - қазақ драматургиясының классикасы, "Шоқан Уәлиханов", "Ыбырай Алтынсарин" өмірлік материалды қорыту жөніне ұқсас пьесалар. Ә. Тәжібаевтың драматургиядағы озық туындысы - "Майра", қазір сахнаға Жаяу Мұса, Ғани Мұратбаев, Ілияс Жансүгіров жайлы дүниелер келді, Сәкен Сейфуллин туралы төрт пьеса бар. Бұл фактілер А.В. Луначарскийдің: "Халық өз тарихын білуі керек, бұл жолда театр оның ұлы көмекшісі. Театрдың қасиетті міндеттерінің бірі - өткен замандарды жанды, дәл һәм есерлі қалыпта бейнелеуі екендігінде сөз жоқ", - деген пікірін тиянақтай түссе керек.
Психологиялық: Қазақ драматургиясының бүгінгі дамуындағы жақсы бір құбылыс – адам психологиясын ашуға ұмтылу екендігіне Зейіш Шашкиннің «Ақын жүрегі» пьесасы жақсы айғақ бола алады.
Лирикалық: Авторлық мұратқа, кейіпкер тұрпатына сәйкес стильдік бояумен жазылған «Қыз бен солдат» пьесасы өлеңдік формасымен даралануы өз алдына, өмірлік материалы, тақырыбы жөнінен де елеулі драма.
Инсценировка: "Шекарада".Максим Горький: "Мен жалпы инсценировкаға қарсымын" - дегенде, театр қажетгілігінен, белгілі шығармалардағы кейіпкерлерді көзбен көру талабынан туған жаңа формаларға теріс қараған жоқ, классикалық туындыларды орынсыз бұрмалауға, ретсіз қидалауға наразылық білдірген.
1.Діңгек [Мәтін] / Р. Нұрғали.
1-ші том / ред. А. Социалқызы ; суретші Қ. Каметов. - Алматы : Арда, 2009. - 588 б. - Қорытынды: 324-325 б. - Әдебиеттердің қысқаша көрсеткіші: 326-327 б. - Түсініктер: 328 б.
2.
Достарыңызбен бөлісу: |