Саяси партиялар: Большевиктер, кадеттер, әлеуметтік революционерлер, «Алаш» «Шуро-и-исламия» Шуро-и-улемия» және т б. тақырыптар бойынша ғылыми зерттеу жобасын әзірлеу
Саяси партиялар: Большевиктер, кадеттер, әлеуметтік революционерлер, «Алаш» «Шуро-И-Исламия» Шуро-И-Улемия» және т.б. тақырыптар бойынша ғылыми зерттеу жобасын әзірлеу
Большевиктер
Большевиктік баспасөз – В.И.Ленин, большевиктік партия ұйымдастырған жаңа тұрпатты революциялық баспасөз. Оған большевизм пайда болғаннан бергі барлық партиялық баспасөз бен кітап басып шығару ісі жатады.
Кадеттер
Кадет партиясы – Ресейде 1905-1917 жылдары жұмыс істеген конституциялық-демократиялық партия. Бұл партия құрамында Ә.Бөкейхан болған. Оның «Мен Кадет партиясынан неге шықтым?» деген мақаласы бар. Бұл мақаласында ол «Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз Алаш ұранды жұрт жиылып, ұлт автономиясын тікпек болдық» дей келеді де Кадет партиясының жолы ұлттық мемлекет жолымен қиыспайтынын айтып: «Мен сонан соң қазаққа Алаш партиясын ашуға тырыстым. Мұны мен июльдегі Жалпықазақ сиезінде айтқан едім» деген болатын.
Алаш партиясы
1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және съез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ зияларының ғылыми жұмыстарымен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару әрекетімен де, көркем әдебиетімен де айналысқанын көруге болады. «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасындағы тоғызыншы тарауда «Ғылым-білім үйрету» жөнінде
- оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы;
- газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік – деп көрсетілген.
1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ съезі өтеді. Съездегі қаралған аса маңызды мәселелер: қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б..
Шуро-Уль-Исламия
ШУРО-и-ИСЛАМИЯ”, Ислам кеңесі – қоғамдық-саяси ұйым.
1917 жыл 14 наурызда Ташкентте құрылған. Ақпан революциясынан кейін қалыптасқан саяси ахуал жағдайында Түркістан өлкесі мұсылмандарының іс-әрекеттерін үйлестіру мақсатында олардың арасында ағартушылық жұмысын жүргізе түсу керек деп санаған “ ШУРО-и-ИСЛАМИЯ ” ұйымының 15 адамнан тұратын басқармасы болды. Оның құрамына Абувахид Қари, Мүнауар Қари, К.Бобоходжаев, У.Ходжаев, К.Төгісов, т.б. қайраткерлер енді. “ ШУРО-и-ИСЛАМИЯ ” ұйымы Түркістан өлкесіндегі көптеген елді мекендерде өз бөлімшелерін ашты. Соның ішінде Қазалы қ-нда “ ШУРО-и-ИСЛАМИЯ ” ұйымының ашылуына Төгісов ат салысты. Бүкілресейлік мұсылман съезінің өткізіліп, онда Бүкілресейлік мұсылман кеңесінің құрылуына “ ШУРО-и-ИСЛАМИЯ.” қолдаушылық танытты. Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесімен тығыз байланыста болып, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қызу әзірлік жұмыстарын жүргізді. Ташкенттегі жұмысшы-солдат депутаттары кеңесінің бар билікті қолына алуға талпынуына қарсылық көрсетіп, Түркістан автономиясының жариялануын жақтады. 1918 жылы көктемде кеңестік биліктің шешіміне орай “ ШУРО-и-ИСЛАМИЯ.” ұйымы заңнан тыс деп жарияланып, таратылды
Шуро-Уль-Улемия
Шуро-и-улемия
Шуро-и-Улемия
1917 жылы 21-31 маусымда Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесінің шешімімен Қазанда (мұсылман дін басыларының (улема) және мұсылман әскерлерінің съездерімен қатарлас) ІІ Бүкілресейлік мұсылмандар съезі өтті.
Форумға барлық мұсылман халықтарынан 260-тан аса делегаттар қатысты. Түркістаннан түркістандық әскери ұйымның[8] (1917 жылы сәуірде құрылған) өкілі Сабыржан Юсупов және Убайдулла Хожаев қатысты, ол съезд Төралқасына сайланды және Түркістандағы саяси-экономикалық ахуалды талдауға арналған баяндама жасады. Онда Убайдулла Хожаев мынадай көкейтесті мәселелерге жете тоқталды: мақта мәселесі, Жетісу оқиғалары, ақпан революциясы және Түркістан, жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері, өлкенің мұсылман халықтары және т.б.
Жергілікті зиялы қауым өкілдерінің біраз бөлігі “ Шуро –и-Улема” ұйымының бой көтеріп, қоғамдық өмірге араласуын Уақытша үкімет жағдайында өлкедегі түркі-мұсылман халықтарының талап-тілектерін жүзеге асыруда кедергі келтіреді, осы мақсат жолында ұлттық саяси күштердің бірлесе әрекет етуге деген талпынысының тежелуіне, олардың ара- жігінің ажырай түсуіне әкеліп соқтырады деп санады. Мұндай пікір “ Шуро –и-Улема” ұйымының Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесінің шешімдеріне мойынұсынбауына және “ Шуро –и- исламия ” ұйымымен қатынасының шиеленісуіне байланысты туындады. Ташкент қаласының думасы сайлауы кезінде “ Шуро –и-Улема” “ Шуро –и- Исламия ” ұйымының басты бәсекелесіне айналып, жеңіп шықты. Ташкент қаладумасына ұсынылған “ Шуро –и-Улема” тізімінде Самарқанд облысының бұрынғы әскери губернаторы Лыкошин секілді өкілдер де бар еді. Қалалық думаға ескі билік шенеуніктерінің ұсынылуы ұлттық демокругі күштердің ғана емес, өлкедегі еуропалық тұрғындар арасында кең қанат жайған либералды және солшыл радикалды топтардың да наразылық білдіруіне алып келді.