§ 3. Қазақстандағы көппартнялықтың қалыптасуы XX ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық саяси және әлеуметтік жағдайы ауырлап кетті. Ресейдің отаршылдық езгісі күшейе берді, одан қоныс аударған қоныс аударушылар қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алуын көбейтті халықтың жағдайы төмендей түсті. Сондықтан қазақтың зиялылары тығырықтан шығудың жолын іздеді. Алғашында олар үміттсрін Ресейдің кадет партиясына артты. 1905 жылдың желтоқсанында Орал қаласында А. Бөкейхановтың бастауымсн 5 облысының "делегаттар съезі" шақырылды. Онда кадет партиясының бөлімі (филиалы) құрылып, сол партияның бағдарламасын кабылдады. Бірақ кадеттер болсын, уақытша үкімет болсын 1917 жылдың ақпан революциясынан кейін де біздің өңіріміздегі ұлттық, аграрлық және т.б. мәселелерді шешуге тырыспады. Ал қазақтардың өзін-өзі билеуі немесе автономиясы туралы сөз де қозғалмады. Осының бәрі А. Бөкейхановты кадет партиясынан шығып, жана "Алаш" партиясын құруға мәжбүр етті. Ол туралы "Қазақ" газетінің 1917 жылғы 256-санында арнайы мақала шықты.
Бірінші бүкілқазақтың съезд Орынборда 1917 жылы шілденің 21-26 арасында өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Бірақ делегаттар басты назарды ұлттық автономия жер құрылтай жиналысын дайындау және қазақтың саяси партиясын құру мәселелеріне аударды.
1917 жылы 21 қазанда "Қазақ" газетінде "Алаш" партиясы бағдарламасының жобасы басылып шықты. Оның ең маңызды баптарына мыналар жатады: Ресей демократиялық федеративтік республика, ал оған кіретін мемлекеттер тәуелсіз болуы керек; Ре-сей республикасында дініне, шыққан тегіне, жынысына қарамай бәрі де тең; онда тендік, жеке адамның дербес құқылығы, сөз, баспасөз, одақтар еркіндігі қолданылады; дін мемлекеттен бөлінеді, барлық діндер тең қазақтардың өзіндік муфтияты болуы керек; билік пен сот әр халықтың ерекшелігіне сай құрылуы, би мен қазы жергілікті халықтың тілін білуі тиіс, барлық оқу орындарында акысыз білім және ол барлық адамдардың игілігі болуы керек және басқалар.
1917 жылы желтоқсан айының бас кезінде Орынборда екінші жалпы қазақтың съезі шақырылды. Онда Алашорда үкіметі құрылды. Басшысы болып А. Бөкейханов сайланды. Бірақ ол үкіметтің өмірі қысқа болды да, мақсатына жете алмады. 1918 жылы қарашада Алашорда үкіметі кеңестік әскерлердің күшімен талқандалды, "Алаш" партиясының басшылары мен мүшелері репрессияға ұшырады.
"Алаш" партиясы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері (В.Григорьев, П.Пахмурный, А.Сармурзин) бұрынғы коммунистік идеологияның тұрғысынан оны "буржуазиялық-ұлтшыл" партия ретінде қарайды. Екіншілері (М.Қозыбаев, М.Койгелдиев) оны ұлттық-демократиялық партия деп санайды. Шынында да, алаштықтар капитализмді кұру немесе тек таза ұлттық мемлекетті орнатуды өздеріне бағдарламалық мұрат етіп койған жоқ. Олар саяси еркіндікті аңсады, өркениетті адамгершілікті қоғам құрғылары келді. Бұл буржуазиялық-ұлтшылдық емес, жалпы демократиялық мақсатқа жатады.
"Алаш" теориясы сияқты 1917 жылдың күзінде Қазақстанда "Үш жүз" деген партия кұрылды. Оның басшысы Қ.Тоғысов деген болатын. Ол большевиктерге бағдар ұстап, "Алаш" партиясының басты оппоненті болды.
1918 жылы 1 каңтарда Семейде большевиктердің партия ұйымы құрылды. Ал Кеңес өкіметі кезінде, көпшілікке белгілі, жалғыз басқарушы партия СОКП болды.
Қазақстан тарихында шұғыл бетбұрыс болып, өшпес із қалдырған Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Ол жалғыз біздің елді ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағына кірген елдердің барлығын дүр сілкіндірді. Қазақ жастары бірінші болып "орталықтың" отаршыл саясаты мен әкімшіл-әміршіл жүйесіне ашық қарсылық білдіріп, тайсалмастан, батыл шеруге шықты. Бұл көтеріліс азаттық жолындағы күреске, жаңа саяси ұйымдар мен қозғалыстардың пайда болуына түрткі болды. 1987 жылы шілдеде СОКП Орталық Комитетінің қазақ халқын ұлтшыл деп кінәлаған қаулысы жағдайды одан әрі асқындырып жіберді. Қазақтың ұлттық санасын дамыту, өзінің шықкан тегіне бет бұру, тілін, дінін, ұлтгық мәдениетін дамыту керектігін дәлелдеп, алға тартып бастамашы топтар пайда бола бастады. Осы мәселелерді бірінші болып көтерген "Желтоқсан" қозғалысы дүниеге келді, кейін (1990ж. мамырда) соның негізінде осы аттас партия құрылды.
Республиканың саяси өмірінде "Қазақ ССР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы" заңы айтарлықтай рөл атқарды. Ол азаматтарға қоғамды құйымдар құру еркіндігіне кепілдік берді. Бейресми саяси партиялар мен бірлестіктер заңды жұмыс істеуіне мәртебе алды. Олар тіркеуден өткеннен кейін халық, депутаттығына талапкерлерді ұсынуға құқылы.
Республикадағы алғашқы қоғамдық-саяси құрылымдар Коммунистік партияға оппозиция ретінде пайда болды. Кейінірек, тәуелсіздікті алып, жаңа конституцияға дайындыққа байланысты саяси күрестің басты мәселелері болып азаматтық, мемлекеттік тіл, жердің жеке меншікке сатылуы және т.б. қойылды.
Егер Республика аумағында белді рөл атқарған (көбі әлі де атқарып жүрген) бірнеше партиялардың бағыт-бағдарламаларына, іс-әрекеттеріне тоқталсақ, олар мыналар: