РОЛЬ ТВОРЧЕСКОГО ВЫМЫСЛА И БРЕНДА КАЗАХСТАНА В РАЗВИТИИ
НАУЧНОЙ ФАНТАСТИКИ
На современном этапе всемирной глобализации Казахстан превращается не только в
крупную культурную и научно-техническую страну с мировым именем, но и в страну
мирового туризма.
Это во многом объясняется богатыми историческими и культурными традициями,
составляющими прочную основу единства и духовности народа Казахстана, привлекающими
в нашу молодую республику с каждым годом все большое количество иностранных
туристов. Именно эти факторы: история, культура, неповторимый природный ландшафт,
мифы и легенды, обряды и традиции, – играют основополагающую роль в формировании и
продвижении имиджа Казахстана на мировой арене.
С бурным развитием мировых связей Казахстана все ныне знают наших героев, как
вымышленных, сказочно-фольклорных – Ер Тостик, Кобланды батыр, Алпамыс батыр, Кыз
Жибек, Козы Корпеш, Баян Слу, – так и реальных, исторических: Бауыржан Момышулы,
Рахымжан Кошкарбаев, Алия Молдагулова, Маншук Маметова.
Особую роль в развитии имиджа всегда играет творческий вымысел и исторический
бренд. Именно поэтому многие казахстанские фирмы и организации продумывают свой
фирменный стиль и слоган в соответствии с национальными символами. Вершиной всех
символов и брендов являются символ сокола, летящего под солнцем, звезда, барс (символ
нашего города). Они давно стали брендом, отличительным знаком нашей казахской
государственности и нашей древней культуры.
Роль вымысла, творческой фантазии народа, несомненно, сказывается в литературе,
искусстве, кино. Это также важно для зарубежных исследователей. Не случайно, один из
замечательных наших писателей, А.Х. Мархабаев основным своим креативным источником
считает казахский фольклор, небылицы (өтірік өлең), сказки, забавные детские песенки и
приключения.
140
Казахский народ всегда славился своими сказочно-фантастическими персонажами. Этот
фактор считается наиболее важным в привлечении иностранных туристов, постигающих
душу народа, специфику его мировоззрения, красоту его отношения к действительности.
Само собой, разумеется, что бренды Казахстана имеют долговечный, перспективный для
многочисленных PR-технологий материал. Им часто и эффективно пользуются все
телеканалы, радиопрограммы, обложки журналов, газеты, на титульных листах которых мы
неизменно встречаем национальные образы и символы, фирменные стили, фольклорные
цитаты, пословицы и поговорки, высказывания великих казахских поэтов и мыслителей. Все
это создает богатое поле функционирования национального материала в формате
современной активной социальной коммуникации пользователей, в том числе и –
иностранных пользователей.
Какова же роль вымысла в развитии туризма? Она – чисто творческая, привлекающая,
ненавязчивая, обеспечивающая наибольший эффект коммуникативности, международного
культурного взаимодействия. Ведь хорошо известно, что во многих странах туризм является
самой доходной сферой государства.
Социальная и культурная специфика вымысла состоит в том, что он создает
демократическое поле взаимодействия между потребителем, независимо от страны
проживания, вероисповедания, национальности и национальным субъектом – источником и
носителем важного культурного концепта, национального бренда. Вместе с тем, она –
репрезентирует нашу страну, наш народ, творческую особенность автора, создавшего тот
или иной образ или логотип.
Бренд – устойчивая культурно-экономическая категория. Это, в отличие от вымысла, уже
заявленный знак, устоявший во времени, почти неподдающийся любой деформации.
Самыми известными казахстанскими брендами являются каток Медеу и бор Кокчетау
(Боровое, Бурабай), озёра Алаколь, Кольсай и Жасыбай, курорт Сары-Агаш, наши
прекрасные алматинские горы. Они все больше и больше привлекают туристов своим
богатейшим природным разнообразием, народной историей, широко известной
гостеприимностью казахстанцев. Символы-бренды: барс, беркут, тулпар, волк-тотем
древнетюркской культуры, лебеди, гуси, улары и т.д., – богаты внутренней культурной
семантикой. Они неразрывно связаны с мифами, легендами, древним фольклором, а также –
с казахским эпосом, сказками и небылицами. Огромное значение для восприятия нашей
национальной психологии имеет и цветовая символика: голубой цвет неба, нашего
государственного флага соотносится с представлением о небе, о Вечном Эле
(государственности), о которой мечтали древнетюркские правители и полководцы. Эта идея
на сегодняшний день стала основополагающей для стратегии развития нашего государства и
для его окончательного утверждения в мировом сообществе. Вот почему такой интерес
вызывают национальная история казахов и национальные древние образы. Они, несомненно,
привлекают к себе внимание не только зарубежных ученых, интересующимся нашим
богатым прошлым, но и простых иностранцев, впервые открывающих для себя казахский
народ, казахскую культуру, которая, к их удивлению, оказывается более древней, и –
одновременно – вечно молодой. Она – подлинная лаборатория культуры, музей под
открытым небом.
Казахстан обладает большим духовным сокровищем и большими природными ресурсами.
Задача туристских центров – максимально использовать казахские символы, разрабатывать
наши бренды, обладающие огромным эстетическим, культурно-нравственным потенциалом.
По образности, красочности, по богатству, думается, Казахстан является самым
неисчерпаемым источником этих природных и растительных символов.
Будущее нашего пиара, безусловно, упирается в народное знание, народный вымысел, в
устоявшиеся символы и национальные бренды, поэтому наша задача – максимально
сохранить, развить, популяризировать материальное и нематериальное культурное наследие
нашего народа. На этом строится и культурная политика и стратегия культурного развития
нашего государства.
141
Молдахметова
М.
ҚазҰУ магистранты
КІТАПТЫҢ ТАРИХ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ
Қазақ xалқының бай қазынасы, руxани асыл мұрасы қазақ кiтаптарының сарқылмас
сəулесi сан ғасырлар бойы қиын жолдардан өтiп, адам өмiрiн құнды етуде. Халық айнасы
болып саналатын қазақ кiтаптарында тариxи оқиғалар, құбылыстар, ғылыми бiлiмдер,
ұрпақтардың сан ғасырлық тəжiрибесi, қазақ жанының нəзiк сезiмдерi мен иiрiмдерi, жалпы
қазақ мəдениетi сомдалады. Оларда адамзаттың жарық жұлдыздары – ұлы ұстаздардың
кемеңгерлiк ойлары, даналық сөздерi, мəңгiлiк өсиеттерi, əлеуметтiк жəне ұлттық
бостандық, демократия, ғылыми жəне мəдени прогресс жолын таңдап алған xалықтардың
сөнбес үмiтi, асыл армандары мен атқарған ұлағаты iстерi бар. Қазақ ұлтының кемеңгер
ақыны М. Жұмабаевтың руxани ұстаздарының бiрi С. Малларме “Əлем кiтап беттерiне
жазылу үшiн жаратылған” деп тегiн айтпаса керек. Кітаптың бағасы мен маңызын
жоғарыда талай мысалдар арқылы айтып өттік. Ал, сол кітап ісімен айналысатын саланың
тарихы туралы тоқталып өтпесек үлкен ағаттық болар.
Кiтап мəдениетiнiң əлемдiк өркениеттерде дамуы, оның қалыптасу тариxы тас ғасырынан
тамыр тартады. Ұрпақтарға мирас болған таңбалар, көне мəдениетiмiздiң бастау бұлағы –
таңбалы тастағы бейнелер. Мұны ежелгi ата-бабаларымыздың аманаты десек те болады.
Оларды петроглиф (тас жəне қашау) деп атаған. Жазу өнерiнiң бастапқы түрi болып
табылатын бұл таңбалардың сан алуан бояулармен əрлендiргенге дейiнгi ұзақ даму сырлары
бар. Тастағы жазулар бiздiң баға жетпес асыл қазынамыз, бүгiнгi жазу мен өнерiмiздiң бастау
көзi. Осы жазу-сызу арқылы пайда болған кiтап адамзат мəдениетiнiң дамуына барынша үлес
қосып келе жатыр. Кiтап басу iсiнiң пайда болуы адамзат тариxындағы мəдени-саяси оқиға
болды. Ресей тариxшысы И. Карамзин бұл жайында: “Адамзаттың ақыл-ой тариxы екi ұлы
дəуiрдi бiледi: бiрiншiсi, əрiптердi ойлап табу болса, екiншiсi баспаxананы ұйымдастыру. Ал
басқа табыстары – осы екеуiнiң нəтижесi” дедi. Ал неміс ғалымы Георг Кристоф
Лихтенберг “Əлемді алтыннан гөрі қорғасын өзгертті, оқтағы қорғасын емес, типография
литеріндегі қорғасын”деп айтқан болатын. Осыған қарап кітаптың келуі ұлы төңкеріс болды
деп айтар едім. Əлемде сонау ХV ғасырда кітап деген жаңалық еніп жатқанда, қазақ даласы
өз ұлтын енді ғана құшағына алып, бауырына басып жатқан еді. Қаншама тарихи кезеңдерді
артқа тастап, төрт ғасырдан соң қазақтың тұңғыш кітабы «Сейфүлмəлік» жарық көрді. Ол
1807 жылы баспаханалық тəсілмен тұңғыш қазақ оқырманына жол тартты. Сол себепті де,
«Сейфүлмəлік» дастаны қазақ кітап басу ісінің төлбасы сынды көзімізге ыстық көрінеді.
Дегенмен, осындай бірқатар қисса мен дастандар бірінен соң бірін жарық көргенімен, ол
заманда қазақ даласында нақты баспа жұмысы қолға алынбады. Кейін ХХ ғасыр басында
ғана алғашқы баспалар бой көтере бастады.
1917 жылдан кейін бүкілкеңестік республикалар сияқты Қазақ КСР-інде де кітап баспа
ісін жолға қою аса қиын, қоғамдық-саяси өмірдің қайшылыққа толы жағдайында
қалыптасты. Бұл кезеңде бір жағынан халықтың жанқиярлық ерлік ісімен қатар өктемдік пен
төрешілдік, екінші жағынан сталинизм уақытындағы жаппай қылмыс жасау, мемлекеттік
басқарудағы аса ірі қателіктер мен келеңсіздіктер орын алды. Қазақ кітап тарихының осы
уақытқа дейін аз зерттелген мəселелерінің бірі — өткен ғасырдың 20-30-жылдар арасындағы
қазақ зиялыларының ұлттық баспа ісін дамыту рөлі. Осы кезеңде мəдени құрылыс пен оқу-
ағарту ісінің мақсаты баспа ісін ұйымдастыру болды. Ұлттық баспа ісінің қалыптасуына,
оның нығаюына зор үлес қосқандар – А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Н.Төреқұлұлы,
Х.Досмұхамедұлы, Ə.Бөкейханұлы, С.Сейфуллин жəне т. б. болды. Қазақ Автономиялық
Республикасының мемлекеттік баспасы 1920 жылдың қарашасында ұйымдастырылды. Оны
құру туралы мəселе сол жылдың 4-12 қазанында өткен Қазақ АКСР Кеңесінің Құрылтай
съезінде қабылданды. Бұл съезде республика үкіметі мен мемлекеттік органдары құрылды.
Сонымен қатар съездің шешімінде: «...Ағарту комиссариатының іс-шараларын өмірге ендіру
142
үшін Халық ағарту комиссариаты жанынан мемлекеттік баспа ұйымдастыру қажет», — деп
атап көрсетілді.
1920 жылдың 3 қарашасында Қазақ Орталық Атқару Комитеті өзінің кезекті мəжілісінде
ұлттық мемлекеттік баспа туралы Ереже қабылдады. Бұл құжатта баспаның құқықтары мен
міндеттері айқындалды. Ережеде былай делінді: «...бір орталықтан идеялық басшылық жасау
жəне əдеби-баспагерлік ісі мен үгіт-насихат қызметін іске асыру, жергілікті орындарға
əдебиеттер мен ақпараттық байланыстар бөлінісін реттеу мақсатында құрылды».
Мемлекеттік баспа Қазақ Республикасының үкіметіне тікелей бағынышты болды. Сөйтіп,
республикада алғаш рет ресми баспа ұйымы құрылды. Баспа редакция алқасы құрамына А.
Байтұрсынұлы, Ə. Бөкейханұлы, С. Садуақасов, Х. Болғанбаев, Ж. Аймауытұлы кірді.
«Белгілі əзірлік жұмысынан кейін редакция алқасы қазақ мектептері үшін кітап тапшылығын
жою мақсатымен жұмыс жоспарын белгілеуге жиналды, — деп жазады зерттеуші В. С.
Познанский. Осы уақытқа дейін мұқият жабық болып келген құжаттармен танысудан кейін
оңалмас буржуазияшыл ұлтшылдар деп жарияланған адамдар, дұшпандық идеологияны
тықпалап, зиянкестік жасамағанын, қайта пайдалы іспен — өз халқын оқыту-ағарту ісімен
шұғылданғанын айқын көрсетеді».
Редакция алқасы 1921 жылы 31 қаңтарда өткізген
мəжілісінде қазақ тілінде оқулықтар дайындау жəне шығару жөнінде шаралар белгіледі.
Мектепте өтілетін пəндер бойынша оқулықтардың қолжазбаларын жазатын авторлардың
тізімі бекітілді. Біріккен кеңестің мəжілісін А. Байтұрсынұлы басқарған.
1921 жылы ақпанда өткен Республика Орталық Атқару Комитетінің бірінші сессиясында
жасаған баяндамасында С.Меңдешов Республикада кітап баспасының құрылуын жоғары
бағалап, Орталық Атқару Комитетінің жүзеге асырған ірі шараларының бірі – мемлекеттік
баспаның құрылуы болды деп атап көрсетті. Тұңғыш қазақ тіліндегі оқулықтар шығарыла
бастады. Өйткені, оларға сұраныс өте жоғары еді. 1921 жылы баспа үлкен қиыншылықпен А.
Байтұрсыновтың «Тіл құралы» атты оқулығын басып шығарды. Ол кейін Орынбор,
Қызылорда, Ташкентте бірнеше рет қайта басылды. Сондай-ақ, кесінді əліппе, өлшеу, салмақ
таблицаларын шығаруға Қазмембаспаның қолы жетті. Бұл жаңадан құрылған баспаның ең
алғашқы қазақ кітаптары еді. Орыс тілінде Қазақ АКСР кеңесі ІІ съезі шешімдері жəне
қаулысы жарық көрді.
Бірақ, қиындық жеткілікті еді. Баспаханаларда қағаз, қаріптер,
бояулар, құрал-жабдықтар, тағы басқалар жетіспейтін. Даярлықтан өткен мамандар аз,
əсіресе, араб қарпімен мəтін терушілер жоқтың қасы болатын. Бұл жағдай туралы баспаның
сол кездегі меңгерушісі А. К. Бочагов былай деп жазған: «Технический аппарат в крае
крайне слаб. Часть типографий уничтожена, шрифты затоплены в колодцах отступившими
белогвардейцами, машины износились, материалов мало, удовлетворить потребности
республики при таких условиях невозможно, особенно в мусульманских изданиях».
Мемлекеттік баспаның Бас басқармасы 1922 жылғы 30 қазандағы есебінде: «əр түрлі
қаріптердің жоқтығынан оқулықтарды басу мүмкін болмады, сондықтан техникалық
орындалуы жеңіл – пьесалар, кітапшалар жəне басқа жұмыстарды алуға тура келді. Баспа ісі
ұлттық авторлардың жоқтығынан да ақсады» деп көрсетілген. Шын мəнінде қазақ
мемлекеттік баспасы құрылған алғашқы жылы қазақ тілінде бірде-бір қолжазба (насихаттық
əдебиеттерден басқа) болған жоқ, оқулықтар мүлдем шығарылмады. Ең қиын мəселенің бірі
– баспа төңірегінде шығармашылық іскер авторлар мен аудармашы тобын құру болды.
Қазмембаспа ұлттық авторларды қазақ тілінде қолжазбаға дайындау, шығатын кітап санын
көбейту үшін «Еңбекші қазақ» (1922, 31 қазан) газеті арқылы «Қазақ жазушыларына» жəне
«Қазақ əдебиетін сүюшілерге, əдебиетшілерге, барлық қазақ ақындарына» деген үндеу
жолдаған. Оларды қазақ мектептері үшін оқу құралдарымен, оқулық даярлауға белсенді
қатысуға, фольклорды көбірек жинауға шақырған. «Лəзім болса қазақ жазушылары негізгі өз
жұмысымен шұғылдануымен бірге өздерінің бар қолжазбаларын, көне халық əдебиеті
бойынша материалдарын баспаға жіберсін» делінген. Осылар жөнінде А. К. Бочагов өзінің
«Бастапқы кезде» деген естелігінде əсерлі де, шыншыл əңгімелейді. 1921 жылы оны
Орынборға шақырып, Қазмембаспаның меңгерушісі етіп тағайындайды. 1930 жылдары ол
Орынбор педагогика институтының ректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
143
болады. Оның оншақты кітаптары мен кітапшалары жарық көрді. Міне, ол «Бастапқы кезде»
деген естелігінде (Алматы, 1972 жыл) былай деп жазды: «Кəсіби мамандардың, əсіресе əріп
терушілердің жетіспейтіндігі анық байқалады. Теру бөлімінде татарлар істейтін. Бұлар өз
істерінің шеберлері еді, бірақ олар аз болатын, біз əріп теруге қазақ жолдастарды қалайша
тез, пішімді даярлауды ойластыра бастадық.
1922 жылдың бас кезінде баспахананың жанынан қазақ əріп терушілерді даярлау жөнінде
қысқа мерзімді курстар ашылды. Оларда 20 адам оқыды. Олардың бəрін цехқа жіберіп,
тəжірибелі əріп терушілерге бекітіп, мамандыққа жұмыс процессі үстінде үйреткен.
Оқушыларға теориялық білім аз берілді. Соған қарамастан біз олардың сауатын арттыруға
тырыстық. Төрт-бес ай өтер-өтпестен оқушылардың көбісі əріп теру ісіне белсене қатыса
бастады». Полиграфиялық базаның негізін құру үшін арнайы шаралар қабылданды.
1921 жылы Орынборда 10 баспахана болған, оның жетеуі мемлекет мүлкіне
айналдырылып губерниялық комитеттің полиграфиялық бөліміне берілді. 1922 жылы 18
ақпанда «Еңбек жəне қорғаныс кеңесі полиграфия өнеркəсібінің сақталуы жəне онан ары
дамуы туралы» шешім қабылдады. Сол жылдың наурыз айында Қазақ АКСР Халық
Комиссарлар Кеңесі № 3 баспахананы Қазмембаспаның қарамағына беру туралы қаулы
шығарды. Осы қаулымен №1 баспахананың машинасы жəне қазақ қаріптері баспаға берілді,
сонымен қатар, 1922 жылдың өзінде қуатты баспахана ұйымдастырылды. Баспа ісі бірте-
бірте жолға салына бастады. 1921 жылы Орынборда полиграфия өндірісі үшін 4-жылдық
мектеп жəне қазақша əріп терушілерді дайындайтын қысқа мерзімді курстар ашылды. Қазан
қаласынан əріптер сатып алынды. 1920 жылы баспаға 9 вагон қағаз жіберіліп, оның 3 вагоны
1922 жылы өндіріске келіп түсті. «Қазақстан» баспасының қалыптасуында Республика Оқу
Халық Комиссариаты үлкен орын алды. Біріншіден, баспа тікелей соның басшылығымен
жұмыс істесе, екіншіден, оның аппаратында Академиялық Орталық құрылып, ол баспа
жұмысына айырықша көмек көрсетті. Бұл Орталық Мемлекеттік баспаға оқулықтардың
түпнұсқасын дайындады. Сонымен қатар қазақ тілінің терминологиясын, емле ережесін,
əліпбиін əзірлеп, қоғамдық-саяси тағы да басқа əдебиеттердің аудармасымен шұғылданды.
1921 жылдың қыркүйегінде Мемлекеттік баспаның Бас басқармасы құқығында Оқу Халық
Комиссариаты қарамағына өткізілді. Қайта құрылған баспаның жұмысын редакциялық алқа
басқарды. Оның төрағасы мен мүшелерін Халық Ағарту комиссариаты мен Халық
комиссарлары Кеңесі (Совнарком) бекітетін. Редакциялық алқаның төрағасы Оқу Халық
Комиссариатының мүшесі де болды. Редакциялық алқа баспаның барлық жоспарлары мен
қаржы сметаларын жасап отырды. Белгілі мерзімде мəжілістер өткізіліп, оған Қазақ Орталық
Атқару Комитеті, Халық комиссарлары Кеңесі, Халық Комиссариаты жəне басқалай
мекемелер өкілдері шақырылып отырды. Бұл мəжілістерде Республикадағы кітап шығару
мəселелері талқыланды. Редакциялық алқаға жалпы негізде баспа ісін орталықтандыруға
қатысты міндетті қаулылар мен жарлықтар шығару құқығы берілді. Мембаспаның Бас
басқармасының дербес бланкілері мен мөрі болды. Алғашқы кеңестік қазақ баспасы
құрылған кездегі атқарған міндеттері осындай еді.
1922 жылы 8 наурызда республика Халық Комиссариаты Кеңесі «Мембаспа туралы
Ереже» қабылдады. Бұл ережеге сəйкес ол шаруашылық есепке көшті. Сөйтіп баспа ісінің
экономикалық негізі қаланды.
20-30-жылдары республикадағы мəдени, əдеби, оқу
педагогикалық жəне кітап баспа ісіне ҚАКСР Оқу Халық Комиссариаты жанындағы
ғылыми-əдеби комиссиясының төрағасы, əрі Қазақ өлкесі Төңкеріс комитетінің мүшесі жəне
Бүкілресейлік Атқару комитетінің мүшесі ретінде, тіл білімі саласындағы ғалым-жаңашыл
жəне дарынды əдебиетші, ұлттық интеллигенциясының ең жоғары білімді өкілі ретінде А.
Байтұрсынов барынша кең көлемде аса күшті ықпал етті. Аса көрнекті мемлекет жəне қоғам
қайраткері, қазақ кеңес əдебиетінің негізін салушылардың бірі С. Сейфуллин де
республикадағы кітап баспа ісіне белсенді, жан-жақты көмек көрсетті. «С. Сейфуллин халық
ағарту, баспа ісі саласында, оқулық жəне басқа да əдебиеттерді шығаруға белсенді, мақсатты
жұмыс жүргізді. Əсіресе, Қазмембаспа үшін оқулық əдебиеттің бірегей нұсқаларын
144
даярлайтын Халық Ағарту комиссариаты жанындағы Академиялық орталық қызметінде өте
жемісті жұмыс атқарды».
1923 жылы 19 қазанда РСФСР үкіметіне Қазақ АКСР Халық Комиссариаты кеңесінің
төрағасы С. Сейфуллин жəне басқалары респуб-ликадағы кітап шығару ісі мен баспасөзді
дамыту қажеттілігі туралы: «Қазақстанға өз ана тіліндегі ғылыми жəне безендірілген көркем
əдебиет керек, Қазақ баласына жаңа коммунистік жағдайдағы оның тұрмысын суреттейтін
əліппе, оқулық қажет. Оған көркем безендірілген жаңа əліппе, оқулық, балалар журналы
жəне басқа басылымдар керек, егер бұл осы кезге дейін болмаса, оны тұтынушылардан тыс
жерде емес, осында Орынбор қаласында ұйымдастыру қажет» деп жазды. Бүкіл ел бойынша
полиграфиялық өндірістің əлсіздігіне, көп қиындыққа қармастан, Қазақстанның баспа ісін
құруына көмек көрсетілді. Республика баспасөзін дамыту үшін РСФСР мəдени қоры
айтарлықтай қаржы бөлді. Қазақстанның мемлекеттік баспасы құрылуымен республикада
кітап баспа ісін ұйымдастыру тарихының бірінші жəне анағұрлым жауапты кезеңі аяқталды.
Ол азамат соғысы мен экономикалық зардаптардың қиын жағдайларын бастан өткерді. Баспа
көбіне мектеп оқулықтары мен əдістемелік құралдар, ішінара көркем əдебиет, одан соң саяси
қоғам жəне ауыл шаруашылық кітапарын шығарумен айналысты. 20-шы жылдардың бас
кезінде қазақша оқу құралдары пайда болып, мұқабаларында қазақ авторларының есімдері
жазылды. А. Байтұрсынұлының «Оқу құралы. Қазақша əліппе», М.Жұмабайұлының
«Педагогикасы», М.Дулатұлының «Есеп құралдары», ; Е.Омарұлының «Физика»,
Т.Шонанұлының «Орысқа қазақ тілін үйреткіш», Ж.Тілеуұлының «Гигиена» сол кезеңнің
туындылары. Сол жылдары мемлекеттік баспаның қоғамдық саяси бөлімінде Шығыс
халықтары жастар одағының ұйымдастырушысы Ғ.Мұратбаев туралы «Біздің Ғани» жинағы,
С.Садуақасовтың «Жастар үшін жаңа жол» кітабы жарияланды. Баспа репертуарында көркем
əдебиетте орын алған: С.Сейфуллинің «Қызыл сұңқарлар», «Бақыт жолы» пьесасы, «Қызыл
ат» атты өлеңдер жинағы, М.Əуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы, «Қорғансыздың күні»
əңгімесі. Бұлар өз дəуіріндегі қазақ көркем əдебиетінің тұңғыштары еді. Осы баспадан 1924
жылы шыққан Ж.Аймауытұлының «Тəрбиеге жетекші» (Бала оқытушыларға) атты
туындысы туралы «Еңбекші қазақ» газетінің 1925 жылғы 40 санында мақаласы жарияланған:
«Жүсіпбектің «Тəрбие жетекші» кітабы жыл құсы. Бұл кітаптың тілі өте жеңіл, баспасы
анық, қағазы жақсы. Корректуралық жаңылысы көп жоқ. Кітап аяғында пəн сөздерінің
қазақшасы тізілген... Жүсіпбек кітабы ескі сарын емес, жаңа сарынмен жазылған. Осы күнге
дейін ғылымның оқыту тəрбие туралы шығарған қортуында Жүсіпбек қазақ оқытушыларына
ең керегін алып жазған. Кітапта «Қиын» (теория) аз, іс жүргізу жағы басым. Бізге керегі де
осы. Жүсіпбек оқытушыларымыздың тамырын жақсы айырған. Бұл кітапты оқып шыққан
кісі мектептің мақсатымен де, қалай ұйымдастыруды да түсінеді. Баланы қалай оқытуын да
үйренеді. Кітап оқытушыларға жақсы жетекші. Бұл кітапты оқытушылардың оқып шығып,
жаттап алуы керек. Оқытудың тəртібі жайынан тəрбие алмаған мұғалімдер түгіл, оқу
жолынан маман оқытушылар да бұл кітапты дұрыстап оқуы керек. Бұл кітап
педтехникумдарда, пединституттарда оқу құралы болуға жарайды. Бұл кітап əр оқытушы
үстелінің үстінде жатуы керек. Əр мектептің кітапханасында болуы керек» [2].
Қазақстанда мемлекеттік негіздегі жаңа баспа ісінің бастауында тұрып, оның əрі қарай
дамып, орнығуына өлшеусіз зор еңбек сіңірген қайраткерлердің бірі — М. Дулатұлы. Ол
əсіресе, Қызылорда қаласында мемлекеттік баспаның жұмысын ширатып, жандандыра
түсуге белсене атсалысты. Сонымен бірге көркем шығармалардың, жаңа оқулықтардың
авторы ғана болып қоймай, тікелей баспада редакция меңгерушісі болып жұмыс істеді. М.
Дулатұлы – ұлттық библиографияның негізін қалаушылардың бірі. Баспадан шыққан «Қазақ
кітаптарының көрсеткіші» (1926—1927 жылдар) деп аталатын еңбектің құрастырушысы.
Жоғарыда көрсетілген Ж. Аймауытұлының «Тəрбиеге жетекші» атты еңбегіне арналған
мақаладан үзінді осы көрсеткіште басылған.
Мемлекеттік баспаның репертуарында қазақ
зиялыларының шығармалары басым орын алған. Олар мемлекет жəне қоғам қайраткерлері
болуымен қатар ғылымның əр саласынан кітап жазып, ұлттық баспа ісінің өсіп, өнуіне үлкен
үлес қосқан, оның бастауында тұрған. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары біздің еліміздің
145
тарихында ұлы жетістіктерімен, драмалық қажеттіліктерімен жəне қайғылы беттерімен енген
аса күрделі жəне қарама-қайшылықты кезеңдердің бірі болды. Бұл жағдай кітап шығару
ісінің сипаты мен мазмұнына жəне кітапты насихаттау ісіне əсер етпей қоймайды. Бір
жағынан кітап басу қарқыны күшейді, кітап репертуары жаңарды, басылымдардың
таралымы өсті, оқырмандар аудиториясы ұлғайды, авторлар көбейді, дүниежүзілік ғылым
мен мəдениет қазынасына қосылған құнды-құнды ғылыми жəне көркем əдебиеттер,
балаларға арналған кітаптар пайда болды. Екінші жағынан, кітапхана қорларынан 20
жылдары жарық көрген мыңдаған кітаптар алынып, жойылып жіберіліп жатты. Қоғамдық
ой-сана тарихынан мемлекеттің көптеген көрнекті қайраткерлерінің, кеңес жəне шетел
ғалымдарының, жазушыларының, өнер қайраткерлерінің есімі өшірілді. Баспалар тарихи,
гуманистік идеялар мен дəстүрлерді бұрмалау, басқаша ойлауды басып тастау жағдайында
жұмыс істеуге мəжбүр болды [3]. Шындыққа жүгінсек, бұл кезеңде де кітап — өркениеттің
таңғажайып құбылысы, мəдениеттің аса маңызды буыны тұрғысынан халық өміріндегі өзінің
ізгілікті, мəртебелі қызметінен айныған емес. Бұл кезеңде кітап бұқара халықтың өнер-
білімге деген құштарлығын ұштай түсіп, адамдардың əлеуметтік белсенділігін көтеруде,
ғылыми-техникалық прогресске жетуде, əділетсіздікке қарсы бітіспес күресте теңдесі жоқ,
өлшеусіз рөл атқарды. Қорыта айтқанда, 20—30 жылдар – кітап баспа ісінің күрделі
кезеңдерінің бірі. Бұл кезеңде мемлекеттік жаңа баспалар ұйымдастырылды. Осы жылдары
қазақтың демократиялық зиялылары, аса көрнекті өкілдері мен қоғам жəне мемлекет
қайраткерлері ұлттық баспа ісінің іргетасын қаласты.
.........................................
1.
Елеукенов Ш. Кітаптану негіздері: оқк құралы. – Алматы: Санат, 1997.-176б.
2.
Мамажанов М. Асыл мұра. – Алматы, 1993.
3.
Жиреншин Ə. Қазақ кітаптары тарихынан. – Алматы, 1971. – 12-67 б;
Қоңыр Мухатаева
ҚазҰУ доценті, ф.ғ.к.
Б.КҮЛЕЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫН ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМ ТҰРҒЫСЫНАН БАРЛАУ
ХХ ғасырдың бас кезіндегі əдебиеттің көрнекті өкілі, сол шақтағы поэзияға мазмұн
жағынан да, тақырып жағынан да, түр жағынан да өзіндік үлес қосып, жаңалық əкелген
талантты ақындардың бірі – Бернияз Күлеев болды. "Қазақ əдебиетінің тарихында" оған
мынадай баға берілген: “Б.Күлеев өзінің творчестволық тəжірибесінде Абайдың сыршыл
лиризмін, Сұлтанмахмұттың философиялық толғауын, ондағы азаматтық пафосты игеруге
ұмтылып, Пушкин, Лермонтов поэзиясын қазақ рухында меңгеруге талаптанды. Ол қазақ
поэзиясында бұрын кенже дамып келген баллада жанрын өрістете түсті, махаббат лирикасын
дамытты. Өз тұстастарының ішінен махаббат серпілістерін Б.Күлеевше мүсінді əрі мол
жырлаған ақын аз деуге болар еді”
Махаббат туралы мейілінше мүсінді əрі мол жырлаған сол шақтағы ақындардың
көшбасшысы – Мағжан Жұмабаев еді. Сол Мағжан талантты інісі Бернияз туралы алғаш
қалам тартқан қаламгер болатын, ол Бернияздың ақындық қарым-қабілетін, үлкен дарынын
тап басып, дəл айтып берген.
“Бернияз төңкеріс заманында туған ақын, – дейді Мағжан, – бірақ төңкеріспен дүниеге
шыққан шағы бір келгені болмаса, төңкеріс туғызған ақын емес еді...
“Ұшқын” бетінде жарыққа шыққан жас Бернияз əдебиетіміздің ... табиғи жолымен шықты.
Бірақ екпін тым күшті еді. Біраз өлеңдері басылған соң-ақ, оқушы оған жалт беріп қарап
қалған еді. Екпін зор еді. Оның екпіндерінде əдебиетіміздің ескі екпініне төңкерістің
əсерімен жаңа күш қосылған сықылды... Бернияздың əдебиетіміздің берік бір бағанасы
болуына сеніп едік.
Бағытты бір қылып, таспиқ болып тізіліп келе жатқан аз ғана жазушыларымыздың
қатарына жас Бернияз да келіп тізіліп еді. Бірақ не лаж, таспиқтан сол тас үзіліп түсті”
146
Ерте кеткен қыршын ақын ірі талант иесі Бернияз Күлеевтің өмірі мен шығармашылығы
оның жастай қайтыс болуына байланысты көп айтылмай, танылмай келді. Ақынның өлеңдері
(араб əрпімен жазылған) М.Əуезов əдеби-мемориалдық музей-үйінде сақталып келген
жалғыз қолжазба арқылы мəлім болса, кейін оны ХХ ғасырдың 65-жылдары Бернияздың
туған жиені Мəдина Бегімбетова тапсырған араб таңбасымен, ақынның өз қолымен жазылған
екі қолжазбасы толықтыра түсті. Осы қолжазбалардың негізінде Б.Күлеевтің таңдамалы
шығармалар жинағы 1969 жылы “Жазушы” баспасынан (құрастырғандар М.Бегімбетова,
К.Шəменов жалпы редакциясын басқарып, алғы сөзін жазған Ы.Т.Дүйсенбаев) “Айтшы, ақ
қайың” деген атпен жарық көрді. Ақынның шығармашылығы арнайы зерттеліп Қазақ
əдебиеті тарихының ІІ томының екінші кітабында белгілі əдебиетші Кəрібай Шəменовтың
жазуымен жеке бөлім болып басылып шықты. Б.Күлеевтің өмірбаянын оның жақын
жолдасы, жерлесі, қарт журналист Мерғали Ешмухамедов сол жылдары толықтыра жазып,
М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының қолжазба орталығына тапсырған.
Осы қолда бар деректерді жинақтай отырып, зерттеуші-ғалым Ы.Т.Дүйсенбаев “Бернияз
Күлеев” атты көлемді зерттеу жазып жариялады. Ы.Дүйсенбаевтың бұл еңбегі Бернияз
Күлеевтің өмірі мен шығармашылығын барынша кең қарап, талдауымен ерекшеленеді. Ең
алдымен ақын мұрасын қамтыған деректер анықталып, зерттеуге үш қолжазбалық мəтіндер
негіз болғанын айту керек. Екіншіден, ақынның өмірбаяны біршама толық баяндалған.
Үшіншіден, ақынның шығармалары хронологиялық тəртіппен жеке-жеке талданған əрі олар
автордың өмір өткелдерімен, көңіл-күйлерімен тығыз байланыста қаралған. Ендеше
ақынның өмірі де, шығармашылығы да мейілінше мол қамтылған əрі оның ақындық жолы
мүмкіндігінше айқындалған деп айтуға болады. Төртіншіден, Бернияздың шығармалары
жанрлық тұрғыдан жүйеленіп, жіктелген, сөйтіп ғалым Ысқақ Дүйсенбаев ақын мұрасын
“лирикасы, поэмалары, аудармалары" деп салалаған. Сондай-ақ ақынның қалыптасуы мен
шеберлігін сөз еткенде дəстүр мен жаңашылдық мəселесі алға шығып, Бернияздың өзінен
бұрынғы Махамбет, Ыбырай, Абай дəстүрлерінен жəне шығыстың классикалық поэзиясынан
нəр алғаны анықталған. Бесіншіден, орыс əдебиетінің ықпалы да қарастырылған.
“Бернияз Күлеев” зерттеуінде ақынның өмірбаянынан кейін оның лирикасын бөліп алып
қарастырылған. Тақырып бойынша Бернияздың лирикасын үш салаға бөліп қарастырады.
“Бірі – əлеуметтік мəні бар келелі мəселелерді қозғайтын өлең-жырлар, екіншісі – жеке
басының сезіністерін білдіретін толғаулар, үшіншісі – махаббат сырын шертетін немесе
табиғат көріністерін бейнелейтін əсем лирика”.
Бұдан байқайтынымыз – Берниязда
лириканың барлық дерлік түрі бар екендігі. Айталық, əлеуметтік лирика, махаббат лирикасы,
көңіл-күй лирикасы, табиғат лирикасы. Осы жерде мəн беретін бір нəрсе –альбомдарға,
автордың əркімге арнап жазған өлеңдерін мұндай поэзия қазақ əдебиетіне жаңа келген
құбылыс
екендігі.Оны
орыс
əдебиетіндегі
(Пушкин,
Лермонтов)
дəстүрмен
байланыстылығы.Сол кезде əрине, альбомдық поэзия Мағжанда да бар екенін біз оның
өлеңдерінен кездестіреміз
Бернияз 1916-1917 жылдары 26 өлең жазыпты. Ішінде арнау өлеңдерімен қатар əлеуметтік
мəні бар өлеңдері де бар. Саяси тақырыптағы жырлары: “Бұлт”, “1917 жылға”, “Бостандық
күнінде” атты шығармасында ол қазақ ауылының болашағына орай өз көңіл-күйін шертеді.
“Бұлт” өлеңінде ол болып жатқан оқиғаларға сəйкес өзінің ішкі күдіктері мен халық
тағдырын тебірене жырласа, қалған екі өлеңінде (“1917 жылға”, “Бостандық күнінде”)
бостандықты қуана қарсы алып, құттықтау сөзін арнайды. Бұлардан тыс, сəл кейінірек туған
“Қазақ қызы”, “Анама хат”, “Əкеме”, “Солған гүл”, “Əйелдер сөзі” атты өлеңдерінде
революцияға дейінгі қазақ əйелдерінің ауыр хəлі мен қайғылы өмірі сөз болып, бұған өз
тілегі мен ой-арманын қоса өрнектейді. Сондай-ақ оның “Зорлық”, “Ойдағым”, “Құдірет
жаратыпты Жер мен Көкті”, “А, Жалған, білдім жаңа алдарыңды”, “Өзім” деген
туындыларында адам өміріне, оның дүниедегі орнына үлкен мəн беріп сенім артылады
(“Өзім патша, өзім төре, өзім хан”). Ақын бұл кезеңде “Қызықты жаз”, “Жаздың алды” атты
өлеңдерінде табиғат мейірі мен адам өмірін астастыра суреттесе, “Толғанып, ойланып та”
деген жырын сегіз аяқ үлгісінде жазып, адамдағы ой мен мидың күші мен құдіретіне зор үміт
147
артады. Б.Күлеев осы кезеңде орыс ақындары Цыганов пен Никитиннің “Тұтқын”, “Аяныш”,
“Ауылдағы қысқы түн” атты өлеңдерін қазақ тіліне аударады.
Бернияз Күлеев шығармашылығының ең бір жемісті кезеңі 1918 жылдар болып саналады,
бұл жылы ол 34 өлең жазған екен, соның алтауы əйгілі орыс ақыны А.С.Пушкиннен
жасалған аударма. Ал, өзінің “Аңқыған гүлдің исінен”, “Көңіліме”, “Жас жүрегіме”, “Қиял
сөзі”, “Жастық күнім” атты өлеңдерінде ақын өзінің ішкі ой-сезім, тебіреністерін əрі нəзік,
əрі көркем етіп сипаттай алған. Алайда жас ақынның кейбір өлеңдерінде (“Жас жүрегіме”,
“Көңілім”, т.б.) торығу мен жабығу, налып зарығу секілді сезім-күйі айқын аңғарылады.
Ақын жастық шақта жаңа буынды суырған семсер сияқты тыныш жатпай тың əрекет-
қимылға шақыра келіп, өлең соңында:
Зарла да жібер жыр жырлап,
Қиялдың жібі шешілсін.
Бұлбұлша сайра зыр-зырлап,
Достарыңызбен бөлісу: |