Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»


оқушыларды шығармашылыққа баулу орны орасан  зор. Визуалды өнер арқылы



Pdf көрінісі
бет112/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

 
оқушыларды шығармашылыққа баулу
орны орасан 
зор.
Визуалды өнер арқылы
 
оқушыларды шығармашылыққа баулуда
ой-
әрекеттерінің түрлі салаларынан көрсете білуге мүмкіндік жасайды. Визуалды 
өнер сабағында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, 
оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз бетінше жұмыс істеу 
белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық 
ойлау қабілеттерін дамытуға болады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда,
көркем ой негізін қалыптастыру, ұғындыру, түсініктерін тереңдетуде мектеп 
мұғалімдерінің білімдері терең болуы керек. Визуалды өнер күнделікті 
сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі 
деңгейдегі есептерді шығара білу іскерлігі , оқытудың дәстүрлі және ғылыми 


286 
жетілдірілген әдіс – амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін , оқушылардың
шығармашылық қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамутудағы 
іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Қазіргі 
кезде дарынды балалардың ерекшеліктері мен бейімділігін және мінез-құлқын 
сипаттайтын бірнеше тізімдер бар 
[3]
.
Визуалды өнердің шығармашылық тұрғыдан алғанда, нәтижесінде жаңа 
материалдық рухани құнды дүние тудыратын әрекет. Ал педагогикалық 
тұрғыдан алсақ
оқушылардың
белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеуінің 
жоғары түрі және ол әлеуметтік қажеттілігі мен өзінің ерекшелігімен 
бағаланады. Ең бастысы, шығармашыл тұлғада шығармашылыққа деген 
тұрақты қажеттілік, тұрақты сұраныс болып, өз ісіне қанағат табу сезімі болуы 
қажет. Осыған орай адам идея, жаңалық аштым деп ойлайды, ал шын мәнінде 
олар адамды ашады деген ғалымдардың пікірінің дұрыстығына көз жеткізе 
түсеміз. Визуалды өнер қазіргі заман талабына сай 
оқушылардың
шығармашылық қабілеттің дамуына бағытталған білім – аз уақыт ішінде мол 
идея қорын алу емес, керісінше, жеке тұлғаның толық дамуын қамтамасыз 
етеді. Шығармашылық қабілеттің дамуы әрбір балаға қажет екендігін, әр 
тұлғаның қоғам дамуында өз орны бар екендігін біле отырып, дарынды
оқушылардың
тек өткенге емес, болашаққа да қызығушылығымен, іс-
әрекеттердің жаңа тәсілдерін көбейтуге қабілеттерімен ерекшеленетіндігін атап 
өту қажет. Сонымен бірге бұл жеке тұлғалық дамудың мақсаттарына да жауап 
береді. Баланың өнерге деген дарындылығын анықтау негізі мектептен 
басталады
[4].
Мектеп
оқушыларының
шығармашылық жұмыс істеуі – ерекше маңызды 
педагогикалық проблема. Осыған байланысты өнерге деген дарынды 
балалармен жұмыс істеудің төмендегідей кезеңдерін анықтауға болады: 
Баланың жеке ерекшелігін, дарынын зерттеу; 
Балалар шығармашылық жұмыстарын жариялау; 
Көрмелер ұйымдастыру. 
Яғни осындай жұмыс істеу бағыттары арқылы бала белгілі бір шеберлікке 
жеткен соң, оның шығармашылық қабілеті дамиды, өзіндік идеясы туып, үлкен 
ізденіс пайда болады. Дарынды баланың бойындағы дамыған сана белсенділігі 
мен таным белсенділігі, тума қабілеті. Ол қабілет мектепте сан алуан ғылыми 
салалардан білім алу арқылы және ұстаздардың көмегі арқылы ашылады және 
дамиды. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, 
шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға өз әсерін 
тигізеді. 
Оқушылардың
өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу 
арқылы қалыптасатын қасиет. Оқушымен шығармашылық жұмыстың мақсаты 


287 
— олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға 
дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету- оқу бағдарламасын тереңдетіп 
оқыту және оқушылардың танымдық қабілетін дамыту арқылы жүзеге асады. 
Баланың шығармашылық жұмысын жүзеге асыру барысында төмендегі 
анықтамаларға терең мән беру:
Оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен 
ерекшеліктерін ескеру; 
Жан-жақты ақпараттандыру; 
Коммуникативті бейімдеу; 
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту. 
Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда мектеп ұстаздары мынандай жұмыс 
түрлерін өз іс-тәжірибелерінде пайдалану. 
Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құру; 
Өнер сабақтарын оқытуда баланың көркем ойлауын дамыту; 
Оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал ету; 
Оқушының өнерге деген қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құру; 
Шығармашылық жұмыс көрмелерін ұйымдастыруда ұстаздар мынандай 
мәселелерге баса назар аударулары керек: 
Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу; 
Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін 
пайдалану; 
Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарды өнерге баулуда- пәндік 
олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен 
шығармашылық байқауларға дайындау
.
Визуалды өнер арқылы көркемдік идея - суретшінің ойы, оның идеялы - 
шығармашылық концепциясы, оның әлем мен адамға деген қарым -қатынасын 
білдіретін өнер шығармасында іске асырылған түсінік. Өмір көрінісінің 
эстетикалық бағалығы мен көркемдік идея көркемдік шығармалар 
мазмұнының бір компоненті болып табылады. Ол шектен тыс емес, көркемдік 
образда, көркемдік форманың барлық элементінде нақты ойды іске асырады. 
Көркемдік идея көркемдік шығарманың барлық тұтастығымен, оның 
тақырыбы, сюжеті, бейнелеу және түстік, композициясы, бейнелеу – мәнерлік 
тәсілдер жиынтығымен беріледі [5]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет