Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет171/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

Әдебиеттер 
1. Ахметова М., Ерзакович Б., Жубанова А. Советтік қазақ музыкасы. (Тарихи очерк) 
2. Ерзакович Б. Музыкальное наследие Казахского народа. Алматы. Наука 1979г. 
3. Жанұзақова З. Қазақ халқының аспапты музыкасы. -А., 1996. -52б. 
Алматы. Ғылым 1975 ж. 
4. Санаққали Байжұманов Халық аспаптары оркестрі. Алматы «Өнер» 1993ж. 
5. Жаманбалинова А.Т. Қазақ ұлттық аспаптар оркестрі класының жұмысын ұйымдастыру 
 kk.wikipedia.org
Дереккөз:www.egemen.kz 
 
ӘОЖ 815 
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 
ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ 
Жапарова Жанна Абишовна
№ 135 жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі,
Шымкент
 
Резюме 
Основная задача - повысить эффективность и качество английского языка за счет 
использования новых информационных технологий. 
 
Summary 
The main task is - to improve the efficiency and quality of the English language through the 
use of new information technologies. 
Адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында, сонымен қатар, білім саласында 
ақпараттық технологиялардың жаңаша құралдарын қолдану бүгінгі күні үлкен 


457 
өзектілікке ие болып отыр. Отандық және шетелдік оқулықтарда білім
процессін компьютерлендіру ең өзекті факторлардың бірі ретінде 
қарастырылады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы 
тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған
және қазіргі білім жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын 
оқытудың дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу процессіне енгізу 
бағытында 
құрылуы 
тиіс. 
Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту процессінде 
оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа 
белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту процессінде тек жаңа 
технологияларды 
қолдану 
арқылы 
жүзеге 
асыруға 
болады. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (3 бап) белгіленгендей, 
білім беру жүйесін ақпараттандыру, мемлекеттік білім саясатының негізгі 
қағидаларын жүзеге асырудың маңызды бір механизмі болып табылады. 
Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін 
қалыптастыру және педагогикалық практикаға жаңа ақпараттық құралдарды, 
сонымен қатар, басқа да жаңа технологияларды енгізу білім жүйесін 
дамытудағы 
стратегиялық 
тапсырма 
болып 
саналады. 
Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында 
дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген әдіскерлер видеофильм, 
электрондық пошта (e-mail), мультимедиялық презентация, анимациялық 
суреттер және т.б. көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу 
қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. 
Ал шетелде болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай 
емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмасының бірі шет тілі сабағында 
жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын 
ситуацияларын құру болып табылады. Шет тілін үйрету процессінде компьютер 
технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. 
Мысалы, анимациялық суреттер, видео-көріністер, презентациялар және т.б. 
әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі. Компьютер мониторындағы көріністер 
оқушының іс-қимылының арқасында өзгеріп отырады. Бұл динамикалық және 
оқушының бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар оқу процессінде 
оқушының белсенділігі оянады. Нәтижесінде оқушы ақпаратты оңай әрі тез 
қабылдайды және оқушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды. 
Компьютерлік оқыту саласындағы жинақталған бай тәжірибеге қарамастан, 
көптеген шет тіл оқытушылары компьютерлік оқыту құрлдарын пайдалану 
мүмкіндігіне сақтықпен қарайды. 
Оқытудың 
басқа 
құралдарымен 
салыстырғанда 
дидактикалық 
артықшылықтары болып табылады: полифункционалдылық, интерактивтілік, 
диалогтық өзара әрекеттестік, жұмыстың ұйымдастырушылық нысандарының 
мүмкін режимдерінің алуандығы. Оқыту құралы ретінде компьютер барлық 
артықшылықтарлы іске асыруға қабілетті. Сонымен бірге оқыту процесінде 


458 
компьютерді пайдалану техникалық құрылғыларға қойылатын талаптармен 
реттелген және белгілі бір қағидаларға сәйкес келуге тиіс.
Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты 
білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс 
істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін 
көрсетіп, көмекке келеді. 
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа 
технологиялар арқылы оқыту ісі күннен - күнге өзекті болып келеді. Тілді 
ақпараттық - коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз 
бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе 
болып табылады. 
Сонымен 
қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және 
коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, 
сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты 
ұсынуға болады. 
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара 
тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие 
үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі 
күннің басты талабы
.
Орта мектептерде ағылшын тілін оқыту жүйесі қарапайым және бастапқы, 
негізгі, орта және ортадан жоғары деңгей бойынша базалық және пәндік 
құзыреттерді жүзеге асыра отырып, ағылышын тілін қатысымдық тұрғыдан 
меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде 
оқыған тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік 
қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік 
тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға ағылшынша тілдік қатынасты игерту 
мақсатын көздейді. Осы аталған мақсатқа қол жеткізу үшін оқытудың
ақпараттық технологияларын пайдаланған орынды. 
Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту ағылшын тілін үйренудің 
сапасы мен маңызын арттырады. Ағылшын тілін оқыту процесінде тілді
дұрыс үйрету ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды. 
Қазіргі кезеңде мектептерде ағылшын тілін оқыту дұрыс жолға қойылған. 
Оқушылардың ағылшын тілін біліп ғана қоймай, оның тарихын, ұлттық
мәдениетін білуге көп көңіл бөлінеді. Ағылшын тілін оқытудағы білімділік
мақсаты – ағылшын тілінде сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ 
тіл табысып, қарым - қатынасты нығайтуға ұмтылу болса, тәрбиелік мақсаты - 
өзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта 
алу және қорғауға үйрету. 
Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды 
сабақта жан - жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін 
жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына 
мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту 


459 
жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді 
жатқызуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет