450
құрғап,
бұрынғы ашық дауысы қарлығып, тембрге өзгеріс кіре бастағанын
жылдам сезеді. Сондықтан, табиғаттан берген
тамаша тембрдің әдемілігін
сақтау үшін жоғарыда айтылған оргондарды аурудан сақтап, әсіресе дымқыл
қабыршақтардың зақымданбауына жете көңіл бөлу керек.
Әншілердің жай адамдардан ерекшелігі музыкалық
қабілеті артық дегенді
айтып өттік. Өмірде кей жағдайда өте “саққұлақ” адамдар болады, яғни
алыстағы дыбысты немесе өте ақырын сыбысты, сыбдырды естіп қалады. Бірақ
та, әннің мелодиясын, ол түгіл жалғыз нотаны
дауыстап айтып бере алмауы
мүмкін. Керісінше, кейбір нашар еститін адам,
құлағында ақауы барлар
музыканың нәзік, әр алуан түрлі дыбысын, үгін естіп, жақсы қабылдайды.
Адам ағзасының физиологиялық қызметіне байланысты әдеттегі есту мен
музыкалық тыңдау қабілеті байқалады. Құлақтың ішіндегі тармақталған әр
түрлі органдардағы рояльдің ішегі іспеттес орналасқан өте жіңішке жүйке
талшықтары
көп болған сайын әр деңгейдегі, түрлі биіктіктегі дыбыстарды
қабылдау сонша арта түсетін көрінеді. Сонда “абсолюттік” есту
қабілеті бар адамдардың жүйке талшықтары жай адамдардікінен неше есе көп
екенін аңғаруға болады. [4]
Кескін №1
1 – құлақ бақалшығы (ушная раковина); 2 – есту жолы (слуховой проход); 3 –
дабыл жарғағы (барабанная перепонка); 4 – балғаша (молоточек); 5 – төс
(наковальня); 6 – үзеңгі (стремечко); 7 – жарғақты шытырман (полость
внутреннего уха с ламфатической жидкостью); 8 – иірім өзегі (полукружные
каналы); 9 –
Достарыңызбен бөлісу: