Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет169/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

 


451 
 
 
ӘНШІЛІКТІҢ ТҮРЛЕРІ 
Ән айтуды – х
алық әнін айту бағыты, эстрада әнін айту бағыты және 
академиялық бағыт 
деп бөлуге болады. Ән халықтан шығатындықтан халық 
әнін айтушылар да, тыңдаушылар да көп. Халық әнін үйрену ұзақ уақыт бойы 
жаттығулар арқылы жүріледі, дегенмен ол үшін де дауысты жан-жақты 
тәрбиелеп, дамыту қажет. Ал тәрбиелеп, үйрену жолдары атақты әншілердің 
мол мұрасынан, айтқан әндерімен таныса келіп, қандай шеберлікпен орындаған 
тәсілдеріне еліктей отыра қайталау арқылы алғашқы қадамынан жүзеге асырған 
дұрыс. [5] 
Эстрада жанрындағыларға қазір мүмкіншілік мол, техника дамыған осы 
заманда кімге еліктеп, қалай қарап, қайтіп айтам десе де өз еріктері. Бірақ, бір 
ескеретін жағдай – қанша эстрада болса да өз ұлтының дәстүрі, тілі, ұлттық 
менталитеті, ұлттық нақышы аңқып тұруға тиіс. Халық әндерін орындау 
эстрада әндерін айтудың өзіндік ерекшелігімен, тамашалығымен ерекшеленеді. 
Бірақ, дауыс шығару, техникалық орындау тәсілдері классикалық бағытта 
тәрбиеленген орындау тәсілдерінен айырмашылығы мол. Қай бағытта болса да 
ән орындаудағы негізгі мақсат – дауыс құлаққа жағымды, қысылып-
қымтырылмай дауысты дұрыс тәрбиелеп, еркін меңгеру болып табылады. 
Ал, академиялық бағытта кәсіби әнші “вокалист” болғысы келгендерге 
айтарымыз аз емес. Әнші қай бағытта тәрбиеленсе де, әсіресе, кәсіби әнші 
болатындар дауыс анатомиясымен, физиологиясымен жете танысып, дауысты 
“тәрбиелеуде” қатысатын мүшелердің өзара байланыстарын анықтап, түсініп 
алғандары жөн.
Бес-алты жыл оқуын оқып, консерватория бітірген, жоғары мамандықты 
игерген кәсіби әншіні “вокалист” дейміз. Көбінде классикалық бағытта айтатын 
әншілік өнерді вокальдық өнер дейді. Вокал – итальян тілінде “восе” – дауыс 
деген мағынаны білдіреді. Дауыс – әншінің құралы болып табылады. Әншілік 
өнер құр дауыстың сыртында мағыналы сөз арқылы адамның ішкі жан 
дүниесіндегі әр түрлі толқуларды, эмоциялық құбылыстарды көркемдеп, 
бейнелеп беруге тиіс. Әнші әнді көркемдеп, мәнерлеп айту үшін соған 
жеткізетін техникалық процесті әдістемелерді “вокаль” дейді.
Қорыта келе,Өнердің қай саласы болмасын, ең алдымен, оның технологиясын 
әдістемесін ұғу, түсінік меңгерудің маңызы зор. Әнші болу үшін вокальдық 
өнердің қыр-сырын ұғып, негізгі технологиясын еркін меңгеру.
Әдебиеттер 
1.Қожахметова А. «Әншілік дұрыс тәрбиесі».-Алматы,2006ж. 
2.Назаренко И. «Искусство пения».-Москва, 1965г. 
3.Э.Б. Абдуллин, Е.В. Николаева «Музыка мұғалімінің музыкалық – педагогикалық 
технологиялары»,- Москва – 2005 ж. 
4.Ю.Б.Алиев. «Мектеп мұғалім- музыкантының үстел үстіндегі кітабы». – Москва – 2008 ж. 
5.Қожақметова А. «Әнді дауыстық дағдвларды үйрету тәсілдері» 


452 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет