Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»


ӘОЖ 7.035  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АСПАПТАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК-



Pdf көрінісі
бет170/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

ӘОЖ 7.035 
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АСПАПТАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК-
ОРЫНДАУШЫЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Кененбаев С.Н. аға-оқытушы 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент,
Қазақстан
 
Резюме 
В данной статье рассматриваются художественно-исполнительские возможности 
казахских национальных инструментов и
современные методы организации оркестровых 
занятий 
 
Summary 
This article discusses the artistic and performing capabilities of Kazakh national instruments and 
modern methods of organizing orchestral classes 
Музыка мәдениетінің өткеніне ой жүгіртіп, әр алуан тарихи деректерге 
жүгінсек, халық өнерінің қоры шексіз де, музыкалық аспаптардың түрі көп 
болғаны анық. Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата – бабаларымыз 
тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, 
қылдан т. б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, 
қарапайым музыкалық аспаптар жасап алды [1]. 
Болат Шамғалиұлы Сарыбаев көне аспаптарды жинауға 1960 ж. бастап кіріскен 
екен. Сол жылдары Алматы консерваториясының ұстазы Б. Сарыбаевтың үйі 
ерекше мұражайға айналды. Ол жинаған аспаптар саны 300 - ге жетті. 
Зерттеуші еліміздің түрлі аймақтарынан көне аспаптарды тауып, оларды 
зерттеп, жетілдіріп, орындау әдістерін меңгерді, шәкірттерін баулыды. 1968 
жылы көне ұлттық музыкалық аспаптардан ансамбль ұйымдастырды. Б. 
Сарыбаев аспаптарды ойнау тәсіліне қарай мынадай түрге бөледі: үрлемелі, 
ұрмалы, сілкімелі, ысқышты, ішекті, шертпелі, тілшекті. 
Домбыра аспабының қалай пайда болғанына байланысты қазақ халқының 
ортасында сақталған аңыз аса мол. Солардың біразын Б. Сарыбаев, Қ. Жұбанов, 
Ө. Жәнібеков, А. Сейдімбеков еңбектерінде жақсы көрсеткен. Домбыра және 
домбыра күйі туралы сөз қозғағанда осы зерттеушілердің еңбектеріне 
сүйенеміз. Ақселеу Сейдімбек «Күй шежіре» еңбегінде осы аңыздардың екеуіне 
ерекше назар аударады. Соның бірі Шығыс Қазақстан обылысы Күршім 
ауданының тумасы Арғынбек Қилыбаев ақсақалдың айтуымен хатқа түскен 
«Қос ішек» күйінің аңызы [2]. 
Шертер - қазақ халқының көне ішекті музыкалық аспабы. Кей деректерге 
сүйенсек, бұл аспап домбыра мен қобыздың арғы тегі болып саналады. Сырт 
келбеті қобызға жақын, көлемі жағынан домбырадан кіші. Шертер аспабы 
ағаштан ойылып, шанағы ешкі терісінен қапталған. Ішегіне аттың қылы 
тағылады. Ойнау тәсілі домбыра тартуға ұқсайды. Дыбыс күші қапталған тері 


453 
мен ішектердің қалыңдығына байланысты. Бастапқы кезде аспапта перне 
болмаған. Көп ұзамай перне орналастырып аспаптың беткі жағы біраз өзгеріске 
ұшыраған. 
Қылқобыз – қазақ халқының ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көне аспап. 
Жалпы, ұлттық аспаптардың ішінде қобыз үнге бай, киелі, қасиетті деп 
танылады. Сонымен қатар, қанша ғасырлар қойнауынан жетсе де қобыздың 
бұрынғы түрі мен қазіргі түріндегі үні бір сарынды. Себебі, оның ішегі ықылым 
заманнан бері жылқының қылынан тартылып келді, ысқышы да. Оның 
қылқобыз аталуы да сондықтан. Қылқобыздың ішіндегі ең үлкен түрі – «нар 
қобыз». Қылқобызды халқымыз киелі аспап ретінде қастерлейді.
Жетіген – (жеті ішекті) көп ішекті шертіп ойналатын музыкалық аспап. Жалпы 
тұрқы ұзынша, жәшік тәріздес, бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн 
беретін ойықтары салынады. Жетіген аспабының жасалуы да, ойнау әдіс - тәсілі 
де өте күрделі. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың 
қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың 
құлақ күйі осы асықтарды әрлі - берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек 
сандары жетеу болғандықтан, аспап жетіген аталған.
Адырна - қазақтың көп ішекті шертпелі аспабы. Аспаптың шанағы қуыс, беті 
көн терімен қапталады. Б. з. б. аңшылар ұстанған көне аспап саналады. Оның 
көне үлгісі әуелде садақ тәріздес болған. Кейін бұғы, марал, киік, бөкен тәрізді 
аңдарға ұқсастырып жасап, мүйіз бен құйрықтың екі арасына ішектер тартып 
ойнаған. Адырнаны тізенің үстіне қойып, басын иыққа тіреп, ішектерін іліп 
тартып кейде шертіп ойнайды. Адырнаның ішегі шуда жіптен немесе 
тарамыстан тағылады, аспаптың тұрқы 48 - 50 см., қалыңдығы 8 - 10 см, 7 - ден 
13 - ке дейін ішектер тағылады. Адырна қазіргі кезде фольклорлық әуендер мен 
шағын күйлерді орындауға қолданылады. 
Сыбызғы - қазақтың үрмелі көне музыкалық аспабы. Қурайдан, ағаштан, кейде 
жезден де жасалады. Ұзындығы 600 - 650 см не 700 - 800см болады. 3 - 4 
ойықты. Сыбызғы ойықтарынан демді жай немесе күшті шығару арқылы түрлі 
дыбыс әуендері туады. Бұл аспаптың жетілдірілген түрі фольклорлық - 
этнографиялық ансамблдер мен оркестрлерде қолданылады. 
Сазсырнай - үрлемелі аспап. Сазсырнай ысқырып ойналатын флейталар тобына 
жатады. Кейбір сазсырнайдың ысқырғыш тетігі болмайды. Сазсырнайға ұқсас 
аспаптар көптеген халықтарда кездеседі. Сазсырнайдың дыбыс диапазоны 
терция, кейде октаваға шейін барады. 1971 жылы Отырарда жүргізілген қазба 
жұмыстарда саздан жасалған қаздың жұмыртқасындай музыкалық аспап 
табылған. Аспаптанушылардың зерттеуінен өткен бұл сазсырнай үш дыбыс 
шығарады. Олар екінші октаваның «ми – бемоль», «фа», «соль» ноталары. 
Шаңқобыз - қазақтың көне музыкалық аспабы. Ағаштан, темірден кейде 
күмістен жасалады. Ағаштан жасалған шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті 
серпіп тарту арқылы ортасындағы тілше тербеліп, дыбыс шығарады. Ол ашалы 
сым темірден немесе күмістен жасалған. Белгілі бір музыкалық әуен шаңқобыз 
арасында бекітілген тілін саусақпен шалып тарту арқылы орындалады. Негізгі 


454 
дыбысы тілдің мөлшеріне байланысты. Дыбыс көлемі бір октава шаңқобыз 
тартушы тіл қимылы арқылы да түрлі дыбыстар шығарып отырады.
Мүйіз сырнай - ескі үрмелі мүйізді аспап. Ол үш тесікті мүйізден жасалады. 
Сырнай - сыңсымалы дыбыспен ерекшеленеді және жол сапарларда хабар 
беруші аспап ретінде қолданылған. 
Ұран - әскерлер қолданатын үрмелі музыкалық аспап. Ұзындығы әртүрлі екі 
түтікшенің әрқайсысында үш саңылау бар. 
Тұяқтас – қазақ тұрмыс салтында ежелден бар музыкалық аспап. Жаңа 
сойылған жылқының тұяғын кесіп алып, суға қайнатады, тұяқтың ішкі сүйегі 
босап, сыртқы қабығы бөлектенеді. Оны әбден ішін тазартып, күнге кептіреді.
Асатаяқ - тұтас ағаштан жасалған, оның басында темір теңгешелер, қоңыраулар 
ілінген, сілкіп ойнайтын аспап. Қоңыраулар күміс, алтын, қорғасын сияқты 
асыл тастардан жасалған. Қоңыраулар соғылғанда әдемі үн шығады [3]. 
Қазақ халқының музыка мәдениетінің даму тарихы өзгеше. Музыка 
аспаптарының әр түрлілігі де соның бір айғағы. Ұмыт болған аспаптарды қайта 
өңдеу және оларды жетілдіре түсу, аспаптарды дамыту сондай –ақ осы 
аспаптарға байланысты ұлттық өнерімізді тұрмысымызға кеңінен енгізу біздің 
азаматтық парызымыз. 
Қазіргі кезеңгі талаптарға сәйкес оқушы оркестр құрамындағы халық 
аспаптарының дыбыс көлемін, бұрауын, дыбыс шығару тәсілдері мен 
техникалық, көркемдік-орындаушылық мүмкіндіктерін игеріп, қазақ халық 
сазгерлерінің асыл мұраларын, сонымен қатар алыс-жақын шетел сазгерлерінің 
классикалық музыкаларын да үйреніп, өзіне жүктелген міндетті тиянақты, аса 
жауапкершілікпен атқаруға тиісті. Осы мүмкіншіліктердің арқасында, мектеп 
жанынан ансамбль немесе оркестр топтарын құру біздің негізгі міндетіміз [4]. 
Қазіргі заман қазақ халық оркестрінің құрамындағы музыканттардың санына 
қарай шағын, орта және кең көлемді оркестр деп үшке бөлуге болады. Шағын 
ұлттық оркестрдің адам саны тұрақты болмайды. Негізінен 7-15 адам 
мөлшерінде болады. Ал ондағы музыка аспаптары да домбыраны қобызды негіз 
ете отырып әр алуан болады. Мұндағы музыканттардың саны мен музыка 
аспаптарының түрі қажетке әр алуан орналастырылады. Бұл түрдегі шағын 
оркестрді ұлттық ансамбль деп те атайды. Көбінде көлемі шағын болған 
музыкаларды және әндерге сүйемел жасау ретінде көбірек қолданылады. 
Сондай-ақ бұл түрдегі оркестрде дирижер болмайды, негізінен бас 
домбырашының жетегінде музыка ойнайды. 
Орта 
ұлттық 
оркестрде әр 
түрдегі 
музыка 
аспаптарын 
қамтыған, 
музыканттардың саны 20 адамнан 30 адамға дейін баратын біршама кемелді 
оркестр. Бұл түрдегі оркестрмен әртүрлі көлемді музыкаларға және әндерге 
сүйемел жасайды. Оған арнаулы дирижер жетекшілік етеді. 
Оркестрлік класты ұйымдастыру, аспаптарға бөліп отырғызу, оркестр 
жетекшісінің ең бір көңіл аударарлықтай мәселесі. Бұл жұмыс алғашқыда оңай 
болып көрінгенмен, мұнда үлкен мән бар. Оркестрге қатынасушыларды 
аспаптар бойынша орналастырғанда олардың әрқайсысының физикалық және 


455 
музыкалық мүмкіндіктерін ескеру қажет. Оркестр мүшелерінің көпшілігі 
оркестрде өздері таңдаған аспаптық мамандығы бойынша отырғысы келетіні 
сөзсіз.
Оркестрде жетекші аспаптардың бірі - прима домбыра, шертер аспаптарына 
домбырада ойнаушылардың ішінен, оң қолдың буыны нық, саусақтары күшті, 
мығым оқушыларды таңдаған дұрыс. Ал, бас домбыра, контрабас домбыра, бас 
қобыз, контрабас қобыз аспаптарында әдетте қолдары ірі, саусақтары күшті, 
қайратты балалар ойнайды. Дауылпаз, барабан, т.б. ұрмалы аспаптарда 
ойнауды ырғақ, ритмге бейімі бар, шапшаң қозғалатын оқушыларға тапсыру 
керек. 
Соңғы жылдары оркестрдің үндестік, техникалық және көркемдік 
мүмкіншіліктерін өсіру жолында оркестрдің құрамына қазақтың көне ұлт-
аспаптарын енгізу жолға қайылып отыр. Соның ішінде, өте жиі қолданылатын 
аспаптар – қылқобыз, шаңқобыз, сазсырнай, асатаяқ, кепшік, сылдырмақ, 
қоңырау т.б. Осыған орай, оркестрдің үнінің сазды, тыңдаушыны елітіп 
әкететін әр түрлі аспаптардың үндері және сол аспаптарды орынды пайдалану, 
оркестрдің жетекшісіне оның ізденіп, жаңалық енгіземін дейтін ниетіне 
байланысты. 
Ұжымдық дәрістерден оркестрлік класс пәні бойынша оқушыға төмендегідей 
білім беру талаптары қойылады: 
-шығарма жайында ақпарат беру (формасы, авторы жайлы мәліметтер); 
-оқыту бағдарламасы мен концерттік талаптарға сай репертуар қорының бай 
болуы; 
-орындаушылық техника тәсілдерінің дамытылуы; 
Класста өтілетін сабақтардың мазмұны; 
-ноталық мәтінді таза оқу: 
-әрбір партияны жекелей оқыту; 
-оркестрдің ортақ тембрі мен дауыстардың бірыңғай үндестігін жасау 
-динамикалық көркемдікке баулу (екпін мен ырғақ қойылымы); 
-шығармалардың формалық, стильдік сипаттарын оқыту. 
Алғашқы үйрету кезеңі жетекші-оқытушыдан педагогикалық шеберлікті, 
шыдамдылықты, оркестр мүшелерін қызықтырып, үйіріп әкететіндей іскерлікті 
талап етеді. Уақыт тапшылығына байланысты жетекшінің оркестр мүшелерімен 
жеке сабақ өткізуге мүмкіншілігі жоқ [5]. 
Жалпы оркестрлік дайындық оның барлық мүшелерінің аспапты игеру мен 
ансамбльде бірігіп ойнау дағдысының белгілі бір дәрежеге көтерілген кезеңінде 
өткізіледі. Оқушылар оркестрінің негізгі дайындық формасы - жалпы 
оркестрлік дайындық. Бағдарламадағы қойылатын негізгі оқу-тәрбие 
мақсаттары осы жалпы оркестрлік дайындық жағдайында іске асады. Мұндағы 
жүргізілетін жұмыстардың жүйесі мен мазмұны бағдарламаға енген концерттік 
оқу репертуармен тығыз байланысты. 
Оркестр жұмысында көрнекті орын алатын мәселе - репертуар. Балалар халық 
аспаптары оркестрі жұмысының табысты болуы көбінесе репертуармен тығыз 


456 
байланысты. Ол оркестр ұжымының белгілі дәрежедегі шығармашылық 
жетілуін анықтайды. Репертуарды іріктеуде оқытушы оркестрдің техникалық 
шеберлігінің және көркем-орындаушылық дағдылығының өсуін есте ұстағаны 
жөн. Тағы ескеретін мәселе, әрқашан да ұжымның мүмкіншілігін, оның 
сапасын, дайындық дәрежесін ұмытпауы қажет. Ойналатын шығарманың 
шағын, әуені жанға жайлы оркестр мүшелерінің қабылдауына жеңіл, ойын 
техникасы көп қиындық түсірмейтіндей болып келгені дұрыс. Репертуар 
қорында негізінен оқушыларды өз Отаның шексіз сүюге, патриотизм мен 
ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелейтін жоғары сапалы шығармалар болуы 
тиіс. 
Қорыта келе айтарым, қазақ халық музыкасына ерекше көңіл бөлген жөн. 
Себебі бұл арқылы оқушылар қазақ халқының ұлттық музыкасының бай 
мұрасынан сусындауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар батыс классиктерінің, 
қазіргі композиторлардың, еліміздің және дүниежүзі халықтарының музыкалық 
шығармаларын ойнап үйренуге де маңызы зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет