Байланысты: pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak
ән мен
күй осы операда өз орындарын тапқан:
ән операның вокалды бөлімінің (сольді номерлерімен хорлардың) негізі болса,
оркестр орындауындағы күйлер билердің музыкалық негіздерін құрды.
“Қыз Жібектің” тұңғыштың вариантының хор эпизоттары бір, екі дауысты ғана
болған. Жаңа музыкалық редакциясында бірінші актсынан Е.Брусиловский хор
бастамасын және әйелдердің хорына арналған а'капелла айтылатын “Гәкку”
әнін қосты. Лирикалық сюжет бойынша көп адамдардың қатысуымен
көріністер көп қолданбаған еді. Хорлар драматургияның ағымына әсер етпейді,
тек декарациялық мінезде жүреді. Бірақ, хор-спектакльінің ұлттық
сипатындағы мелодиялық көркі болып табылады.
Сонымен қатар бас кейіпкерлерінің мінездерімен байланысты, олардың
тағдырымен байланысты хор номерлері осы операда жоқ емес. Олар жалпы
ерекше бай. Ол - “Жар-жар” өлеңімен операдағы ең көлемді де маңызды би –
хор көрінісі. Оның негізінде “Соқыр Есжан” күйі жатыр. Күйге қарама-
қарсылықты жасалған би мен хор бар. Бұған дейін шыққан опералардың бірінде
де осындай симфонияланған би көрінісі жоқ.
Операның хор номерлерінің дамуындағы мелодиялық әдістері қазақ халық
әндерінде кәдімгі болып табылады: варианттық пен ән қылып айтуды
қолдануы, қазақ халық музыкасына танымал кадансы және кварта-квинталық
ауыспалық құрылысы. Хорлар формалары тікелей түрімен, түрлі ырғақтық
бейнелердің тұрақты өлшемі мен берілгендіктен ерекшеленеді. Осы жолмен
шығу дыбыстарының айрықша импровизациялығы жеткізіледі.
“Біржан мен Сара” операсында оның авторы – кеңестік қазақ муыкасының
дарынды өкілінің ең керемет белгілері мен қасиеттері көріністерін тапты.
Хор өнеріне орасан үлкен еңбегі сіңген, ұлы композитор Бақытжан
Байқадамовтың хор коллективтеріне
“16 қыз”, “Той бастар”, “Майра”,
“Жайдарман” т.б. халық әндерінің өңдеулерін жасаған. Олар хордың айтуымен
әйгілі болып, халық құрметіне бөленді.
Хордың
айтуындағы жаңаша әдістерін іздеу жолында ол өз
шығармашылық эфективті хор тәсілдерін, ұлттық мінезін көрсететін жолдарын
табады. Осыған байланысты Б.Байқадамовтың