Әдебиеттер
1. Н.Ә.Назарбаев халыққа Жолдауы «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» Астана, 2014 жылғы 17 қаңтар
2. Жикалкина Т.К. Биологиядан ойындар мен қызықты тапсырмалар. – Алматы: Рауан, 1992.
3. Анисимова В.С. т.б. Адам анатомиясы бойынша оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы.
Алматы «Мектеп», 1980ж
4. Биология және салауаттылық негізі журналы №1-4. 2003 ж.
5. Жарменова Г. Кәне, топтан оз! Бастауыш сыныпта математиканы оқыту. Бастауыш Білім,
2006, №3-4, 27, 28 беттер.
34
УДК 371.035.6
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК
ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІ
Мунашова Д.Б., п.ғ.к., Жанибекова Г.О. -магистр.,
Мыраманова С. ПМНОк 17-1 тобының студенті
Мардан. Сапарбаев институты ,Шымкент, Қазақстан
Резюме
В статье рассматривается вопросы формирования профессиональной
компетентности будущих педагогов - психологов в системе высшего учебного заведения
Summary
The views of future teachers on the issues of professional competence reflected in the work of
domestic and foreign scientists, educators, psychologists, and gives the definition of competence in
the learning process.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің
жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық заманауи біл
ім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге
қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге
айналуымыз
керек.
Барлық
жеткіншек
ұрпақтың
функционалдық
сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», - деп атап көрсетті. [1]Қазіргі білім
беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Жаңа формация
мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы
мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілетті, білім беру сапасының
жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Білім
сапасына деген сұраныстың артуы, нәтижеге бағытталған білім беру жүйесіне
көшуге деген талпыныс болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығына да үлкен
жауапкершілікпен қарауды қажет етеді.
Қазіргі таңда білікті маман даярлаушы білім жүйесінде бәсекеге қабілетті
маман қалыптастыру үшін, алдымен маманның кәсіби құзыреттілігін
қалыптастыру
керек
деген
әр
түрлі
пікірлер
жиі
айтылуда.
Құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ кәсіби маманның - қазіргі
студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың,
интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге,
білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды
қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ.[2]
Құзіреттілік -қызмет
атқарушының
жеке
мүмкіншілігі,
оның
квалификациясы (білімі мен тәжірибесі), шешім қабылдай алуы немесе белгілі
бір білім мен дағдыларына сәйкес шешім қабылдауы.
Құзіреттілік
-жеке тұлғаның теориялық білімі мен практикалық тәжірибесін
белгілі бір міндеттерді орындауға даярлығы мен қабілеті. Ол жансыз жаттанды
білім түрінде емес жеке тұлғаның танымға, ойлауға қатысын және әрекетке,
белгілі мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелерін
талдауға, ұдайы түрде ұтымды түзетулер енгізіп отыруға деген икемділігінің
белсенділігінен көрінеді.
35
Бүгінгі таңда болашақ мамандарға жоғары сапалы кәсіби білім беру
мәселесі ерекше назарға алынып отырғаны белгілі. Қоғам қажеттіліктері мен
әлеуметтік сұраныстарды қанағаттандыратын кәсіби кадрлармен қамтамасыз
ету жоғары оқу орындарына қатаң талап қойып, білім беру жүйесін жүзеге
асыруда озық шетелдік және отандық университеттердің тәжірибесіне сүйенуді
алға тартады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Халыққа жолдауында «Жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу
қажет. Нарықта жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететіндері ғана қалуға
тиіс... Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды,
коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар
аударылуда»,- деп көрсетілген [1].
Қазіргі өзгермелі қоғам болашақ мамандарды кәсіби дайындау мәселесін
жаңа сипатта тұжырымдауды талап етеді. Білім беру жүйесіндегі әлемдік
тәжірибеге негізделген реформалар кәсіби сауатты және білікті мамандарды
қажет етеді.Тұлға аралық қарым-қатынасты, педагогикалық үдерісті
гуманизациялауға және субъект-субъектілі өзара әрекеттестікті орнатуға
бағдарлану коммуникативтік құзыреттіліктер мәселесіне қызығушылықты
арттырды.Жалпы алғанда коммуникация -бұл қарым-қатынасқа түсушілердің
бір-бірімен ақпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру мен
қабылдау үдерісі болып табылады.
Құзыреттілік (лат.тілінен competere-сәйкес келу, жақындау)бұл маманның
белгілі бір кәсіби міндеттерді шешудегі жекелік қабілеттері. Осы орайда,
педагогтардың кәсіби құзыреттiлiгiнiң қалыптасуы мен дамуына ерекше мән
берiлiп отыр. Әсiресе педагог-психологтар қоғамдағы өзгерiстерге дер кезiнде
әрекет ете ала ма, яғни, бiлiм беру үдерiсiнiң субъектiсi ретiнде өзiнiң
позициясын дұрыс анықтап, өзгертiп, жасөспірім тұлғасын мақсатқа бағытты
дамыту үшiн инновациялық iс-әрекеттi енгiзу мәселесi туындады. Белгілі кеңес
ғалымдары С.Л. Братченко [2], Г.С. Трофимова [3] коммуникативтік
құзыреттілік мәселесін қарастырды.
Бұл еңбектерде коммуникативтік құзыреттіліктердің құрылымы анықталған.
Бұл құрылымға үш компонент енгізіледі: когнитивтік, мінез-құлықтық және
эмотивтік. Сонымен қатар коммуникативтік құзыреттіліктердің қайнары
шартты түрде субъективті: тұлғааралық қарым-қатынас үлгісінің субъект-
объектілі немесе субъект-субъектіліге психологиялық ыңғайлануын; жағымды
мотивация; мәдениет, білімділік, тәрбиелілік деңгейі; өмірлік және кәсіби,
тұлғааралық қарым-қатынас тәжірибесі және объективті: әлеуметтік орта,
тұлғаның әлеуметтену жағдайы, белгілі бір педагогикалық жүйедегі оқу-тәрбие
үдерісі болып бөлінеді. Мамандардың кәсіби құзыреттіліктерінің құрамдас
бөлігі ретінде коммуникативтілік алға шығады. Себебі тәжірибеде
коммуникативтік мәселелер педагог-психологтың кәсіби іс-әрекетінің өзегі
және тірегі екені белгілі.
Педагог-психологты білім беру ұйымдарында педагогтар, ата-ана және
балалар үштігіндегі орталық буын ретінде тұжырымдайды. Осы орайда,
36
заманауи маман табысты қызмет етуі үшін қажетті кәсіби қасиеттер мен
сапаларды құзыреттіліктер шеңберінде қалыптастыру бағытына ерекше назар
аударылуда. Болашақ педагог-психологтардың коммуникативтік құзыреттілігін
дамыту қажеттілігі оладың әрдайым байланыс орнататын серіктесімен әртүрлі
және көпжоспарлы қарым-қатынас жасау үдерісімен түйістіріледі.
Педагог-психолог өзінің қызметінде кәсіби міндеттерді шешуге қол
жеткізуі үшін іскерлік тұлғаралық қатынастағы өзара әрекеттестік құрылымына
негізделген және барлық талаптарға жауап беретін жоғары дамыған
коммуникативтік құзыреттілікке ие болуы шарт. Тұлғаралық қарым-қатынасты
орнатуға, сақтауға және дамытуға мүмкіндік беретін коммуникативтік білімдер,
икемділіктер және соған сәйкес қабілеттердің болуымен, сонымен қатар оларды
кәсіби орынды жағдаяттарда пайдаланумен түсіндіріледі. Кеңестік ғалымдары
Г.С. Абрамованың [4], В.В. Колпачниковтың[5] зерттеулерінде психологиялық
кеңес беруде тұлғааралық өзара әрекеттестікті жүзеге асыру маманның
коммуникативтік мүмкіндіктеріне негізделетіндігі көрсетілген.
Болашақ
педагог-психологтардың
коммуникативтік
құзыреттіліктері
қалыптасуынан тұлғамен байланыс орнату тиімділігі, әңгімелесушіні тыңдау,
мәселенің баламалы шешімдерін іздеу және оны талқылау, ұсыныстарды
орындауға бағыттау; сұхбаттасу барысында эмоциялық қысымды болдырмау
және т.б. тәуелді болады. Бұл мәселенің білім беру үдерісінде балалар
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайына ықпалы күшті болары сөзсіз. Педагог-
психолог кәсіби іс-әрекетінде қажетті коммуникативтік құзыреттілікке ие
болмаса, ол қаншалықты кәсіби білімге ие болғанымен оны жоғары білікті
маман деп айту қиын. Дегенмен педагог-психологтың коммуникативтік
құзыреттілігін кәсіби маңызды сапалармен міндетті түрде түйістіру қажет.
Коммуникативтік құзыреттілік жоғарыда атап кеткендей, қарым-қатынас
сипатында көрініс береді. Осы орайда педагог-психолог адамдармен қарым-
қатынасқа түсу барысында олардың мінез-құлығы мен ерекшеліктері туралы
өзінде қалыптасқан теориялық білімдер мен тәжірибеге негізделген
бақылаудың салыстырмалы нәтижелері арқылы өзгелер туралы тұтас бейне
қалыптастырады. Адам туралы қалыптасқан бейне педагог-психологтың өзара
әрекеттесушіге эмоциялық қатынасын, оған деген қызығушылық деңгейін
анықтайды. Сондықтан қалыптасқан бейне жалған емес, барынша толыққанды
шынайы болғаны дұрыс. Болашақ педагог-психологтардың коммуникативтік
құзыреттілігінің құрамдас бөлігі әлеуметтік сезімталдық болып табылады.
Әлеуметтік сезімталдықтың болмауы - педагог-психологтардың өзгелермен
қарым-қатынасында туындайтын қиындықтардың қайнар көзі болуы мүмкін.
Сезімдерді, ойларды және әрекет-қылықты дұрыс анықтау және алдын болжау
тәжірибемен және жаспен келетінін естен шығармау қажет.
Болашақ педагог-психологтардың әлеуметтік сезімталдығының дамуына
«ореол эффектісі» (барлық адамдарға таралатын бір ерекшелік туралы пікір),
проекция (өз қасиеттерін, әсіпесе, қажет еместерін өзгелерге ысыру),
стереотиптік бағалау кедергі келтіреді. Болашақ педагог-психологтардың
37
коммуникативтік аймағын дамытудың психологиялық жағдайы мен болашағы-
жоғары мектепте кәсіби дайындау барысында маманның коммуникативтік
қасиеттері мен әлеуетін жетілдірумен байланысты. Тұлғаның коммуникативтік
аймағының дамуы жоғары мектепте білім алған кезде табысты болады. Жоғары
мектептің заманауи даму кезеңінде болашақ мамандардың кәсіби-тұлғалық
дамуын психологиялық сүйемелдеудің әртүрлі технологиялары кеңінен
жасалып және ендіріліп жатыр.
Болашақ мамандарды кәсіби дайындау барысында қарым-қатынастың
коммуникативтік дағдыларын игеруге деген қажеттіліктерін сезіндіру қажет.
Сонымен қатар коммуникативті құзыретті және коммуникативтік-сөздік
белсенді болуға ұмтылуы маңызды болып табылады. Себебі бұл жағдай өзі,
өзгелер туралы терең білімді игеруге мүмкіндік береді. Осы білім арқылы
жаңаны құрып, шынайылықпен келісімге алып келеді.Педагог-психологтарды
кәсіби дайындауда жоғары мектеп төмендегідей форманы пайдалануға ден
қойып отыр:-тренинг;-рөлдік және ұқсастыру ойындары;- коммуникативтік
жаттығулар.
Жоғарыда көрсетілген белсенді оқыту формалары арқылы адамның
психологиялық ерекшеліктері мен коммуникативтік құзыреттіліктеріне
негізделген өзара әрекеттесудің өнімді амалдары мен тәсілдері қалыптасады [6].
Коммуникативтік қабілеттер мен дағдыларды дамыту болашақ педагог-
психологтардың қарым-қатынастағы кедергілерді жеңуіне көмектесіп, кәсіби
қызметтегі табыстарын анықтайды және мансаптық өсуге мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе болашақ педагог-психологтардың коммуникативтік
құзыреттіліктерін дамыту мақсатқа бағытталған, ілгеріленетін және сапалы
өзгеретін динамикалық үдеріс болып табылады.
Қазіргі таңда болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін
дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдер баршылық. Дегенмен болашақ-педагог
психологтардың коммуникативтік құзыреттіліктерін әлеуметтік-психологиялық
тренингтер арқылы дамыту жолдарын негіздеу қажеттілігі туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |