Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»


Ағылшын романтизмінің бірінші кезеңі



Pdf көрінісі
бет102/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

Ағылшын романтизмінің бірінші кезеңі 
Ағылшын әдебиетіндегі романтизмді сөз еткенде, 1800 жылы Вильям 
Вордсворт пен Сэмюел Колридж негізін салған «Көлдік мектеп» туралы айтпай 
кетуге болмайды. Мектептің Көлдік (ағылшынша, Lake-көл) аталуы осы үш 
ақынның өмірі мен шығармашылығының Англияның Солтүстігіндегі
әсем табиғат, көз тартар көлдерімен байланыстылығында болса керек.
Міне, осы көлдік мектеп өкілдері алғаш рет шығармашылықтағы классицизм
бағытын ашық түрде сынға алып, өмірді шынайы суреттейтін романтизм 
бағытына көше бастады. Лейкйстік (көлдік) ақындар өз шығармаларында
басты тарихи оқиғалар мен танымал тұлғаларды ғана суреттеумен шектелмей, 
қарапайым адамдар, еңбекеші-шаруалардың да тұрмыс-тіршілігін, ауыр өмірін 
жырға қосты. Мысалы, Вордсворттың шығармаларында сол кездегі ауылдың 
азып, халықтың тозуын көрсететін қаңғыбастар мен қайыршылардың ауыр 
өмірі жиі суреттелді. Ол «Алиса Фелл немесе кедейлік», «Теңізші анасы», 
«Кемберлендік кәрі қайыршы», «Бейшара Сюзанның армандары» т.б. 
өлеңдерінде сол кезеңдегі қоғам мен адамның аянышты тағдырын асқан 
шеберлікпен көрсете білді.
Сол кезеңде Вордсворттың әсіресе табиғат лирикасы ерекше аталды. Ол 
туындыларында табиғаттың ғажап көрінісін, әсем бояуын, жұпар иісін нәзік 
сезімге толы өлеңмен өрнектей отырып, тылсым сырлы табиғат пен ақыл-ой 
иесі адамның арасын жақындата түсуге тырысты. Оның көлдік өңірдің тамаша 
көріністерін суреттеген «Көкек», «Жүрегім менің тулайды», «Шілік ағашы» т.б. 
өлеңдерін оқыған жанның табиғатқа деген сүйіспеншілігі артып қана қоймай
онымен еркін сырласқандай күй кешеді.


272 
Сонымен, ағылшын әдебиетінде романтизмнің алғашқы соқпағын салған 
Вордсворт, Колридж, Саутилар десек, лейкейстік ақындар Роджерс, Блейк, 
Мур, Чаттерондар да жаңа бағытты жатырқамай қарсы алып, туып өскен 
жерлерін шабыттана жырлап, қоғамның өзекті мәселелерін де жырға қосты.
Жаңа романтизм бағыты жалпы алғанда әдебиетке жаңа тақырып, жаңа 
кейіпкерлер әкеліп, сөз өнерін өзіндік ерекшеліктерімен байытты. Азаматтық 
лириканың тақырыптық, идеялық ауқымын кеңейтіп, романтикалық поэманың 
озық үлгілерін туғызды. Романтизім бағытында туған туындылардың 
кейіпкерлері негізінен жақсы өмір, бақыт, азаттық үшін аянбай күресетін, 
күшті, жігерлі, намысты жандар ретінде суреттелді. Сондай-ақ, олардың ерекше 
қасиеттері мен ерлік істері де әсірелене мақталып, мадақталды. Алайда, 
романтизмнің өзіндік артықшылықтарымен қатар осал тұстары да болды. Батыс 
романтиктерінің бір тобы жақсы өмірді, баянды ғұмырды болашақтан іздесе
ендігі бір тобы өткен кезеңді аңсап, өз шығармаларында ортағасырлық өмірге 
қайта оралуды насихаттады. Бірінші топтағылардың ұстанған бағыты-ілгерішіл 
немесе революциялық романтизм делінсе, кейінгі топтағылардың бағыты-
кертартпа романтизм делінді. Ілгерішіл романтиктер өз шығармаларында 
арман-мұраты асқақ, өзгелерден биік тұратын ізгі ниетті тұлғаларды арқау етсе, 
кертартпа романтиктер мұндай ағартушылық идеяны жақтаудан бас тартып, 
тіпті оның қоғамдағы рөлін жоққа шығаруға тырысты. Болашаққа күмәнмен 
қарап, өткенді аңсаған олардың шығармаларында өмірден түңілушілік, 
тағдырға мойынсұну секілді писсимистік сарынға кеңінен жол берілді. Сол 
кезеңде аралдықтар деп аталып кеткен жергілікті
тұрғындарының ішінде билік басындағылар мен бай-шонжарлар ілгерішіл 
романтиктерді жек көріп, елден қууға күш салса, әл-ауқаты төмен кедей,
жалшылар арманшыл, өршіл романтиктердің шығармаларынан бойына күш-
қуат алып, болашаққа деген үміт-сенімдері арта түсті. 
Дегенмен, 1820 жылдары романтиктердің алдыңғы толқыны өмірден 
өткен соң, ағылшын романтизмі құлдырап, бірте-бірте өзінің ағымдық 
қасиетінен біржолата айырылып, басқа әдеби ағымдарға жол берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет