273
лирикалық поэзияның бай қазынасы» деп атап өтті. [В.Г.Белинский.
Шығармалары. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1987 ж. 79-бет]
Мақаламның
басты тақырыбы болғандықтан, солардың ішінен ағылшынның
атақты ақыны, әлемдік поэзияның ең биік шыңдарының біріне айналған, Батыс
Еуропа ақын-жазушыларының ішінде өршіл романтизмнің дамуына зор ықпал
еткен
тұлға-Джордж Гордон Байронға, оның шығармашылығына кеңірек
тоқталғанды жөн көрдім.
Джордж Ноэл Гордон Байрон 1788 жылы 22 қаңтарда Лондон қаласындағы ірі
ақсүйек жанұясында дүниеге келген. Жастайынан-ақ әділдікке бой ұрған ол өз
отанындағы зұлымдық пен әділетсіздікке қарсы тұрды. Өзі ақсүйек ортадан
шығып, «лорд» мәртебесіне ие бола тұра,
өз ортасымен сиыса алмай, азаттық
үшін күресіп жатқан елдерге сапар шегеді. 1809 жылдан бастап өмірінің соңына
дейін Испания, Швейцария, Италия, Албания, Греция елдерінде болып,
олардың саяси-әлеуметтік күрестеріне өзінің отты жырларымен үн қосады. 1816
жылы ағылшын озбыр топтарының қудалауымен ол
өз отанынан біржолата
кеткен ол көп ұзамай Италияның Венеция қаласына қоныс аударады.
1819 жылдың сәуір айында Байрон Италия бостандығы үшін күрестегі
каробинерлердің астыртын саяси ұйымына мүше болып кіреді. Ол өзінің
шығармашылық еңбектері арқылы тапқан қаламақысын каробинерлердің күресі
үшін аямайды, тіпті оның Равенн қаласындағы үйі құпия қару-жарақ қоймасы
мен көтерілісшілердің штабына айналады. Өршіл ақын мұнымен де тоқталмай,
өз корольдерін тақтан тайдырған неополитандық революционерлердің жеңісіне
үн қосып, оларға рух беретін жалынды жырларын арнайды. Алайда, көтеріліс
жеңіліспен
аяқталып, қуғынға түскен ол елден кетуге мәжбүр болады.
Грецияға барып, грек халқының азаттық күресіне қатысып, халықты көтеріліске
шақырады:
Бас көтер, грек Отаны,
Дұшпанға енді бел бүкпе!
Байырғы даңқтың шапағы,
Шақырды қайта ерлікке.
Қару ал жеңіс іздеген,
Көз жасын күрес құрғатсын»
Жауынгер өткен ізбенен,
Жауыздың қаны бірге ақсын. [Байрон Джорж. «Көтерілісші гректердің
әні» Чайльд Горольдтың сапары. Қабыл. Теңіз көкжалы. Өлеңдер. Астана:
Аударма, 2005 ж. 532-бет] Өз қаражатын жұмсап, әскери жасақ құрады.
Жасақты басқарып жүріп, ауыр науқасқа шалдығып 1824 жылдың 19 сәуірінде
қайтыс болады. Өршіл ақынның қазасына әлемнің әдебиет сүйер қауымы қатты
қайғырады. Оның мәйіті өз отанына жеткізіліп, шіркеуге жерленеді.
Бар-жоғы 36 жыл ғұмыр кешсе де, соңында өлмес-өшпес құнды мұралар
қалдырған «поэзияға азаттықтың рухын алып келген» [А.Кеңшілікұлы. «Әлем
әдебиетінің әңгімелері»,
Зерттеулер, эсселер, сұхбаттар,Алматы, ЖСШ РПБК
274
«Дәуір», 2019 ж. 268-бет] өршіл ақынды Еуропаның алдыңғы қатарлы барлық
ақындары «ой-пікірді билеуші» деп атап, өз
шығармашылықтарын шыңдауда
үлгі-өнеге тұтты.
Достарыңызбен бөлісу: