Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»


кітапты болып қалдым. Аяқ астынан көлікті



Pdf көрінісі
бет106/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

кітапты
болып қалдым. Аяқ астынан
көлікті
болып қалды. Екі ортада 
аяқкиімсіз
қалармын. Бөлмеге 
сөмкесіз
кіріңдер. Оның көйлегі де менің 
көйлегімдей
екен. Марат бүгін 
кешегідей
кешігіп келді.
Осы сияқты сөйлеу 
тілінде аталған жұрнақтар сөздерге талғамай жалғанып, сөйлеу бірліктерін 
тудыра береді. Мұндай сөйлеу бірліктерінің шегіне жету қиын. Сондықтан бұл 
жұрнақтар қолданыстағы мәнінде сөздерге жаппай жалғанып, грамматикалық 
абстракция жасайды, сөз түрлендіруші қызметте жұмсалады. 
Н.Сауранбаев аталған жұрнақтарды сын есім тудырушы жұрнақтар қатарында 
көрсеткенде, осы сияқты сөйлеу бірліктерін мысалдарында көрсетпеген. Бұдан 
ғалымның осы функционалды қосымшалардың тілдік табиғатын сол кездің 
өзінде-ақ аңғара білгендігі деп санаймыз. 
Сын есімге қатысты Н.Сауранбаев тұжырымдарының қазіргі грамматикалардан 
ерекшелігі – сын есімінің мағыналық топтарын жіктеуінде. Қазіргі 
грамматикаларда сын есімдер сапалық және қатыстық сын есімдерге ғана 
жіктелсе, ғалым сапалық сын есімдерді «сыр сыны» деген терминмен атайды. 
Қазіргі грамматикаларда қатыстық сын есімдердің құрамында аталатын туынды 
сын есімдерді мағынасына қарай топтастырып көрсетеді. Жоғарыдағы сыр 
сынынан басқа 
қатыстық сыны, өнер сыны,
салыстырмалы сын
деп, барлығын 
қосқанда төрт түрін атайды. 


278 
Қатыстық сын есім сөздерге
-лы/лі, -и, -лық/лік, -ғы/гі, -сыз/сіз
сияқты 
жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады дейді. Мысалы: 
саяси, кешегі, 
ауылдағы, педагогикалық, болымсыз, жарамды т.б.
Өнер сыны етістікке 
-ғыш, -паз, -шыл
жұрнақтарының жалғауы арқылы 
жасалатынын айтады (
сөзшіл, айтқыш, өнерпаз, жолшыл
т.б.) 
Салыстырма сын зат есімге 
-дай/дей
жұрнағының жалғауы арқылы жасалады. 
Мысалы: 
мұздай, тастай, өрімдей, оқтай
т.б. 
Жоғарыдағыдай мағыналық топтарды жіктеп шығаруында ғалымның қазіргі 
кезде етістіктің лексика-семантикалық топтары, сол сияқты сын есімдердің 
лексика-семантикалық топтарын бөлетін классификацияға ұқсайды. Мысалы 
өнер сыны 
деп бейімділікті білдіретін сын есім сөздерді атайды. Ал кейбір 
ғалымдар еңбектерінде салыстырма шырайға жатқызылған 
-дай/дей
қосымшасын Н.Сауранбаев шырайдың қатарында көрсетпей, 
салыстырма сын
деп сын есімнің бір мағыналық тобы деп атап көрсетеді [1]. 
Н.Сауранбаевтың бұл жіктемесі қазіргі грамматикалармен толық сәйкес 
келмегенмен, ғалым сын есімдердің мағыналық реңктерін дұрыс таныған.
Қазақ тіл білімінде сын есімдерді лексика-семантикалық топтарын жіктеу 
мәселесі Н.Оралбаева, М.Оразов еңбектерінде қарастырылады. Н.Сауранбаев 
сын есімдерді лексика-семантикалық тұрғыдан зерттеген ғалымдардан 
ерекшелігі сыр сыны деп атаған сапалық сын есімдерді мағыналық топтарға 
бөліп көрсетпейді. Біздіңше, Н.Сауранбаев сын есімдерді жіктеуде лексика-
семантикалық принцип пен грамматикалық принципті бірге алып қарастырған. 
Алайда ғалымның сол кезеңнің өзінде лексика-грамматикалық табиғаты толық 
ашылмаған тілдік құбылыстарды, нәзік тілдік мағыналарды жете тани білгендігі 
дау тудырмайды. 
Сонымен қатар сын есімнің шырай категориясының жіктемесі де осы күнге 
дейін бір шешімін таппаған даулы мәселелердің қатарында саналады. Оларды 
жіктемесі қазақ тіл білімінде ғана емес, түркі тілдерінде де бірізді емес. Мектеп, 
жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарда шырай бір кездері 
жай шырай, 
салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай 
болып тұрақты 
беріліп, кейінгі кездері ғылыми грамматикаларда 
салыстырма
және 
күшейтпелі шырай
болып екі түрі ғана аталып жүрсе де, шырай 
категориясының зерттелу тарихында оның түрлеріне қатысты әртүрлі 
пікірлердің болғандығын байқаймыз. Мысалы, шырай түрлерінің көп болып, 
мағыналық реңктерге ажырай түсуі оның шырай категориясының құрамында 
көрсетілген жұрнақтардың семантикасымен байланысты (функционализм). Ал 
мағыналық топтардың жинақталып берілуі тілдік-жүйелілік принциптің 
(структурализм) басшылыққа алынуына байланысты деп ойлаймыз. 
Қазақ тіл білімі зерттелуінің алғашқы кезеңінен бастап-ақ орыс тіл білімінің 
жүйесімен структуралық бағыт бірден орын тепкенмен, қазақ ғалымдары әр 
кездері осы структураның шегінен шығып кетіп отырды. Өйткені жүйесі бөлек 
орыс тілінің тілдік табиғаты қазақ тілінің ішкі болмысына үнемі сәйкес келе 
бермесі заңды. Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы бастаған қазақ ғалымдары тілдік 


279 
бірліктердің мағыналық реңктерін ұлттық таныммен терең танып, өз 
еңбектерінде сипаттап беріп отырды. А.Байтұрсынұлының райдың, етістің, 
шақтың мағыналық топтарын жіліктеп бөліп көрсетуі де осы «мағыналық» 
принципті ұстанғандығының айғағы. 
Н.Сауранбаев та өз кезегінде осындай мағыналық мәндерді басты ұстаным 
еткен. Мәселен, қазіргі грамматикаларда салыстырмалы шырай болып 
көрсетіліп жүрген 
-лау/леу
мен 
-рақ/рек
жұрнақтарын екі бөліп, олардың 
семантикасына қарай 
салыстырмалы шырай
(-рақ/рек)
және
шағын шырай (-
лау/леу)
деп ажыратып көрсетеді. Осындай сапаның артық-кемдігін білдіретін 
-
ғылт, -ыш, -ғылтым (қызғылт, қызғылтым)
сияқты жұрнақтардың да сапаның 
артық кемдігін шамамен айтқанда қолданылатынын, сонымен қатар осы соңғы 
жұрнақтардың барлық сын есімге жалғанбай, талғап жалғанатынын айтады. 
Бұдан Н.Сауранбаевтың -
ғылт, -ғылтым
сияқты жұрнақтарды сын есім 
тудырушы жұрнақтар қатарында бермегенмен, сондай-ақ шырай қатарында 
атағанмен, олардың сөзжасамдық жұрнақтар сияқты талғап жалғанатын 
ерекшелігін таныған деп санаймыз. 
1948 жылғы педучилищеге арналған «Қазақ тілі грамматикасында» жоғарыда 
аталған салыстырмалы және шағын шырай түрлеріне бөлмей, «талғаулы 
шырай» деген атаумен береді. Сонымен қатар осы еңбекте шырайдың аталған 
талғаулы, таңдаулы
түрлеріне 
жай шырайды
қосып, шырайдың үш түрін 
атайды [2,102 б.]. 
Н.Сауранбаев қазіргі грамматикаларда күшейтпелі шырай деп аталып жүрген 
шырайды «таңдаулы шырай» деген терминмен атап, оқулықтарда күшейтпелі 
және асырмалы шырай деп аталып жүрген шырайдың екі түрін біріктіріп, осы 
таңдаулы шырай құрамында берген [1]. Көп уақытқа дейін қазақ 
грамматикаларында бұл екі шырай түрі жеке дара берілген болатын. Алайда 
С.Исаев өз еңбегінде, сонымен қатар «Қазақ грамматикасында» бұл екі шырай 
түрін біріктіріп, күшейтпелі шырай деп қана көрсетеді. Н.Сауранбаев пен 
С.Исаевтың күшейткіш буын арқылы және күшейткіш үстеулердің тіркесуі 
арқылы жасалатын екі шырай түрін бірге беруі ұқсас. Сонымен қатар 
Н.Сауранбаев жай шырайдан кейін -
ақ 
шылауын қойып, таңдаулы шырай 
жасауға болады дейді (жақсы-ақ, әдемі-ақ). [2, 103 б.]. 
Н.Сауранбаев педучилищеге арналған «Қазақ тілі» оқулығында сын есімдер 
тарауында «Сын есімнің жалғаулы түрі» деген тақырып беріп, онда сын 
есімдердің зат есім жұрнақтарын қабылдап, түрлене алатындығын айтады [1]. 
Демек, ғалым сын есімдерге жалғау жалғанғанда заттанып қолданылатынын 
атап көрсеткен. Бұдан ғалымның сын есімдердің субстантивтенуге бейім сөз 
табы екендігін аңғарып, транспозиция құбылысын танығандығын байқаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет