263
сипаттарымен бірге кейіпкердің тұлғасын, мінезін, іс-әрекетін, суреттеу үшін
қаламгер түрлі суреттеу тәсілдерін қолданады. Солардың бірі – кейіпкерге ат
беру. Әдеби
кейіпкерге ат беруді ұлы еңбек, өнер деп қарау керек, өйткені
көркем шығармада кездейсоқ аттардың болуы мүмкін емес. Ұлы француз
жазушысы В.Гюго: «Алдымен атты ойлап табу керек. Ат табылған жерде
сюжетті ойлап табу қиын емес»,–деген сөзі көп нәрсені аңғартады.
Орыс жазушысы Л.Успенский «Сен және сенің атың» кітабында: «Егер
Л.Толстойдың басына өзінің геройларының фамилияларын, айталық,
Ростовтың фамилиясын Перепенияға өзгертер ойы келсе, «Соғыс пен
бейбітшіліктің» мықты ғимараты теңселген болар еді» деген сөзін тек ғана
жеңіл әзілге құрылған деп санауға болмас. Шынында, Ростов, Облонский
немесе Иртеньевке Перепения, Чичиков
немесе Плюшкин секілді
фамилияларды
беру,
бейнелеп
айтқанда,
миға
сыймас
дүниелер
ғой. Ю.Тынянов айтқандай, «Көркем шығармада танымал емес есімдер жоқ.
Шығармада аталған әр есімнің өзі мағына».
Сонымен, кейіпкер аттарын этнолингвистикалық аспект тұрғысынан, яғни
ұлттық көзқарас, ұлттық ерекшелік, этномәдени, этнографиялық факторларды
ескере отырып, қазақтың рухани дүниесі мен ұлттық болмысын қарастыра
отырып, жалқы есімдерді жүйелі зерттеу арқылы автордың ойы, эстетикалық
көзқарасын ашуға мүмкіндік береді.
Жалқы есімдер,
тілдік таңба бола тұра, халықтық дүниетанымның
фрагменттерін: мәдени, тарихи, діни бейнелерін айқындай алады. Дегенмен, кез
келген оним бір ұлт мәдениетімен тікелей байланысты, өйткені тек бір тілде
ғана бұл онимді түсіну, оның өзге тілдегі мағынасын білдірмейді. Индивид ол
онимді тек өзіне ғана тән ақпарат аясында түсініп біледі, сондықтан да сатира
жанры бұл көпшілік қоғамда онимнің өз орнын анық ашып көрсетуде басты рөл
атқарады.
Өйткені сатира, юмор айналадағы болмыс-құбылыстарды ұзақ уақыт байқап-
көрудің, зерттеп-білудің нәтижесінде туады. Ол көп ойланып, толғанудың,
ақыл-ой, дүниетаным елегінен өткізудің жемісі ретінде көрінеді. Ал әзіл-
қалжың түріндегі шымшыма сөз,
пікірлер табан астында, күтпеген жерден
тілмарлықпен, тапқырлықпен айтала салынады. Олар – бақылап-болжаудың,
үңіліп-ұғынудың жемісі емес, бір нәрсеге адамның аяқ астынан көңіл бөле, ой
жүгірте, пікір білдіре қоюының жемісі.
Сонымен қатар, сатира, юмор белгілі бір дүниетанымның, саяси-әлеуметтік
көзқарастың көрінісі, сәулесі ретінде ресми шығарма түрінде туғызылады. Ол
баспасөзде жарияланып, эфирден естіліп, экраннан көрсетіліп,
жалпы жұртқа
паш етіледі. Ал, әзіл-қалжың кез келген жерде, отбасы, ошақ қасындағы, той-
томалақтағы отырыста реплика түрінде айтыла салады. Онда ресми сипат,
жалпы жұртқа кең танымалдық болмайды.
Сатира, юмор кемшілік иелерінің бәрінде бірдей бағыттала береді, ал әзіл-
қалжың дәстүрлі реті бар, жөні бар адамдар арасында ғана, яғни құрбы мен
құрдас, жезде бар адамдар арасында ғана,
яғни құрбы мен құрдас, жезде мен
264
балдыз, құда мен құдаша, жеңге мен қайын, нағашы мен жиен, қайын жұрт пен
күйеу арасында ғана айтылады.
Қорыта айтар болсақ, жалқы есімдер жалпы есімдерге қарағанда, тарихтың әр
кезеңіне байланысты өткен оқиғалар жайлы нақты да қызықты дерек бере
алады, өйткені тілдің тірек үш тағанының бірі – «жер бетіндегі ескерткіші
ономастика». Поэтикалық ономастиканың басты мақсаты көркем туындыдағы
кейіпкер аттарының, яғни әдеби жалқы есімдердің қолданыс заңдылығын, әр
түрлі қызметін (идеологиялық,
стилистикалық, экспрессивтік) анықтау,
автордың ойы мен жанрлық көзқарасын ашуға мүмкіндік береді.
Жалқы есімдердің тілдік жүйе мен көркем әдебиет дискурсында
қолданылатынын ескерер болсақ, көркем әдебиеттерде қолданылатын жалқы
есімдер онимиялық ақпаратқа ие бола тұра, автор тарапынан қойылған
міндеттерді шешу үшін жаңа, қосымша мағыналарға ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: