Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет128/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

 
Literature: 


339 
1. Zelenova O.V. Methodology for the formation of foreign language academic skills of working 
with scientific literature among students of non-linguistic specialties of pedagogical universities: 
abs. diss. ... cand. ped. sciences. – M., 2008. – 20 p. 
2. Klevtsova N.I. Methodological and didactic principles of creating and using multimedia 
educational presentations in teaching a foreign language: abs. diss. ... cand. ped. sciences. – M., 
2003. – 17 p. 
3. Polat E.S. Internet in liberal arts education. – M., 2001. – 245 p. 
4. Titova, O. A., Golovina, I. V. School education: standards and innovations [Text] // The role of 
universities and museums in humanitarian research: Materials of the VI International scientific and 
practical conference. - Tula: Publishing house of Tolstoy TSPU, 2011. – P. 225-227. 
5. Mashbits E.I. Computerization of learning: problems and perspectives. M., 2016. – 270 p. 
6. Rodionova, I. V., Titova, O. A. Improving the quality of teaching in the humanities in the 
context of the requirements of the Federal State Educational Standard [Text] // Proceedings of the 
conference "Development of the humanities in modern sociocultural space" October 7-9, 2015. - 
Tula: Publishing house Tolstoy TSPU, 2015. – P. 153-157. 
ӘОЖ 796.4 
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН ҰЛТТЫҚ 
ҚОЗҒАЛМАЛЫ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ЖЕТІЛДІРУ 
Әбутәліп А.Ә.- 
магистр аға оқытушы, ОҚМПУ, Шымкент, Қазақстан
 
Бейсенбаева Қ.Н.-
№132 ЖОМ, Шымкент, Қазақстан
 
Байдосова А.А.- 
магистр аға оқытушы, ОҚМПУ, Шымкент, Қазақстан
 
 
Резюме 

Казахские национальные игры имеют самую широкую взаимосвязь во всех сферах в 
жизнедеятельности человека. Национальные игры положительно воздействуют на 
занимающихся не только на физическое развитие, но и укрепляют силу воли, психическое 
развитие до и в целом оказывают огромное воспитательное значение. 
Summary
Kazakh national games have the widest relationship in all spheres of human life. National games 
have a positive impact on those engaged not only in physical development, but also strengthen 
willpower, mental development before and as a whole have great educational significance. 

 
Қазақ халқының ұлттық ойындары алуан түрлі, сан қырлы, мазмұнға бай, адам 
баласының сәбилік шағынан бастап, бүкіл өмірін тұтас қамтуға негізделіп 
жасалған. Бұл мемлекеттік тәрбие беру мекемелері мен халық жасаған, барлық 
мәдени іс-әрекеттерді өз бойына жинақтап, халыққа білім және тәрбие беру 
мәселесін шешудің құралы қызметін атқарады. Өйткені ұлт ойындары 
балалардың жас ерекшеліктеріне орайластырып жасалған. Баланың сәби
шағынан бастап ер жетіп, азамат санатына қосылғанға дейінгі өмірін қамтып 
қана қоймайды, адамның бүкіл өмір бойғы жан серігіне айналады. Атап 
айтқанда, дүниеге жаңа келген нәрестеден бастап, ер жеткенге дейін ойын 
арқылы тәрбие алады. Жігіттік шағында байсалды ұлт ойындарына қатынасып, 
жарыс аренасына шығады

1, 23б

. Одан кейінгі жігіт ағасы жасында, ойынды 
ұйымдастырушының ролін атқарады. Келесі кезеңде сол халық дәстүріне өз 


340 
ұрпағын тәрбиелеуші, баулушы, ақылшы-кеңесші ретінде де, сондай-ақ 
көрермен ретінде де қатынасады.
Осы күнге дейін біреулер ойын десе, күлкіні, жеңіл-желпі көңіл көтеруді көз 
алдына елестетеді. Дәл осылай ойлағанның өзінде де ойын өз дегеніне жетіп, 
әлеуметтік-педагогикалық бір мақсатты көздеп, тәрбие құралы қызметін 
атқаратыны анық.
Кеңестер одағының құлап, тоталитарлық құрылыстың ыдырауына байланысты, 
еліміздің еркіндік алуы, ел өмірінің барлық саласына айтарлықтай жаңалықтар 
әкелді. Ендігі жерде өткен өміріміз бен өнерімізге жаңаша қарап, ұрпақ 
тәрбиесін халқымыздың ежелгі арманы болып келген, өз халқының мүддесіне 
сай қайта құруға мүмкіншілік туды. Бүгінде оқу орындарының алдында тұрған 
негізгі мақсат - заманымызға сай ұлттық мүддені көздейтін, отанын сүйе 
білетін, қазақстандық патриотизмді жастар бойына сіңіріп, оны өмірдің өзі 
талап етіп отырғандай етіп күн тәртібіне қою. Алайда, көптеген авторлар өз 
зерттеулерінде, ойынды халық педагогикасының бір саласы ретінде ала 
отырып, оны тек тәрбие құралы ретінде ғана қарастыруды өздерінің басты 
міндеттері ретінде көрсететіндіктерін айта отыруды жөн көрдік

2, 34б

. Ұлт 
ойындарын, жалпы ойын атаулыны, тек тәрбие құралы ретінде бөліп алып 
қарау, біржақтылыққа апарып соғатынын ескерген жөн деп білеміз. 
Бұл ойын туралы пікірдің дұрыс қалыптаспағандығын көрсетеді. Сонымен 
бірге, әр ұлттың өзіне тән даму барысындағы қалыптасу ерекшелігін 
ескермеуден, 
олардың 
әлеуметтік-экономикалық, 
тарихи-жарнамалық 
орындарын жете тексермегендіктен туған жаңсақтық деп білеміз. 
Қазақтың ұлттық ойындары - адамның дене, ақыл-ой, адамгершілік 
қасиеттерінің шыңдалып өсуіне жан-жақты әсер ететін әмбебап құрал. Ол өзін-
өзі тәрбиелеп, өзіне өзі білім берудің бүгінгі біртұтас педагогикалық талаптарға 
сай келетін дидактикалық негіздегі педагогикалық-әлеуметтік ахуалды байыта 
түсетін оқу-тәрбие құралы. 
Ұлттық спорт түрлерімен, ойындармен, билерімен шұғылдану бос уақытты 
өткізуге көмектеседі, денсаулықты нығайтады және ең бастысы мінездердің 
қалыптасуына ықпал етеді. 
Халық ойындары, спорт түрлері мен билері педагогиканың дәстүрлі тәсілдері 
болып табылады. Көп ғасырлардан бері оларда адамдардың өмір салты, 
олардың тұрмысы, еңбегі, халықтық тұғырнамалары, ар-намысы, ерлігі, 
ептілікке, төзімділікке, күшке ие болуға деген ұмтылысы, қимылдар 
жылдамдығы мен әдемілігіне, күле жүріп орындауға, шығармашылықты ақыл-
ойға, тапқырлыққа, ерік күші мен жеңіске деген талпынысы көрінісін табатын. 
Халық ойындары мектеп оқушыларының интернационалдық тәрбиесі мен 
дене тәрбиесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Олардың бойында өз 
халқының мәдениетіне деген тұрақты, қызықты, құрметтеу қарым-қатынасы 
қалыптасады. 


341 
Балалар мен жеткіншектерді ерте жастан бастап халықтық дәстүрлер негізінде 
тәрбиелеу қоршаған табиғатқа, қоғамда өзара қарым-қатынас қалыптастыруға 
ықпал етті. 
Ұлттық спорт түрлері мен ойындардың, бұқаралық спорт мерекелері мен 
жарыстардың негізгі қызметі адамның өмірлік маңызы бар дене және рухани 
сапаларын жетілдіру басты мұраты болып табылатын спорттық қызметтің ең 
басты маңызынан келіп шығады. Олардың педагогикалық маңызы кең 
мағынасындағы тәрбиелеу әдістері мен тәсілдері категориясына жатады. Бұл 
дегеніміз, қазақтың қазіргі ұлттық спорт түрлері осы спорт түрлерімен және 
ойындарымен шұғылданатындарға тәрбиелік әсер етуді ұйымдастыру тәсілінің 
нақты негізі екендігін білдіреді. 
Ұлт ойындарының бойында тұтас педагогикалық процестің негіздері бар. Тұтас 
педагогикалық үрдістің құрамына - оқу, оқыту, білім беру, тәрбие, дамыта 
оқытып, дамыта тәрбиелеу процестерінің табиғи бірлігі жатады. Ал ұлт 
ойындарының бойына ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене 
тәрбиесінің негіздері сіңіскен. Сондықтан ұлт ойындарының әлеуметтік-
педагогикалық негіздерін сөз еткенде оның дидактикалық негіздері туралы сөз 
айтпай өтуге болмайды. Дидактика-оқу теориясы ретінде “нені оқыту 
керек”, ”қалай оқыту керек” деген сұрақтарға дәйекті жауап беруді іздейді. Оқу 
- оқушының іс-әрекеті болса, оқыту екі жақты процесс. Оқыту процесі оқушы 
мен оқытушының бірлескен әрекетінен тұратын күрделі процесс. Оқушы білім 
алуға, оның қажеттігіне түсінбейінше оқытушы өз міндетін дәйекті түрде 
атқаруы қиын. Олай болса, оқытушы ең алдымен оқудың түрткісін оқушының 
анық түсініп білуіне жол ашуы керек. Ал түрткі белгілі бір әрекеттің 
мақсаттылығы, соған итермелейтін, бағыттайтын қозғаушы күш. Оқудағы 
оқушы мақсаты - білу, құбылыс пен уақиғаның сырын білуге ұмтылу. 
Сондықтан оқыту - оқушы мен оқытушының іс-әрекеті болғанымен, көп 
жағдайда абстракциялық рөл атқарады. Егер оқушы оқу мотивін анық, айқын 
түсінген болса, оқушы мен оқытушының бірлескен іс-әрекеті оң нәтижесін 
береді. 
Ұлт ойындарының дидактикалық негіздерін сөз еткенде, ең алдымен ойын 
мотивінің айқындығы мен анықтығын айтуымыз тиіс. Ойын түрткісі-жеңіс. 
Ойын шиеленіскен тартысқа негізделеді. Сондықтан, қандай ойын болмасын 
оның қорытындысы жеңіспен аяқталуға тиіс немесе тең аяқталады. Қандай 
жағдайда болмасын белгілі бір қорытындыға келеді.
Педагогиканың негізгі ұғымдары - оқу, оқыту, тәрбиенің негізгі мақсаты 
дамыту. Баланың дамуы - күрделі қайшылықтары бар ішкі және сыртқы 
факторлардан тұрады. Олар тұқым қуалаушылық, орта және тәрбие.
Педагогикалық үрдістің нәтижелі болуы оның ішкі (тұқым қуалаушылық) 
қозғаушы күштеріне байланысты. Қозғаушы күш деп қойылатын талаптар мен 
оларды орындауда оқушылардың мүмкіншілігі арақатынасындағы қайшылықты 
айтады. Егер қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму 
дәрежесіне сай келсе, онда қайшылық даму үрдісінің көзіне айналады. Орта мен 


342 
тәрбие бір-бірімен байланысып, ұштасып жататын, адам өміріне ықпал 
жасайтын сыртқы әсерлерді құрайды. Адамға сырттай әсер ететін сан алуан 
құбылыстардың жиынтығын, әдетте орта деп түсіндіреді. Орта көбінесе адамға 
стихиялық (санасыз) түрде әсер етіп, ішкі сезімді оятады. Сыртқы әсерлерді 
қабылдау қабілетіне қарай жеке бастық дара психологиялық ерекшеліктермен 
қалыптасады. Адамға сырттай болатын маңызды да анықтаушы ықпал-
әлеуметтік ортаның ықпалы болып табылады. Әлеуметтік ортасыз, адаммен 
араласпайынша, адам өздігінен, тәжірибе жинақтап, білімді адам бола алмайды. 
Адам дегеніміз- қоғамдық қатынастардың жиынтығы деп айтудың негізі 
осыдан болса керек. Ұлт ойындары балаларды әлеуметтік-педагогикалық 
негізде бір-бірімен араластырып тәжірибе, білім ауыстыру мен қарым-қатынас, 
тіл табысу, еңбек үрдісіне, басқа да іс-әрекет түрлерін әзірлеуге айтарлықтай 
әсер етеді.
Адамға сырттай әсер ететін әсердің үшінші түрі-тәрбие. Ортаның ықпалынан 
оның айырмашылығы-адам бойына, оның дамуына сырттан жасалатын 
ықпалдың белгілі бір мақсатқа сай, саналы және ұйымдасқан түрде 
жасалатындығы.
Оқу-тәрбие жұмысында ұлт ойындарын саналы түрде пайдаланудың 
нәтижесінде-сабақтың мазмұнын байытып, оқушының білім алу мен білуге 
деген ынтасын арттырып, дүние танымын кеңейтіп, өмірге құштарлығын 
күшейту мақсаты көзделеді. 
Педагогикалық үрдістің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы күшіне 
байланысты. Қозғаушы күш деп қойылатын талаптар мен оларды орындаудағы 
жеке оқушылардың ішкі-жеке бастық мүмкіншілігі арасындағы қайшылықты 
айтады. Егер қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму 
дәрежесіне сай келсе, онда қайшылық даму үрдісінің көзіне айналады. 
Ұлт ойындарын дидактикалық материалдар ретінде пайдалану бірыңғай ойын 
сабақтарын өткізу деген сөз емес. Оны тиімді пайдаланудың жолдары бар. Ол 
сабақтың тиімділігін арттырып, оқушылардың сабақтың әр кезіңінде 
сергектікпен жұмыс істеу қабілетін сақтауға мүмкіншілік береді.
Ойын адам баласының алғашқы және саналы әрекеті. Кейін табиғат 
құбылыстарының өзгеруіне байланысты, адам баласының сан жағынан өсіп, 
көбейуіне қарай тұрмыс, күн көріс әрекеті еңбек етіп өз өмірін сақтап қалу 
қамын жасауға әкелді, оны өз тұрмысын жеңілдету ол үшін тамақ тауып жан 
сақтау қам-қарекетіне мәжбүр етті. Өмірдің осы қайшылықтарын ойлауға, оны 
шешуге талпыныс жасауға, ойлылыққа жетеледі. Осыдан келіп саналы әрекет 
күрделене түсті. Еңбектен бос кезінде ол әрекетсіз отырмайтын болды. Еңбек 
пен ойын әрекеті адам баласын саналылыққа жетеледі. Әрбір ру, тайпаның 
өзінің сүйіп ойнайтын, қайталап ойнайтын тұрмыс-салт ойындары қалыптасты. 
Ол кейін ру, тайпалар өсіп, халыққа, одан кейін ұлтқа ұласып өскенде әр 
халық пен ұлтты бір-бірінен ерекшелеп тұратын ұлттық ойынға ұласты

3,6б


Адам баласының қоғамдасқан алғашқы дәуірінде ұлт ойындары әмбебаптық 
рөл атқарды. Оның диапозоны, қолданыс әрекеті кең болды. Ұлт ойындары сан 


343 
салаға бөлініп, адам баласын ойлылыққа, саналылыққа бастады. Дене 
жаттықтыру дене шынықтыру, денсаулық кепілі, салауатты өмір тек ойын 
арқылы іске асты.
Ұлттың негізгі ерекшелігі оны басқаларға ұлт ретінде танытатын тілі десек, 
бала сол тіл негізін ойын үстінде меңгеріп, үйреніп, ілгері дамытады. Әдет-
ғұрып, салт-сана, дәстүр ұлтты өзінше көркейтіп, басқалардан ерекшелеп 
көрсететін құбылыс десек, соның бәрі балаға жастайынан беріледі. Оны бала 
ойын үстінде қабылдап, ұжымдық өмірдің алғашқы сабағын алады. Адам
бойында ділді (менталитетті) қалыптастыратын да ұлттық ойындар. Ол бұл 
салада күнбе-күнгі өмір барысында көзге көрінбей, бала бойына біртіндеп
кіріп, бүкіл өміріне негіз қалайды.
Ұлттық ойындардың бойындағы осы қасиеттері бүгінгі егемен елдің өз 
ерекшелігін айқындап беретін, тілін, ділін айқындайтын өткен тарихынан хабар 
беріп, ойлау жүйелерінің ұлтқа тән логикалық негіздерін қалайтын, 
денсаулығын оңдап, салауаттық өмір салтын мұра тұтқан жан-жақты дамыған 
дара тұлғаларды қалыптастыратын адам өмірінің даму барысында басқа да 
тәрбие құралдарымен астаса отырып, бүгінгі егемен елдің белсенді 
азаматтарын тәрбиелеуге өз үлестерін қосатын пәрменді құрал.
Қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік негіздерін бір сөзбен айтып 
жеткізуге болмайтын, күрделі іс-әрекеттердің басын құрайды. Ұлт 
ойындарының жастарға берер тәрбиелік негіздерін, олардың тәжірибедегі 
қолдану мүмкіншілігінің пайдалы салмағын ескере отырып, былайша 
топтастырмақпыз. Атап айтқанда: Ақыл-ой тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі, 
дене тәрбиесі, дене саламаттылығы тәрбиесі, салауатты өмір салты тәрбиесі, 
еңбек тәрбиесі, эстетикалық және өнер тәрбиесі, патриоттық тәрбие, 
интернационалдық тәрбие т.б.
Сонымен қатар, бүгінге күнге дейін тәрбиенің ең басты кемшіліктері ұлдарды 
да, қыздарды да бір әдіспен бір мазмұнда тәрбиелеп және бала тәрбиесінде 
олардың жеке қасиеттерін бөліп қарап, оны бір ғана қырынан дамытуға күш 
салып, тәрбие барысында ақыл-ой немесе дене тәрбиесін дамытуға бет бұрдық. 
Бала тәрбиесінде бұл қасиеттерің бірінсіз-бірін дамытуға болмайтынын, 
олардың бірімен-бірі тығыз байланыста болатынын 

4,78б

 
өздерінің ғылыми 
еңбектрінде атап көрсетеді. 
Ұлттық қимыл- қозғалыс және спорт ойындарымен жүйелі түрде жаттығу 
кезінде балалар мен жасөспірімдерің ағзасы және мүше жүйелерінің 
функционалдық мүмкіндіктері жоғарылап бұлшық-ет жұмыс қабілетінің 
тиімділігі едәуір артады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет