Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет129/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

 
Әдебиеттер 
1. Таникеев М. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы 1996ж 
2. Төтенаев Б.Т. Халық ойындарының тәрбиелік маңызы. – Алматы 2008ж 
3. Бекбатшаев Б.Т.Казахские национальные виды спорта и игры. – Алматы 2004ж. 
4. Сағындықов Е.С. Қазақтың ұлттық ойындары. - Алматы 2011ж 


344 
ӘӨЖ 316728:796 
САУЫҚТЫРУ КЕШЕНДЕРІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ 
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
Жаукен А.Қ
.-магистрант
 
ОҚМПУ, Шымкент, Қазақстан
 
Тынышбай З.Б.
-магистрант
 
ОҚМПУ, Шымкент, Қазақстан
 
Шегенбаев Н.Б.
– философия докторы (PhD),ОҚМПУ, Шымкент, Қазақстан 
 
 
Резюме 
В статье рассказывается о здоровом образе жизни студентов и их значении в 
жизни. В нем также будет подчеркнута важность воспитания молодых учеников в 
здоровом образе жизни и интеграции здорового образа жизни в повседневный образ жизни 
студентов. Это также подчеркивает необходимость того, чтобы молодое поколение 
использовало все доступные средства, чтобы сохранить свое здоровье здоровым, сохранять 
бодрость духа и не давать им привыкать. 

Summary
The article tells about the healthy lifestyle of students and their importance in life. It will also 
emphasize the importance of educating young students in a healthy lifestyle and integrating a 
healthy lifestyle into students' everyday lifestyles. It also emphasizes the need for the younger 
generation to use all available means in order to keep their health healthy, maintain good spirits 
and prevent them from getting used. 
Мақалада оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануы мен олардың 
өміріндегі мәні туралы айтылады. Сонымен қатар оқушы жастарды салауатты 
өмір салтына тәрбиелеудің маңыздылығын анықтау мен салауатты өмір салтын 
оқушылардың күнделікті өмір салтына ендіруі баяндалады. Сондай-ақ өсіп 
келе жатқан ұрпақтың денінің саулығы, көңілінің сергек, осы бастан жат 
әдеттерден аулақ болып өсуі үшін қолда бар мүмкіндікті пайдалану қажеттігі 
айтылып, жан-жақты сараланады.
Қазіргі кезде қоғамымыз саяси және әлеуметтік өзгерістер үстінде. Осыған 
байланысты адамдардың тұрмыс-тіршілігі, сана-сезімі және әдет-ғұрпы да 
өзгеретіні заңды құбылыс. Яғни, бұл болашақта біздің ұрпақтарымыз жаңа өмір 
салты бойынша өмір сүреді деген сөз. Ендеше ол қандай өмір салты болмақ, 
біздің ұлттық рухани болмысымызға сәйкес келе ме, соны қазірден ойлап, оның 
теориялық негізін жасап, жастарымызды сол бағытта тәрбиелеуіміз қажет. 
Ұлтымыздың өткендегі өмір салтын зерттей отырып, оны қазіргі 
жағдайымызбен салыстыру арқылы халқымыздың болашақтағы өмір салтын да 
болжауға болады. Ұлттың бүгіні де, болашағы да дені сау, тәрбиелі, білімді 
ұрпаққа байланысты. 
Денсаулық мәселесін жүзеге асатын сауықтыру кешендерінің толық мәнінде 
жүзеге асырылуы адамның денесін өмір бойы жетілдіріп отыруына негіз 
жасайды. Онда жабдықталған қондырғылар мен денесін шынықтырумен үнемі 


345 
айналысу оқушы-жастардың бос жүрмеу проблемасын шешудің, жат 
қылықтардың көрінісін болдырмаудың да тиімді жолы. 
Дене шынықтыру – сауықтыру жұмыстарын жетілдіру мәселесін ғылыми 
тұрғыда негіздеу, оның түп тамыры мен тарихи даму жағдайларынан бастап 
талдауды қажет етеді. 
Сауықтыру кешендерін дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің дамуы мен 
қалыптасуын тарихи тұрғыда талдап өтсек, оның бастау көздері антикалық 
дәуірден-ақ бастау алған. Ертедегі Греция мен Римде дене тәрбиесіне 
негізделген кешендер жүйесі болған. 
Спартада үстем тап балаларына әскери дене шынықтыру берілді. Құл 
иеленушілердің балалары 7-ден 18 жасқа дейін мемлекеттік тәрбие 
мекемелерінде тәрбиеленді. Бұл мекемелерде дене шынықтыруға ерекше мән 
берілді. Балалардың денесін шынықтыру, қолайсыз климат жағдайларына
Дана халқымыз: «Дені саудың – жаны сау», «Басты байлық – денсаулық», 
«Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» - деп тегін айтпаса керек. 
Медицина атасы Ибн Сина: «Күнделікті дене шынықтырумен шұғылданып 
жүрген адам ешбір емді қажет етпейді», - деп өсиет қалдырды. Шығыстың 
ғұлама ғалымы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің 
болашақтарыңызды айтып берейін десе, болашақ ұрпақ қамы жайында 
Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында: «Қазіргі заманда кез-келген 
мемлекеттің жоғары тыныс-тіршілігін қалыпты ұстап тұрудың аса маңызды 
шарты – адамдардың өздері, олардың ерік-жігері, қажыры, білімі болып 
табылады», - деген .
 
Осындай бағыттардың бірінде «Қазақстан 2050» мемлекеттік стратегиясында 
дене тәрбиесі туралы: «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың 
дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, 
темекі мен ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын 
сақтауымызға бағытталған», - делінген[1,3б]. 
Оқушы жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелеудің маңыздылығын 
анықтау. Салауатты өмір салтын оқушылардың күнделікті өмір салтына ендіру. 
Зерттеу маңыздылығы бойынша әдебиет көздерінен қажетті мәліметтерді 
жинақтау және оларды жүйелеу; ғылым мен денсаулық сақтау салаларындағы 
прогресті анықтау. 
Жеткілікті құралдар болмай тұрған жағдайда ауруларға күрес пен денсаулықты 
нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз азаматтарымызды салауатты өмір 
салтына әзірлеуден басталады. «Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды, 
тазалық пен санитария ережелерін насихаттайтын пәрменді ақпараттық іс-
шаралар жүргізілу қажет», - деп атап көрсетілген. Сонымен қатар, «өмір салтын 
теріс әдеттерден спортқа көшіру тиімді жолдардың бірі болып табылады», - деп 
атап айтылған. 
Мұнда айтылғандай әлеуметтік-экономикалық өмірдегі елеулі өзгерістерге 
байланысты жастарды тәрбиелеу мәселесі дұрыс бағытта болуы қазіргі 
Қазақстанның өзекті мәселесіне айналып отыр. Себебі дені сау, денсаулығы 


346 
мықты, дене күші, дене мәдениеті қалыптасқан адам ғана зерделі ойлап, өз іс-
әрекетін өмірлік маңызды міндеттерді шешуде шығармашылық бағыт ұстана 
отырып, белсенді өмір сүруге қабілетті болады. Сондықтан сауықтыру 
кешендері денеге білім мен тәрбие беру саласының басты міндеттерінің бірі 
бола отырып, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып 
өсуіне, өмірге, еңбек нарығындағы бәсекелестікке және Отан қорғауға 
даярлауға қызмет етеді. 
Көрсетілген міндеттерді толық жүзеге асыру сауықтыру кешендерінің жүйесіне 
және жалпы дене шынықтыру сауықтыру жұмысына тікелей байланысты. 
Өйткені, дене шынықтыру сауықтыру жұмысы – денсаулықты нығайту, білім 
беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық іс-
шаралардың бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, 
табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерінің гигиеналық негіздері мен дене 
қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс 
жаттығуларын орындап, өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге 
баулиды[2,1б]. 
Ендеше болашағымыз – бала, рухани дүниелерімізді одан әрі жалғастыратын 
жас ұрпақ. Салауатты болашақты ойлайтын болсақ, өсіп келе жатқан ұрпақтың 
денінің саулығы, көңілінің сергек, осы бастан жат әдеттерден аулақ болып өсуі 
үшін қолда бар мүмкіндікті пайдалана білуіміз қажет. Соған сәйкес, 
Қазақстанның әрбір азаматын бала жастан дене тәрбиесімен айналысуға тарту 
үлкен маңызы бар мемлекеттік міндет екендігі еліміздің негізгі заңында көрініс 
тапқан. Ата заңның 24 және 29 – баптарында азаматтардың демалуға және 
денсаулығын сақтауға құқы бар екендігі атап айтылған. Сондықтан да оқушы-
жастардың әр уақытта қоғамдық санасының, жеке тұлғасының жан-жақты 
дамыған еңбек білігі мен шығармашылық қабілеті қалыптасқан адам болып өсуі 
өзекті де көкейкесті мәселе болып отыр. 
Алайда негізделген ғылым мен практиканың сабақтастығы бір дағдыда 
қалмайтындығы тағы да белгілі. Практика әрдайым жетіліп, ұшталып отырады, 
ол ғылыми тұрғыдан тұжырымдарды қажет етеді. Осы тұрғыдан қарағанда, 
соңғы уақытта салауатты өмір салты ғылыми тұрғыдан дамыды, өсті, 
сауықтыру кешендерінде практикалық тәжірибелер жинақталды, тәрбие мен 
үйретудің коммуникативті бағыттағы стратегиясы мен тәсілі анықтала түсті 
жаңа ізденістер пайда болды.
Ежелгі дүниенің және орта ғасырдың дене шынықтыру кешендеріне үңілсек 
дене шынықтыру мен спорт өзінің тарихи тамырымен өте тереңге кетеді. 
Археологиялық қазба жұмыстары тас дәуірінде дене шынықтыру 
жаттығуларына арналған кешендер болғанына мәліметтер берілді. Мұндай 
кешендер Үндістан, Мысыр, Орта Азия және Оңтүстік Америка жерлерінде 
табылды. Егей мәдениеті тарихи жерорта теңізінің шығысында б.э.д. 30-12 
ғасырларда дене шынықтырудың алғашқы түрлерінің табылғандығын 
куәлендіреді. Бұл жерлерден садақшылардың өгіздің үстіне секіріп жатқанын 
тасқа салынған бейне табылған.


347 
Ежелгі Грецияда дене шынықтыру дамуын сипаттайтын айғақ бар, ол 
олимпиядалық ойындар. Бұл ең маңызды болмыс ойындар Олимпта әр төрт 
жылда міндетті түрде өткізіліп тұрды. Құжаттардағы мәліметтерге сүйенсек бұл 
мерекелер б.э.д. 776 жылы өткізе бастаған, осы жылдардан күнтізбелік 4 
жылдық есеп олимпияда басталған.
Сауықтыру кешендеріндегі дене шынықтыру шеңберінде білім екі қырынан 
қарастырылады: біріншіден, «Дене тәрбиесі» оқу пәнінде дене тәрбиесі 
теориясындағы деректердің, ұғымдардың, қағидалардың дидактикалық 
жағынан негізделген жүйесі түрінде ұсынылған дене тәрбиесі білімі 
мазмұнының құрамдас бөліктерінің бірі есебінде; екіншіден, әрбір адамның оқу 
барысында игеретін және өзінің дене жетілуі барысында немесе өзгелей 
мақсатқа жету жолында қолдана алатын жетістігі есебінде. 
Оқушы-жастардың сауықтыру кешендеріндегі салауатты өмір салтын 
қалыптастыруының 
мазмұндық 
негіздері 
мыналар: 
психологиялық-
педагогикалық, дәрігерлік-биологиялық және технологиялық білімдердің 
жиынтығы ретінде айқындалатын кәсіби білімдер қосылады. 
Осылайша, оның мазмұнын үш негізгі бөліктен тұратынын көрсетуге болады: 
1. Психологиялық-педагогикалық білімдер дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіби-
ұстаздық даярлығының деңгейін айқындайды, сауықтыру кешендері арқылы 
салауатты өмір салтын қалыптастыру құралдарын пайдаланғандағы 
оқушылармен жұмысты ұйымдастырудың нәтижелілігі соған тәуелді. 
2. Дәрігерлік-биологиялық білімдер оқушыларды сауықтырудың дәстүрлі емес 
құралдарын пайдалану әдістемесінің негіздемесін қамтамасыз етеді, сол 
құралдармен оқушылардың ағзасына сауатты әсер етуге мүмкіндік береді. Бұл 
бөлікке салауатты өмір салтын қалыптастыруда сауықтыру кешендерінде 
пайдаланылатын құралдарын пайдалануды ұйымдастырудың заңдылығы, 
жастар дамуындағы жас және жыныс ерекшеліктерін, денсаулық жағдайын 
және физикалық даярлығын ескеру негізінде оңтайлы салмақ жүктеу жатады. 
3. Технологиялық білімдер, жалпы білім беретін мектептердің жұмыс істеуінің 
нақтылы жағдайын ескере отырып, оқушыларды сауықтырудың дәстүрлі емес 
құралдарының түрлі әдістемелерін мұғалімнің сауатты қолдануына мүмкіндік 
береді. 
Оқушылардың қозғалыс тәртібін оңтайландырудың ықпалды әдістерінің бірі 
есебінде көптеген авторлар дене тәрбиесі бойынша сабақ көлемін, аптасына 
орташа 3-4 сағатқа дейін ұлғайтуды ұсынады. Кейбір зерттеушілер ондай 
ұлғайтудың 6-10 сағатқа дейінгі анағұрлым жоғарғы шекарасын ұсынады [3, 
4б]. 
Қозғалыс белсенділігін сабақтан тыс жаттығулар арқылы және ең бірінші 
кезекте, үй тапсырмаларын белсенді қолдану жолымен арттырудың 
орындылығы жөніндегі пікір кең орын алған . 
Алайда көптеген авторлар, оқушылардың қозғалыс белсенділігі көлемінің тар 
бағытта арттырылуы, сауықтырудың көрнекі нәтижесін алу үшін жеткіліксіз 
екендігін атап көрсетеді. Мұнымен қоса-қабат, сабақтардағы салмақтың 


348 
қарқындылығын және олардың қозғалыс тығыздылығын арттыру қажет деп 
есептейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет