Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет160/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

 
Әдебиеттер
 
1. Жұбанов. Қ. Қазақ музыкасының күй жанырының пайда болуы. -А., 1960.- 255-257 б. 
2. Жұбанов. Ән-күй сапары. -Алматы, 1976. 


429 
3. Жанұзақова З. Қазақ халқының аспапты музыкасы. -А., 1996. -52б. 
4. Ахмедияров Қ. Шашақты найза, шалқар күй. Махамбет Өтемісұлы. -Алматы. Өнер. 1982. 
-52 б. 
5. Ақселеу Т. Қазақтың әйгілі күйшілері. - А., 1992.-58-61-б. 
ӘОЖ 7.035 
КҮЙ ЖАНРЫНЫҢ ДАМУЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
С.З. Байбатшаева магистр, аға- оқытушы 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Шымкент, Казахстан 
 
Резюме 
В статье рассматривается история искусства казахского кюя 
 
Summary 
The article deals with the history of art of the Kazakh Kuy 
«Домбыра – қазақтың қасиетті дүниесі. Оны тарта алмасаң да қадірлей біл. 
Себебі баланың бойына халықтың рухани байлығын сіңіру домбырадан 
басталады. Домбыраның сырлы сазына ауызданбаған бала уызы жарымаған 
көтерем қозыдай болады. Домбыраны қастерлей білмеген қазақтың баласы 
туған халқының жанын білмейді.Ал халықтың жанын түсінбеу деген – тамыры 
шабылған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырақ жайып,сая да болмайды,жеміс те 
бермейді» деген Бауыржан Момышұлының аталы сөзі бар. Күй үнi адамның 
тiлi жетпейтiн iшкi жан дүниесiндегi ойын жеткiзiп, айнала әсемдiк әлемiн 
аялап қорғауға нәзiк сезiммен, көңiл-күйiн түсiнуге тәрбиелейдi.
Күй 
музыкалық 
жанр, 
қазақ 
халқының 
аспаптық 
пьесасы. 
Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып тартылып келген. Қазақ халқының 
басқа халықтардан ерекшел
іктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. 
Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат 
қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра 
күйлері. Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп 
жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған. Байырғы кезде 
қазақ үйінің төрінде әрдайым домбыра ілулі тұрған немесе үй-ішінің біреуі 
домбырада күй шертпейтін отбасы қазақ арасында кемде-кем болған. 
«Күй» сөзі түрік тілдерінің деректерінде XI ғасырдан бері белгілі. Махмұд 
Қашқаридің әйгілі еңбегі «Дивани лұғат ит түрік» атты сөздігіндегі «көк» 
(қазақта күй болып айтылады) деген атау аспапты музыканы да , әнді де 
білдіреді. Осы күнгі татар тілінде де «күй» сөзі аспапты музыка мен вокалдық 
музыкаға ортақ қолданылады. XVI ғасырдан бермен қарай «күй» сөзі тек 
аспапты музыканы ғана білдіретін мағынаға ие болады.
Ен далада күн кешкен 
елдің аузынан шыққан «күй» деген сөздің аспаптық музыкаға тән атау екені, 
оның түп-тамыры одан да арғы замандарда жатқаны он төртінші ғасырдан бері 
белгілі. Осыған дәлел байырғы заманда 600 жыл бұрын тасқа салынған суреттін 


430 
табылуы. Сондай ақ «күй» сөзінің көнелігін білдіретін тағы бір дерек қазақта 
«Ақсақ құлан» атты күйдің болуы. Қазақ халқының басына қара заман боп 
орнаған ХІІІ-ХІV ғасырдың тарихи оқиғаларын баяндайтын шығармаларды 
алсақ , олардағы музыкалық тілдің тереңдігі, асқан шеберлікті керек ететін 
ойнау әдіс-амалының молдығы, аңыз хикаяларды суреттеудегі бағдарламалық 
жүйесі Қазақстан жерінде аспаптық музыка мәдениеті аса жоғарғы дәрежеде 
ертеде-ақ дамығанына бірден бір айғақ.
Қазақ халқының тұрмыс-харекетімен, өмір-тіршілігімен әрқашанда тығыз 
байланыста болатын күй – жүздеген жылдардан бері қанат жайып, өркендеп 
келе жатқан жанр. Халқымыздың музыкалық қазынасында сары алтындай 
сандалкер күйлер жүздеп саналады. Оларды хатқа түсіретін нота мәдениеті жоқ 
болса да, сыры мен сымбатын жоғалтпай, қайта ажарлана, әрлене түсіп, 
ауыздан ауызға көшіп, атадан балаға мирас боп қала берді. Әлбетте, құм басқан 
қалалардай, бізге жетпей, уақыт шыңының астына көміліп қалған күйлер де 
есепсіз екені және даусыз. Көпке белгілі, қазақтың халық арасында ең кең 
тараған музыкалық аспабы – домбыра. Оның әлденеше себептері бар. 
Біріншіден – домбыраны жасау аса қиынға соқпайды, қолы ұсынақты адам 
көрінген ағаш затынан жасап ала береді. Екіншіден – домбырада тарту, үйрену, 
басқа аспаптарға қарағанда аса қиынға соқпайды. Домбыраның пернелері 
барлық дыбыстарды скрипка сияқты мойын бойлап іздетпей, дәл үстіне 
түсіреді. Үшіншіден- домбырада түрлі жағдайда тартуға бола береді, үйде 
отырып та, түрегеліп тұрып та, шалқадан жатып та, ат үстінде де. Төртіншіден 
– домбыра сүйемелге де ыңғайлы. Мұнда шалқайыңқырап отырып әндетуге де 
болады. Әншінің даусына кесел келтірмейді. Сондықтан домбыра, бір жағынан 
әншінің жыршының,ақынның да «қолқанаты». Әрине, домбыра бәрінен бұрын 
күйдін аспабы. Қазақ күйлерінің көпшілігі домбыраға арналып шығарылған. 
Күйлер мазмұны аңыз-ертегілерге, нақтылы тарихи оқиғаларға құрылып, көбіне 
бағдарламалы түрінде дамыды. Онда халықтың басынан өткен тауқымет пен 
әділетсіздікке қарсы күресі, азат өмірді аңсаған асыл арманы мен қуаныш сезімі 
терең толғаныспен өрнек-бояуын тапты. 
XIX ғасырдың басындағы халықтың 
қоғами және рухани өмірінде дәстүрлі музыка өнері одан әрі жалғасын тауып, 
жан-жақты даму процестеріне түсті. Халықтың мәдени болмысында ән мен күй 
жанрлары кеңінен қарқындауымен қатар, жеке әншілік пен жеке аспапты 
орындаушылық (күйшілік) концерттік түрде, биік көркемдік және шеберлік 
деңгейіне жоғарылады. Батыс, Арқа, Шығыс, Жетісу ән мен күй мектептері 
өздерінің аймақтық сипаттарымен қазақ музыкасын одан әрі байытты. Күй 
жанрына тұңғыш назар аударған, оған лингвистік және музыкатанушылық 
көзқараспен нақтылы және құнды пікір жазған профессор Құдайберген 
Жұбановтың (1899-1937) мынандай деректерін келтірейік: «Күйлер халық 
музыкасында сирек ұшырайтын нәрсе. Бұл - осы күнгі Еуропаның симфониясы 
тәрізді. Мұндай дәрежеге жетісу үшін халық музыкасы жақсы дамыған болуы 
керек. Сондықтан күйлерді қазақ музыкасының ең жоғарғы түрінің үлгілері деп 
білуіміз керек...».


431 
Бұл ғасырлар бойы қалыптасып, дамыған дәстүрлі музыка өзінің синкреттік 
түрімен сараланады. Әдетте күй шығармаларында проза пен поэзия, оған қоса 
музыка табиғи біртұтастықта келістіріліп, өте күрделі циклдық композицияны 
құрайды. Заман өзгерген сайын аспапты музыка бұл дәстүрлі болмысынан 
жіктелініп, концерттік (жеке орындаушылық), ансамбльдік және оркестрлік 
музыкаға ауысты. Халқымыздың рухани тарихында көптеген дарынды 
домбырашы, атақты күйшілердің есімдері үлкен сый-құрметпен айтылып, 
зеректікпен сақталған. Олар - Әбди, Әлшекей, Байсерке, Бапыш, Түркеш, 
Есбай, Есір, Дәулеткерей, Құлшар, Тоқа, Тәттімбет, Қыздарбек, Мәмен, 
Салауаткерей және т.б. 
Әр өнер өкілдері өздерінің жалғасын талантты шәкірттерінен тапқан («ұстаз - 
шәкірт»), ал жас домбырашы күйші ұстаздан алған тәлім-тәрбиесін өсиет 
ретінде ұқыптылықпен одан әрі дамытқан. Соның нәтижесінде үздік күйшілік 
өнер атадан балаға мирас болып, халықтың асыл қазынасына айналған. 
Домбыра музыкасы өзінің тұрақты музыкалық өзектерін сақтап, жаңа 
тәсілдермен көркемделініп, орындаушылық және стильдік түрінен «төкпе» 
және «шертпе» деп жүйеленеді. Төкпе күйдің тұрақты элементтері негізгі ой-
образдарды екпінді, қажырлы, жігерлі, динамикалық желіске толы музыкамен 
сомдайтын болса, шертпе күйлер - жүрек тербететін сарындармен, сүйкімді 
және мәнерлі әуен ырғақпен, философиялық терең толғаныспен ажарланады. 
Құрылымдық, жанрлық, өзіндік ерекшеліктерімен сипатталатын домбыралық 
күйлер Батыс, Маңғыстау, Шығыс, Арқа және Жетісу аймақтық аспапты 
музыканың мектептерін құрған. 
Халқымыздың рухани қазынасынан жарқырап мәңгілік орын алған ұлы 
тұлғалардың бірі - Махамбет Өтемісұлы (1804-1846). Жалынды ақын, 
намысшыл ержүрек жауынгер өзінің қысқа да жарқын отты өмірін жан-тәнімен 
халқына арнап еркіндік идеясы мен әділеттілікті ұран етіп, найза ұшын, қалам 
құдіретін шебер ұштастырды. Өр мінезді Махамбеттің тарихи бейнесі, бай 
көркемдік әлемі, азаматтық бағыты жалпы ақын феномені әр уақытта да 
еліміздің мәдениет және ғылым қайраткерлерін толғандырды, олардың 
творчестволық ізденістері мен зерттеулерінің өзегіне айналды. Тарихшы 
ғалымдардың ғылыми еңбектерінде Махамбет сегіз қырлы, бір сырлы жарқын 
жалынды шайыр, суырып-салма ақын-музыкант, қажымас тасқынды қайрат, аса 
қабілетті терең ұшқыр ой иесі ретінде суреттеледі. Жауынгер ақын 
халқымыздың бостандық пен мақтаныш символына айналды. 
Махамбет көптеген әндердің, толғау-термелердің авторы, жүрген ортасына 
талантты күйші-сазгер әрі шебер орындаушы ретінде танытқан. Оның күйлері 
отты поэзиясы сияқты терең, әрі қайсар рухтың жалынды лебін, батырлық 
екпінін баяндайды. Оның домбыралық күйлері өзінің өмірімен және 
поэзиясымен біртұтас болып келеді. Олар -«Шілтерлі терезе», «Жұмыр - 
Қылыш», «Қайран Нарын», «Өкініш», «Исатайдың ақтабаны-ай», «Жайық асу», 
«Қиыл қырғыны», «Жорық күйі». Жауынгер ақынның өзінен кейін қалдырған 
рухани мұрасын сақтауда, насихаттауда және күйші-маман ретінде зерттеуде 


432 
ерекше үлес қосқан халқымыздың белгілі мәдениет қайраткері, атақты күйші 
әрі ұстаз Қаршыға Ахмедьярұлының мына құнды пікірін ұсынамыз: «Өйткені, 
бұл күйлердің құрылысы ерекше, музыкалық тілге бай, мазмұны терең, әуендік 
дамуы, дыбыс бояулық желісі жан-жақты, көлемді философиялық 
шығармалар... Махамбет күйлерінен «аһ» деген зар, қайнаған ыза, езілген мұң, 
серпілген арман, ашылған күндей шуақты қиял қатар білінеді» [5]. 
Академик Ахмет Жұбановтың айтуынша «Құрманғазы күйлері ер-жүрек 
ақынның өлеңдерімен үндес» [4]. 
Қазақ халқының өнер жұлдыздарының арасында аспапты музыканың алыбы, 
ұлы классик Құрманғазы Сағырбайұлының орны асқар таудай. «Күй атасы» 
аталған дара тұлғаның қоғами-әлеуметтік көзқарасы Исатай Тайманұлы мен 
Махамбет Өтемісұлының ұлт-азаттық көтерілісінің ықпалынан қалыптасты. 
Исатай мен Махамбеттің есімдері жас Құрманғазыға ерлік пен бостандықтың 
символы ретінде қабылданды. Оған әсіресе ел арасында кең тарап, жатқа 
айтылып жүрген Махамбеттің жалынды өлеңдері ерекше әсер еткен. 
Құрманғазының Исатай мен Махамбетке арнап шығарған «Жалын», 
«Кішкентай», «Көбік шашқан» күйлері аттары аңызға айналған батырлардың 
ғасырлар бойы өшпес ерлігінің музыкалық ескерткіші ретінде бағаланады. 
Құрманғазы өзінің қайталанбас талантымен «төкпе» күй желісінде 
шығарылатын көпғасырлы аспапты музыкалық фольклорды биік көркемдік 
сатыға көтерді. «Төкпе» стилінің нағыз шебері бола тұра, Құрманғазы тек өзіне 
тән жоғары профессионалдық (кәсіби) музыкалық тәсілдермен көркемдеді. 
Классик композитордың туындыларында Ұлы даланың бостандық сүйгіш 
елінің бейнесі («Сары Арқа», «Балбырауын»), туған жердің табиғат көріністері 
(«Алатау», «Қызыл қайың»), өз заманының адамдарының портреті 
(«Төремұрат», «Лаушкен»), философиялық ойға толы тақырыптар («Көбік 
шашқан») асқан шеберлікпен баяндалады. Ал, Құрманғазының «Ақбай», 
«Түрмеден қашқан», «Аман бол, шешем, аман бол», «Ертең кетем» атты 
автобиографиялық күйлері өзінше музыка тілімен жеткізген мемуарлар. 
Құрманғазының замандастары мен шәкірттерінің естеліктері бойынша күйші 
тік, таза мінезді, шындық пен әділетті жақтаушы, адамдық қасиетті жоғары 
бағалаған екен. Оның тілі өте өткір болыпты. 
Өзінің ғылыми еңбектерінде Құрманғазының өмірі мен творчествосы ең басты 
тақырып ретінде мақсат етіп, оны жан-жақты зерттеген академик Ахмет 
Жұбанов: «Құрманғазы домбыра аспабының орындаушылық мүмкіндіктерін 
ұлғайтты, оның тембрлік бояуын, дыбыстық эстетикасын, дыбыс шығару 
әдістерін, штрихтарын көбейтті», - деген екен. Әсіресе оң қолмен ойнайтын 
«тентек қағыс» деп аталатын орындау техникасын барынша дамытты деп 
көрсеткен-ді. «Күй атасы» Құрманғазының дәстүрі жаңа заманда жаңаша өмірін 
табуда. Күйшінің шығармалары ұлтымыздың асыл мұрасы болып шебер күйші-
домбырашылар У.Қабиғожин, ағайынды М. және Н.Бөкейхановтар, Р.Омаров, 
Н.Тлендиев, Ә.Есқалиев, М.Хамзин, Р.Ғабдиев, Қ.Ахмедияров, А.Үлкенбаева, 


433 
Б.Ысқақов, 
С.Құдайбергеновалар 
орындаушылық, 
шығармашылық 
(творчестволық), ұстаздық ізденістерінде жалғасын табуда. [8]. 
Күй өнері – қазақ халқының ең басты рухани байлығының, жан дүние 
байлығының ең бір киелі, қасиетті түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет