152
Төлегенова Дина Мелдебеккқызы
Ғылым магистрі,
И. Арабаев атындағы Қырғыз Мемлекеттік Университетінің аспиранты,
Бішкек, Қырғызстан
Резюме
В статье рассматриваются названия и способы лекарственных растений на
казахском языке, встречающихся на территории Казахстана
Summary
The article considered names and ways of medicinal plants in the Kazakh language,
occurring in the territory of Kazakhstan
Қазақ халқы өсімдіктер дүниесіне ертеден-ақ зер салып, көңіл қойған.
Қайсысы малға жұғымды, қайсысы пайдалы, қайсысы зиянды екендігін
ажырата білген, яғни адам мен табиғат егіз. Өсімдік атауларында халықтардың
сан ғасырлық тарихы, ұлттық танымы көрініс тапқан. Мысалы: бетегеден биік,
жусаннан аласа;
кендірмен байлама, жыңғылмен айдама, кендірмен байласаң,
жыңғылмен айдасаң, мал бітер деп ойлама; қарағайға қарап тал өсер,
құрбысына қарап бала өсер; т.б. да аталы сөздер осының дәлелі.
Өсімдіктердің қазақша атаулары жөніндегі бастапқы мағұлматтары біз
Қазақстан өсімдіктерін алғаш рет зерттеген белгілі орыс ғалымдарынан
(ботаниктерінен) атап айтқанда: Н.И. Аненков, Б.А. Федченко, И.В. Ларин,
И.М. Крашенинников, Н.В. Павлов, В.И. Андеев, Н.И. Рубцов, М.Г. Попов,
П.П. Поляков, Б.А. Быковтардың еңбектердің еңбектерінен кездестіреміз.
Кейінірек орыс ғалымдарының қатарына ұлт мамандарының өкілдері: Ө.
Қисықов, С. Арыстанғалиев, Е. Рамазанов Т. Мұсақұловтар келіп қосылды.
Олар өздерінің еңбектерінде қазақша өсімдік атауларын молынан қамтуға және
олардың тілімізде дұрыс қалыптасуы мен орысша
баламаларына сай келуіне
көп еңбек сіңірді.
Өсімдіктердің қазақша атауларын жинауға және оларды жариялауға тек
алғашқы кездегі зерттеушілер ғана емес, республикамызда бертініректе еңбек
еткен орыс ғалымдары да көп көңіл бөліп келді. Ондай игілікті істі
А.М.Мушегянның, В.П.Михайлованың, Е.А.Каргаполовтың. И.А.Юндиннің
еңбектерінен және «Флора Казахстана» (Алма-Ата, 1956 – 1966, тт. 1 – 9),
«Иллюстрированный определитель растений Казахстана» (Алма-Ата, 1969. Т.;
1970. Т. 2), «Красная книга Казахской ССР» (Растения, Алма-Ата. 1981. Ч. 2)
деген кітаптардан байқауға болады. Аталған еңбектерде өсімдіктердің орысша,
латынша атауларынан кейін қазақша атаулары да келтірілді.
Әрине, ол қазақша атаулар жоғарыда атлған авторлардың бірінде – көп, бірінде
– аз, бірінде – дұрыс, бірінде – бұрыс. Мәселен тек Н.В.Павловтың өзі ғана
еңбектерінде 300-ден аса қазақша атауларды келтірген. Ал 9 томнан тұратын
«Қазақстан флорасында» небәрі 350 ғана қазақша өсімдік атаулары кездеседі.
Олардың да көпшілігі Н.В.Павлов жинастырған атаулар.
153
Ботаник ғалымдарымыздың есептеулері бойынша,
республикамыздың
аумағында алты мыңнан астам өсімдік түрі бар делінеді. Оның 760-ы басқа
ешбір жерде өспейтіні де дәлелденген. Демек, қазақ жерінде өсетін барлық
өсімдіктің қазақша атауы бар деген сөз. Тек сол өсімдік өсетін жердегі
тұрғылықты адамдармен кеңінен отырып асықпай әңгімелесу арқылы әр түрдің
атын жазып, түсін анықтап, қасиетін біліп, малға жұғымдылығын, дәрілік
ерекшеліктерін тәптіштеп жазып алу керек. Он томдық «Қазақ тілінің
түсіндірме сөздігінде» бар болғаны 768 ғана өсімдік атауы бар.
Аталған
түсіндірме сөздікте 67 мың сөз тіркелген екен. Оған басқа жақтан іздемей-ақ
өзімізде өсетін өсімдіктердің атауын қоссақ, сөз қорымыз қанатын жайып,
қомдана түсер еді [1].
Түсіндірме сөздікте «сасық шөп» деп аталатын шөпті ел ішінде «гүлбуын» деп
те атайды. Оны орыстар «пустырник» деп атайды. Оны сасық дегеннен гөрі
гүлбуын деген мағынасы құлаққа жағымды әрі айтса айтқандай әр
жапырағының түбінен гүл қауашақтары ашылады. Ол – жүрек дәрісі ретінде
атына заты сай көрікті өсімдіктердің бірі.
Дәрілік қасиеті өзгеше өсімдіктің бірі – бүршікті сібір қарағайы. Ол бес
жүз жыл бойы өңін жоғалтпай өсумен болады екен. Бүршігі бес-он жыл ішінде
пісіп
жетілмесе де алып жеуге, дәріге жаратуға болады. Сол бүршік дәні
жұлынбаса жыл сайынғы көктемде қайта көгілдір тартып, жанданып, өсу
үстінде екенін аңғартып тұрады. Осылайша жүз жыл бойы пісіп-жетіліп,
мерзімі жеткенде өздігінен үзіліп түседі екен. Бүршік дәннің піскен сол мезгілін
бабалар «қазан толды» атаған. Бұл – көпті көрген қариялардың түсінігі. Осы
бүршік дәннің дәрілік қасиетін Шығыс емшілері ежелгі дәуірлерден-ақ білген.
Ақжүрек (ақбияу) гүлді шөбі шипалық қасиеті бар өсімдік өзіміздің
Тарбағатай, Текелі, Қапал, Алатау баурайларында өте көп өседі. Дәрілік қасиеті
аса жоғары. Халық медицинасында ежелден қолданылады. Ақжүрек – теңіз
деңгейінен 1500-2000 метр биіктегі таулардың күнгей бетіндегі қалың шөп
арасында өсіп, мамыр-маусым айларында жетілетін өсімдік.
Аталған өсімдікті жинау үшін сонау Шығыс Қытайдан Алтай, Тарбағатай,
Іле алатауын бетке алған қытайлықтар төрт мың шақырымдық жолды
алыссынбай лек-легімен ағылады екен. Олар өз
жеріндегі аталған өсімдікті
тауысып, қазақ жеріне топ-тобымен өтіп, соны жинап жүреді. Қорыта
келгенде айтарымыз, халық тұрмысында кеңінен қолданылған емдік өсімдіктер
атаулары тіліміздің ішкі мүмкіндігін пайдалана отырып жасалған.
Өсімдіктердің қазақша атуларын жинастырушылардың тағы бір үлкен тобы – әр
түрлі сөздік (биологиялық, ауыл шаруашылық» (Биология терминдері. Алматы,
1962), Е. Рамазанов және басқалар қосылып жасаған «Орысша-қазақша
терминологиялық сөздігін» (Ботаника және топырақтану. Алматы, 1962), С.
Арыстанғалиевтың «Словарь названий растений семейства бобовых» (Труды
Института ботаники АН КазССР. 1963. Т. 15) деген сөздігін, С. Арыстанғалиев
пен Е. Рамазановтың «Қазақстан өсімдіктері» (Алматы, 1977) атты
154
анықтамалығын және он екі томдық «Қазақ Совет Энциклопедиясын» (Алматы,
1 – 12-т., 1972 – 1978), т.б. атаған болар едік.
1861 жылы шыққан Н.И. Ильминский сөздігінде небәрі 91 өсімдік атауы
кездеседі. Оның көпшілігі жалпы халыққа жақсы таныс – емен, тал, қайың,
қарағаш, шырша сияқты ағаш аттары мен арша, қараған, тобылғы шаңғал
секілді бұта атаулары және арпа, бидай, күріш, тары, тәрізді астық дақылдары
мен ебелек, жусан, алабұта, қияқ изен секілді шөп атаулары.
Биология терминдеріне арналған сөздіктердің
ішіндегі өсімдік атауларын
молырақ қамтыған алғашқы сөздік – С. Арзымбетовтың сөздігі. Бұл сөздік –
ауыл шаруашылығының терминдеріне арналған сөздік. Сондықтан, онда
өсімдік атауларын түгел қамту мақсат түгел қамту мақсат етілген.
С. Арзымбетов қалыптастырған қазақша өсімдік атаулары бұдан да көп
болар еді, бірақ, неге екені белгісіз, ол кісі жинаған, өз сөздігіне ендірген:
Достарыңызбен бөлісу: