Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет66/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

 
Әдебиеттер 
1.Алдешов С.Е., Бүркіт Ә.Қ. Физика cабағында виртуальді зертхананы қолдану. Оқу-
әдістемелік құралы. Шымкент: ОҚМУ, 2018. 454 б. 
2.Алдешов С.Е., Бүркіт Ә.Қ. Физика cабағында виртуальді зертхананы қолданудың 
ідңстемесі. Оқу-әдістемелік құралы. Шымкент: ОҚМУ, 2019. 85 б. 
3.А.А. Туякбаевтың «Физика пәнінен виртуалды зертхана»
4.Бүркіт Ә.Қ. Физиканы оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асыру әдістемесі. Шымкент, 
2020. 
5.Бүркіт Ә.Қ. Физиканы оқытуда сандық технологияны қолдану әдістемесі. Шымкент, 2020. 
ӘОЖ 
МЕКТЕПТЕГІ ФИЗИКА КУРСЫНДА ЭЛЕКТР ТОГЫ БӨЛІМІН
ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ. 
Магистрант: Таштенова Айгуль Оспановна 
7М 1502-19 тобы 2- курс Физика педагогын даярлау 
Жетекші : Абдрахманова Хадиша Кенесовна 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті,Шымкент, 
Қазақстан 
 
Резюме 
В данной сатье рассматривается, что обучение по обновленной программе является 
составной частью процесса обучения. В этой программе предусмотренно повышение 
мотивации к обучению у учащихся посредством различных методов и приемов, а также 
разные формы оценивания. В результате чего ощутимо повышается качество знаний 
учащихся и повышается мотивация к обучению. 
 
Summary 
 This article considers that learning by means of updated curriculum is an integral part of 
the 
learning process. This program provides increasement of student’s motivation to learn through 
various methods and techniques, as different forms of assessment. As a result, the quality of 
student’s knowledge and motivation to learn significantly increases. 
Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы ең басты мәселелердің бірі 
— білім берудің және оның сапасын жақсарту талабы. 
Сондықтан, қазіргі даму 
кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру 
мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, 
жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Жаңа 
технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі маңызды орын алады. 
«Баланың ынтасын артыру үшін оқылатын нәрседен бір жаңалық 
болуы керек» - деп Жүсіпбек Аймауытов мұғалімдерді ізденімпаз болуға, 
оқушының ынтасын оятуға шақырады. Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың 


194 
алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі – «Білім — бүкіл өміріңе»
қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына өте алатын білім жүйесінің 
ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады[1]. Осы қағида аясында
қазіргі таңда Қазақстан мектептерінде жаңартылған оқу бағдарламасы
енгізілді. 
«Физика» пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасы осы үдерістің 
құрамдас бөлігі болып табылады. Физика саласы бойынша оқушылардың білім, 
білік, дағдыларын қалыптастыру негізгі орта және жалпы орта білім беретін 
мектеп бағдарламасында жетекші орын алады, бұл әлемнің біртұтас ғылыми 
бейнесін қалыптастырудағы физиканың практикалық маңызымен айқындалады. 
Физика – табиғат туралы ғылым. Оның мақсаты заттар мен денелердің, 
құбылыстар мен процестердің физикалық қасиеттерін танып-білу, табиғат 
құбылыстарының заңдылықтарын зерттеу болып табылады. «Физика» пәнін 
табысты оқыту мұғалімнің тікелей кәсіби тәжірибесі мен құзыреттілігіне, оқу 
үдерісі нәтижелеріне басым көңіл бөлуіне байланысты. 
Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларында оқушылардың бойында 
қалыптастыру қажет келесі құндылықтар мен дағдылар анықталған (1-кесте)[2] 
1 – кесте Құндылықтар мен дағдылар
Пән бойынша білім, дағдылар мен құзыреттіліктерді анықтайтын оқу 
бағдарламаларын әзірлеу барысында жоғарыда келтірілген құндылықтар мен 
дағдылар ескерілген. Мұны осы құндылықтар мен дағдылардың барлығы 
қарастырылған «Физика» пәнінің оқу бағдарламасынан көруге болады. 
Мысал ретінде 8 сыныптың физика пәнінен «Электр тогы» бөлімінің 
жағартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының бірнеше тақырыбына 
жазылған күнтізбелік жоспарды көрсетейік
Ұзақ 
мерзімді 
жоспардың 
бөлімі 
Тақырыптар/Ұзақ мерзімді 
жоспардың мазмұны 
Оқу мақсаттары 
3-тоқсан 
Тұрақты 
электр тогы 
Электр тогы, электр тогы 
көздері 
8.4.2.1 – электр тогы ұғымын және электр 
тогының пайда болу шарттарын түсіндіру 
Электр тізбегі және оның 
8.4.2.2 – электр схемасын графикалық 


195 
құрамды бөліктері, ток күшi, 
кернеу 
бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің 
шартты белгілерін қолдану;
8.4.2.3 – кернеудің физикалық мағына-сын, 
оның өлшем бірлігін түсіндіру 
№ 3 зертханалық жұмыс

«Электр тiзбегiн құрастыру 
және оның әртүрлi 
бөлiктерiндегi ток күшiн 
өлшеу»
 
8.4.2.4 – электр тізбегіндегі ток күші мен 
кернеуді анықтау; 
8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік 
ережелерін білу және сақтау 
Бағдарламада «оқу мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен 
белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар 
бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқу мақсатының реттік 
нөмірін көрсетеді. Мысалы, 8.4.2.1. кодында «8» - сынып, «4.2» - екінші 
бөлімнің бірінші бөлімшесі, «1» - оқу мақсатының реттік саны.[3] 
Оқу бағдарламасында «Физика» пәнінің оқу мақсаттары бөлімдерге бөлінген. 
Бұл бөлімдер дағды немесе тақырып, білім немесе түсінік деңгейіне қарай 
бөлімшелерге бөлінеді. Әрбір бөлімшенің ішінде бірізділікті сақтай отырып 
құрастырылған оқу мақсаттары бөлімше аясында оқушылардың қаншалықты 
алға ілгерілегенін көрсетеді, бұл мұғалімдерге жұмысын жоспарлап, 
оқушыларды бағалап және алдағы уақытта олардың қандай шешім 
қабылдаулары қажеттігін анықтап, оны оқушыларға жеткізуге негіз болады. 
Сонымен қатар, «Физика» пәні бойынша оқу бағдарламасына негіз болған 
маңызды қағидат білім беру бағдарламасының спиральділік қағидаты болып 
табылады. 
Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером 
Брунердің «Білім беру үдерісі» (1962) атты еңбегінде қарастырылған танымдық 
теорияға негізделеді. Оның пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс 
құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын болса, оны тіпті кішкентай балалар да 
түсіне алады. Сонымен қатар, «жұмыстау негізіне баланың бұрынғы өз 
тәжірибесі перне қоры, мағлұматы салынып, дәл айтқанда, балаға танымал 
жақын нәрседен басталғаны» (Ж. Аймауытұлы, 1929) абзал. Джером Брунер 
адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады деп 
тұжырымдайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет