Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»



Pdf көрінісі
бет64/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

 
Әдебиеттер
1)«Цифровое 
образование» 
как 
системообразующая 
категория:проходы 
к 
определению,Вайндорф-Сысоева 
М.Е.,Субочева 
М.Л. 
Московский 
педагогический 
государственный университет 119992,г.Москва,ул.Малая Пироговская,д.29,Российская 
Федерация 
2) Цифровые образовательные ресурсы в школе: методика использования. Естествознание: 
сборник учебно-методических материалов для педагогических вузов / сост. Н.П. Безрукова,
А.С. Звягина, Е.В. Оспенникова; под общ. ред. Е.В. Оспеннико вой. — М.: Университетская 
книга, 2008. — 480 с. — (Библио тека информатизации образования). 
3) 
https://cyberleninka.ru/article/n/tsifrovoe-obrazovanie-v-zapadnoy-evrope-i-ssha-nadezhdy-i-
realnost/viewer
 
 
 
 
 
 
 


188 
ӘОЖ 372.853. (075.8) 
БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ВИРТУАЛДЫ 
АСПАПТАРДЫ ҚОЛДАНУҒА БОЛАШАҚ ФИЗИКА МҰҒАЛІМДЕРІН
ДАЙЫНДАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Журабоева М.Қ., 
магистрант,
 Валиханова Б.С., 
PHd
доктор, 
Бүркітов Ә.Қ.,
РЖА Кеңесшісі, ҚПА профессоры
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент, 
Қазақстан 
 
Резюме 
В этой статье мы рассматриваем о подготовке будущих учителей физики с применением 
виртуальной лаборатории в обучении физики. Совершенствование творческих способностей 
учеников в преподавании данного предмета. Это активный творческий поиск со стороны 
преподавателя и со стороны ученика. Задача преподавателя состоит в том что, чтобы в 
процессе передачи знаний научить учеников активным формам учения, приводящим к 
самостоятельному добыванию знаний. Задача ученика — освоить осознанно систему знаний, 
умение решать самостоятельно творческие задачи по физике. Проблема научности и 
доступности, сознательности и активности ставит перед учителем вопрос об отыскании на 
практике активных методов формирования и организации учебной познавательной деятельности. 
Один из путей решения этой проблемы - сделать обучение наглядным.
 
Summary 
The Sound facilities of the education include the radio broadcasts and sound recording different type 
(magnetic record, phonograph records). Screen, - sound facilities of the education unite educational film 
aids, educational television transmissions, video recording, sound diafilms. Kinoposobie – a positive 
photographic scene moving object on movie film with fixed by sound accompaniment. The Fund of 
educational film aids consists of film, film clip and film hoop. The Video recording – fixed on special 
magtape at video recorder and television camers scene and sound, which can be reproduced on television 
screen. For organization of activity of the students on fastening the gained skills it is possible to use the 
package applied of training programs. The Activation of the education is connected with dialogue nature of 
the functioning (working) the computer and with that that each pupl works for his computer.
Білім беруді цифрландыру құралы ретінде виртуалды аспаптарды қолдануға
болашақ физика мұғалімдерін дайындаудың әдістемелік ерекшеліктерін 
қарастырайық. Ол үшін к
омпьютерлік нобай –
объектілердің бейнесін 
жазықтықта немесе кеңістікте көрсете алатын, физикалық эксперименттерді 
бейнелеп көрсетудің күрделі жағдайларын имитациялайтын компьютерлік 
бағдарламалар. Компьютерлік нобайлар физикалық тәжірибелердің виртуальді 
бейнесін және кәдімгі тәжірибе жүзінде байқала бермейтін бөліктерін толық 
көрсетеді. Компьютерлік нобайлармен белгілі бір шамалардың басқа бір 
шамаға тәуелділік графигін, диаграммасын т.б. бейнелерін көрнекті түрде 
экранға немесе қағазға басып шығаруға болады. Мұндай ерекше көрініс беру, 
зерттелетін үдерістің табиғи заңдылықтарын түсіндіруді жетілдіріп, үлкен 
ақпараттың көлемін жинақтап көрсете алады. 
Болашақ мұғалімдер физика сабағында оқушылардың компьютерлік 
нобайлармен жұмыстар орындауы өте пайдалы екендігін білетіндіктен, 
компьютерлік нобайлар жасау арқылы объектілердің табиғи бейнесін және 
оның қасиеттерін толық ашып көрсету барысында шығармашыл идеялардың 


189 
пайда болуына жол ашып, соңын үлкен жаңалыққа ұластырады. Мұндай 
әрекеттің 
іс-жүзінде тексеруден 
өткен 
«Компьютерлік виртуальдық 
зертханалық сабағы», А.А. Туякбаевтың «Физика пәнінен виртуалды 
зертхана» сабағын, профессор Ә.Қ.Бүркіттің «Физиканы оқытуда көрнекілік 
принципті жүзеге асыру әдістемесі» мақалаларын мысал ретінде келтіруге 
болады. Компьютерлік зерттеу сабағында оқушылармен компьютерлік 
нобайды көріп, бақылап, талдау жасап, қажетті нәтижелерді алу үшін өз 
бетінше зерттеулер жүргізу ұсынылады.
Компьютерлік нобайлаудың және бір артықшылығы, виртуалді зерттеу 
жұмыстарына жұмсалатын уақыт үнемделіп, объектінің табиғи бейнесіне 
компьютерлік нобай мейлінше жақындай түседі. Бұл оқушылардың ойлануына, 
болжам жасауына түрткі болып, оқушылардың қызығушылығын артырады, 
шығармашылыққа қарай қадам бастырады. Ал, болашақ физика пәні мұғалімі 
болса, оқытудың шығармашылық үдерісінде, көмекшінің ғана рөлін атқарады. 
Осылайша білім алуға қызығушылығы артып, оқушылар шығармашылықпен 
айналысуға ден қойып, қосымша, өзіндік, үйге берілетін жаттығу 
тапсырмаларын көптеп орындап, нәтижелерін тексеру үшін компьютерлік 
экспериментке жүгінеді. Компьютерлік эксперимент арқылы орындаған 
жұмыстарының нәтижесін өз бетінше тексеру, ойдағыдай нәтиже жету 
дарынды оқушылардың қызығушылығын одан да жоғарылатып, рухани күш-
қуатын арттырып, жұмысты ғылыми зерттеу дәрежесіне дейін жеткізуіне алып 
барады. Мұның физикадан виртуальді сабақтарда оқушылардың білім деңгейін 
компьютерлік 
технология 
негізінде 
түрлі 
әдіс-тәсілдерді 
(жаттығу 
тапсырмаларын орындау, тесттерге жауап беру т.б.) қолданып шыңдауға қол 
жеткіземіз деген сөз. Мәселен, оқыту үдерісінде компьютерлік техника физика 
болашақ мұғаліміне физикалық есептеу экспериментіне жиірек сүйенуге, 
қандай да бір физикалық шамалардың арасындағы байланысты көрнекті түрде 
көрсетуге, оқытудың қолданбалы бағытталуын күшейтуге көмектесетін физика-
техникалық мазмұндағы есептерді тереңірек зерделеуге мүмкіндік береді. 
Машиналы графиканы пайдалана отырып, экранда суреті көрсетілген 
бағдарлама жазуға, сондай-ақ қозғалысқа келтіруге болады. Компьютердің бұл 
мүмкіндігі көзге байқалмайтын кейбір физикалық үрдістерді демонстрациялап 
көрсетуге пайдаланылады. 
Шығарылу жолы қиын және күрделі болса, ондай есептердің алгоритмін түзіп, 
бағдарламасын құрып компьютер арқылы шешу тиімді. Ол үшін алдымен, есеп 
бірнеше бөліктерге бөлініп, оларды қандай тізбекпен шешілетіндігі, 
белгіленеді. Яғни, бірінші кезең есептің қойылуы. Бұл кезең есептің 
шарттарымен алынатын нәтижелерін ажыратып көрсетуге арналады. Одан 
кейінгі екінші кезеңде, формула түрінде жазылатын оның математикалық 
нобайы жасалады. Есеп шығаруда математикалық нобайды құру үшін алдымен 
[1]:
– математикалық нобай негізделетін болжамды бөліп алу;
– алғашқы мәліметтер мен нәтижені анықтап алу;


190 
– алғашқы мәліметтер мен нәтижені байланыстыратын математикалық 
қатынастарды жазу қажет. Яғни, осы кезеңде оның математикалық нобайы 
зерттеліп, бағдарламаланады. Алгоритм құру – компьютермен есеп шығарудың 
үшінші кезеңі деп аталады. Бағдарламалау тілінде жазылған алгоритм 
бағдарлама деп аталады. Төртінші кезең – бағдарламалау үдерісі. Бесінші кезең 
– ЭЕМ тапсырмаларын алғаннан кейін есепті автоматты түрде өзі шешеді. 
Есептеуді компьютерде жүргізе отырып, алынған нәтижені талдау керек. 
Мұндай жағдайда математикалық нобайды нақтылау қажеттігі пайда болуы 
мүмкін.
Сонымен, болашақ мұғалімдердің физикалық есептерді шығару үрдісінде 
компьютерді пайдалану оқушылардың шығармашылық жұмысының өнімділігін 
арттыруға ықпалын тигізеді. Компьютер әдеттегі физика есептерін жаңа 
мазмұнымен толықтыруға мүмкіндік береді, оларды анағұрлым қолайлы, 
қызықты етеді. 
Өйткені, компьютерлік технологияның мұндай ерекшелігі оны электрондық 
тақта ретінде, қажетіне қарай лекция, презентация және т.б. сабақтарда көрнекі 
құрал ретінде пайдаланылып келеді [2]. Себебі, қозғалыстағы бейнелердің 
көрнекілігі, оқушылардың қызығушылығы мен жан-жақты ойлануына оңтайлы 
әсер етіп, шығармашылық белсенділігін дамытуға көмектеседі. Компьютерлік 
көрнекі құралдармен дербес жұмыс істеуші оқушылар виртуальді тәжірибе мен 
құбылыстың өзгерістерін алға, артқа жүргізіп, зерттеп, оған өзгерістер енгізе 
алады.
Мысалыға, «Тармақталу алгоритмін пайдаланып, есептер шығару» 
тақырыбына байланысты жаңа материалды түсіндіргенде, болашақ мұғалім 
бірнеше мысалмен шектеліп пысықтаса, оқушы өзіндік жұмысын орындағанда, 
бағдарламасының коэффициенттерін, өзіне түсініксіз болған 
кейбір 
операторларды уақытша өшіріп, нәтижесін байқау арқылы ол оператордың 
қызметін толық түсініп алуына болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет