Айтмурзаева А.А. -қазақ тілі мен адебиет пәнінің муғалімі.
№107 Ю.Сареми атындағы жалпы мектеп- лицей. Шымкент,Қазақстан
Резюме
В данной статье рассматриваются вопросы использование новых технологии на
уроках казахского языка и литературы
Summary
This article discusses the use of new technologies in the lessons of the Kazakh language and
literature
Жас ұрпаққа саналы білім беру үшін мұғалімдер қауымдастығының
қосатын үлесі зор. Ал білім мен тәрбие негізі тіл арқылы беріледі. Елбасы Н. Ә.
Назарбаев атап көрсеткендей, Қазақстанның болашағы қазақ тілінің дамуына,
тағдырына тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекеттік тілдің оқытылу
жағдайына көп көңіл бөлініп отыр. Біз бүгін еліміз бойынша әлемдік
стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз
керек»-деп
Елбасымыз
Нұрсұлтан
Назарбаев
айтқандай,
дәуірлеген
заманымызда ұрпақ тәрбиесінде маңызды орын алатын сала білім саласы екені
бәрімізге аян. Бұл орында мұғалім қауымына артылатын жүктің салмағы ауыр
екені белгілі. Ұстаздың жүгін адал орындау біздің парызымыз. Ең алдымен
мұғалімге керегі өз пәнін жете меңгеру. Ол үшін үздіксіз ізденіп, өз біліктілігін
арттырып, оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай озық тәжірбиелерді
іскерлікпен пайдалану керек. [1].
21 ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі,
айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият
қарайтын дәуір. Бүгінгі білім, қоғамдағы демократиялық бастамалар барлығы
мұғалімдер арқылы жүзеге асады. Өйткені, мұғалім -қоғам айнасы.Біріккен
ұлттар ұйымының шешімімен «21 ғасыр ақпараттандыру ғасыры» деп аталуы
да бекерден бекер емес. Қазақ еліміз ғылыми-техникалық үдерістің негізгі
белгіс қоғамдық ақпараттандыру болатын жаңа кезеңге енді. Уақыт өтіп жатыр,
жаңа заман, заманына қарай жастардың дадүниетанымы өзгерген. Соған орай,
қазіргі технология заманында сабақтарда, соның ішінде қазақ тілін оқытып-
үйрету кезінде технологияны көп қолдану керек, бұл қазіргі уақытта көп
сұранысқа ие дүние болып тұр. Сондықтан, ұстаздық жолды таңағаннан кейін,
ғылыми-техникалық
прогрестен
қалыспай,
жаңа
педагогикалық
инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу- менің
ұстаздық міндетім.Мұғалім өзі сабақ беретін пәнді ғана емес, білім беру
технологияларын қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де білуі
керек. Сондықтан да, өз сабақтарымда бір ғана тәсілмен шектелмей, түрлі
инновациялық
технологияларды
оқушылардың
жас
ерекшеліктеріне
байланысты
таңдап
қолдануға
тырысамын.
Өйткені
әр
сабаққа
жаңалықтарды,озық тәжірибелерді пайдалану үлкен жетістікке жетелейтінін
түсінемін. Әр түрлі әдістерді сабағымда қолданып, тиімді –тиімсіз жақтарын
247
зерттеп, іздену үстіндемін.[2]. Оқушыларды жаңа заман технологияларын
пайдалана отырып оқытудың негізгі қағидаларымыналардан тұрады:
1. Баланың танымдық белсенділігін дамыту;
2. Баланы ізгілікті адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу;
3. Өз бетімен әрекеттесу әдістерін меңгерту;
4. тілдік қорын молайту, өз ойын еркін еркін жеткізе білуге үйрету;Білім беру
саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін
таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе
технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе – тұлғаны нәтижеге бағыттай
білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық
құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативтік технологияның бір өзі
атқара алады. Және де сын тұрғысынан ойлау технологиясы сабақты
жоспарлауда өте тиімді. Баяндамамның негізгі бөлімінде осы екі
технологияның тиімділігі жайында айтқым келіп отыр.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда бұл екі технологияның тиімділігі
туралы бастамас бұрын, «инновация» ұғымының мағынасы ашып алғым келіп
отыр.Өйткені, инновация, бұл-жаңалық. Мысалы, Э. Раджерс инновацияны
былай түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға,жаңа болып
табылатын идея», Р.Майлз «Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі
міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз»,-дейді. Қазақстандық
ғалым Немеребай Нұрахметов «Инновация, инновациялық үрдіс деп
отырғанымыз- білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру,
қолдану және таратуға байланысты бір білек қызметі» деген анықтаманы
ұсынады .
Әдіскер С.Көшімбетова- Инновацияны модификациялық, комбинаторлық,
радикалдық деп үш түрге бөледі:
Модификациялық инновация- бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін
өзгертумен айналысу.
Комбинаторлық инновация бұрын пайдаланылмаған , белгілі әдістеме
элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі
әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновация білімге мемлекеттік стандарттарды енгізумен
сипатталады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді,
параметрлерді,
деңгейлік
және
сапалы
оқытудың
көрсеткіштерін
қалыптастырады.
Осы инновациялық технологиялардың ішіндегі сын тұрғысынан ойлау және
ақпараттық коммуникативті технологиялары -мен үшін өте ұтымды [3].
«Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне
ақылдың дәнін сеуіп, нұр құтын тынымсыз жалын иесі» деген чех педагогі Я.А.
Коменскийдің сөзін басшылыққа ала отырып, қазақ тілі мен әдебиеті
сабақтарында сыни тұрғыдан ойлауды іс жүзінде жүзеге асыру өте
тиімді. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша сабақ құрылымы
қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс кезеңдерінен тұрып, әр
248
кезеңдегі тәрбиелік және оқу мақсаттары әр түрлі стратегияларды қолдана
отырып,
алға
мақсат
қою,
мәселені
зерттеу,
жауап
іздеу,
дарынды оқушылардың өз ойларын ашық айта білуге тәрбиелейді. Менің
байқағаным, сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданғанда оқушының
ойы шыңдалып, өз даму деңгейінде белгілі бір жетістіктерге жете
алады.Оқушылардың пәнді терең түсіну қабілеті дамиды, алған білімдерін
сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайларда тиімді пайдалана білуін
қамтамасыз етеді. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы оқушыға мынандай
мүмкіндіктер беретінін анықтадым:
1. Мұғалімге тәуелділіктен арылып, өзінің білім беру қызметін өздері
басқаруға;
2. Білім мәдениеттілігі мен маңыздылығын түсініп, қажетті іс-әрекетті белсене
және өз бетінше орындауға;
3. Жеке ерекшелігі мен қабілетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп тауып,
белсене орындауға; мұғалімнің көмегінсіз ұжымдасып жұмыс істеуге. [4].
Ең бастысы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олапрдың
бір-бірімен пікір алмастырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса
бастайды. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығы отыратын оқушылар өз
ойларыназ да болса жүйелеп, еркін айта бастайды. Бұрын шығарма,
мазмұндама жұмыстарында оқушылар өз ойын білдіруге қиналса,
қазір оқушылар ой толғанысын жасап өз ойын жазбаша, ауызша білдіре
алады. Ал ақпараттық технология арқылы біз, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімдері сабақтарды түрлендіріп, жаңаша ұйымдастыра алуға мүмкіндік
аламыз. Мәселен, білім берудің жаңа мазмұнындағы бағдарламаға сәйкес, әр
сабақта тұсау кесу жүргізуге тырысамын. Бұл міндетті түрде тақырыпқа
байланысты бейнежазба көрсету арқылы балалардың сабаққа деген уәжін
көтеріп, белсенділігін арттыру. Интербелсенді тақтадан көрсетілген бейнежазба
арқылы оқушылар сабақтыңтақырыбын ашып, мақсатын анықтайды.Себебі,
жаңа заман мұғалімі – бағыттаушы мұғалім. Өзімнің еңбек тәжірибемде
байқағаным, ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда –
оқушы өзін белсенді және еркін ұстай алады. Психологтардың пайымдауынша,
сабақта әр түрлі компьютерлік технологияларды пайдалану оқушылардың
қызығушылықтарын арттырады және өз қабілетіне сенімділігін тудырады.
Ғалым Қ.Қадашева былай дейді: «Жаңаша жаңартып оқыту, жоғары
белсенділікті дамыту және деңгейлік оқыту әдістемелерінжоғары дәрежеде
дамытуоқытудың техникалық және электронды құралдарын жан-жақты
пайдаланғанда ғана толық орындалады[5]. Бірақ оқытудың жаңа техникалық
құралдарын тиімді пайдалану, мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Компьютерлік оқыту технологиясы педагогтің мүмкіндігін күшейтетін
құрал екені сөзсіз, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Яғни, мұғалімнің
білімі мен шеберлігі таяз болмауы керек. Мен өз тәжірибемде компьютерлік
оқыту технологиясын пайдалану арқылы білім сапасын арттыруға ерекше
көңіл бөле отырып өз алдыма төмендегідей мақсат қоямын. Компьютерлік
249
оқытутехнологиясы арқылы білім сапасын арттыру. Өз сабақтарымда: оқытуды
ұйымдастыру формаларын - жеке, топтық, ұжымдық жұмыс жасау формаларын
пайдаланамын. Бұл жұмыс түрлерінің барлығын компьютер арқылы жүргізу өте
тиімді.
Қазіргі таңда мектептеWI-FI желісінің қосылуымен сабақты ғаламтор
арқылы өткізу де өте тиімді және қызықты. Мысалы, сабақтарымда кез келген
жазушыны өтіп жатып, оқушыларға гипперссылка жасау арқылы қосымша
материал
іздеуге
дағдыландырамын.
Ұтымдылығы,
оқушылардың
қызығушылықтарының оянуы соншалық, деңгейі төмен шәкірттердің өзі
тапсырманы орындай бастайды. Сонымен қатар ғаламтор желісіне қосылған
компьютер арқылы сабақ өткізу, сөйлеу әрекетінің төрт түрін де (оқылым,
айтылым, жазылым, тыңдалым) пайдалануға болатыны.
Интербелсенді тақта-топтағы оқушылардың барлығын оқыту үшінқұнды
құралы. Бұл оқытушы жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп
түсіндіруге мүмкіндік беретін баға жетпес құрал. Интербелсенді тақта арқылы
өткізілген сабақтарымда, көбіндеалдыма қойған мақсаттарыма 100% жетіп
жатамын. Себебі жаңа тақырып аясындағы жаңа ойларым, идеяларым
интербелсенді тақтаның арқасында әсерлі, тартымды болып шығады. Бұл,
әрине, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі
әсерлі. Педагогтар өз сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалана
отырып, мынадай артықшылықтарды көре алады:
1. Тақырып шеңберіндегі айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады, яғни
уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік алады;
2. Оқушылардың ғаламтор арқылы өз бетінше ізденіп жұмыс жасауларына
мүмкіндік жасалады;
3. Оқушы өзге оқушалырмен топтасып бірге жұмыс істеуіне мүмкіндік
туғызылады;
4. Сабақта өтілетін тақырыпқа байланысты киноларды, слайдтарды, суреттерді,
кестелерді
пайдалана
отырып,
оқушылардың
сабаққа
деген
қызығушылықтарын арттырады;
5.Электрондық оқулықтарды пайдалану арқылысабаққа жаңашылдық енгізеді;
электрондық оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады:
біріншсі – пәндік, екіншісі – компьютерлік білім.Өз тәжірибеме келетін болсам,
әсіресе сабақтың тақырыбын ашып, мақсатын анықтауда түрлі бейнероликтер,
слайдттар жиі пайдаланамын.[6].
Оқушыларға гипперссылка арқылы жасалған тапсырмалар өте ұнайды. Сын
тұрғысынан ойлау технологиясының «Ой қозғау » кезеңінде оқушылар ойларын
терең жеткізіп, қиялдарына еркіндік береді.Өз өміріне, қоршаған ортаға сын
көзбен қарауға үйренеді. Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса
біледі. Менің таңдап алған әр технологиям оқушының белгілі бір жетістікке
жетуіне, жұмысымның нәтижелілігіне бағытталған. «Айтушы ақылды болса,
тыңдаушысы дана болады» дегендей, сөзімді қорыта келе, оқушыларды
шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны
250
көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген
өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына
үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.
Тәрбиесіз берген білімнің зияны туралы бұдан бұрынғы ғұламалардың айтып
кеткені белгілі.[7].
Қорыта айтқанда, оқыту процесінің нәтижелі болуы оқытушының сабақ беру
шеберлігіне, сабағын қызығылықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне,
оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да
болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне
сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай
алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады.
Оқыту технологияларын сабақта қолдану оқушылардың білім сапасын
арттырып қана қоймайды, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсерін
тигізеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап
қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық.
Достарыңызбен бөлісу: |