242
Мұсабек ақын
майдан
сөзін фронт мағынасында да келтіреді. «Бәлшевек кең
қылып тұр тар дүниені» атты өлеңінде:
Қирайды қылыш, найза болса
майдан
,
Әр жерде ерлік шығар намыс жайдан, (Шығ.,1-к;271-б)
Сендер түлкі ең,Телекем арыстандай,
Қарсыласып
майданда
шабысқандай (Шығ.,1-к;125-б)
Қару
– соғыс құрал-жабдықтарының жалпы атауы ретінде «Бәлшевек кең
қылып тұр тар дүниені» деген өлеңінде 1 жерде кездеседі.
Үрият біздің бостан азаттықты,
Көре алмас дұшпандар көп қамалаған.
Біз мұны енді қолдан бермелік те,
Бірлікпен жауға
қару
сермелік те (Шығ.,1-к;26-б)
Қару
– түркі-монғолдың ортақ сөзі болу керек. Қару-монғол тілінде
«жауап,қайтарым» деген мағынаны береді.
Сонда
қаруын қайтару
– бір
нәрсенің жауабын (есесін) қайтару (беру) деген ұғымда қолданылатын күрделі
сөз болып шығады. енген [1, 115].
Манат қыз және келді хатың бізге,
Жазылып Манат деген атың бізге,
Қаруын бұл сөзіңнің
қайтарайын,
Болсаң да, болмасаң да қатын бізге (Шығ.,1-к;108-б).
Молда Мұса «Талапты жастар» атты өлеңінде
қарулы жастар
деген
тіркесті
пайдаланады.
Қарулы жастар
деген тіркесті білімді, өнерлі,
оқыған жастар
деген мағынада қолданған.
Қарулы жастар, өнер-күш,
Көрдің ғой өнер не етіп тұр! (Шығ.,1-к;34-б)
Молда Мұса қару сөзінің мағыналық өрісін кеңейткен.
Достарыңызбен бөлісу: