241
The article examines the ancient Kazakh archaic words used in the works of M. Baizakov.
Көркем әдебиет тілі мен жекелеген қаламгерлердің сөз қолдану машығын
талдау, таразылау – бүгінгі күндегі жалғасын
тауып келе жатқан маңызды
мәселелер қатарын құрайды. Қазақ әдебиетінің түрлі кезеңдерінде халықтың
рухани дамуына өз туындылары арқылы үлкен үлес қосқан сөз шеберлерінің
тілін
тереңдеп зерттеп, стильдің дәстүрлерін саралау, қорыту арқылы стильдік
байлықты молайтуға олардың қосқан үлестерін ашып көрсетудің мәні зор.
Көркем сөз зергерлері қалыптастырған стильдік дәстүр мен өнеге,
олардың
қазіргі әдеби тілімізде игеріліп, дамытылуы қандай дәрежеде деген мәселелер
де осыдан келіп туындайды. Көркем шығармаға қойылатын басты талап – тіл
шеберлігі.
Әрбір жазушының, автордың өзіндік ерекшелігі де тілі арқылы
көрінеді.
Мұсабек Байзақовтың тілін зерттеудегі мақсат – ақынды қазақ әдеби тіліндегі
жазба дәстүрді алға апарып, әдеби тілдегі функционалды стильдік тармақтарды
дамытып, әдеби тіл нормаларының қалыптасуына ат салысқан шығармашылық
иесі ретінде және өзіндік идиостилі бар тілдік тұлға ретінде тану және таныту.
Кез келген ұлттық тілді халықтың
тарихи қоймасы деп айтқанда, ойда
болатын нәрсе халық өмірінде болатын барлық өзгерістерді өз бойына жинап,
бекітіп отыратын оның лексикасы сөз етіледі.
Мұсабек Байзақов шығармалары тілінің лексикалық құрамы өте бай. Ақын
шығармаларында қазақ тіршілігінің, тұрмысының біраз жағын тікелей де,
жанама да сөз етіп отырады. Осыған орай ақын шығармалары лексикасында
көп сөздер кездеседі.
Мұсабек шығармалары сөздігінің генетикалық (тілдік) құрамын араб-парсы
сөздері, орыс сөздері және төл сөздерге бөліп қарастырамыз. Әрі қарай төл
сөздердің өзін актив, пассив топтарға (архаизм, неологизм) бөліп сөз етеміз.
Молда Мұса шығармаларының негізгі қабаты-қазақтың төл сөздері.
Қалыптасқан жүйеге сай төл сөздерді көне және
жаңа сөздер деп екіге бөліп
қарастырамыз.
Қазақтың төл сөздерінің ішіндегі сол заманның өзінде көнерген немесе
көнере бастаған сөздерді Молда Мұса ретіне қарай орынды пайдаланып
отырған, кейбір көне сөздерді ескі мағынасымен пайдаланған.
Достарыңызбен бөлісу: