Сборник научных статей международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет26/71
Дата02.05.2024
өлшемі2,4 Mb.
#201671
түріСборник
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   71
Байланысты:
zh.aymauytuly zhinak 2023 2

Summary
In this article , the authors considered in detail J.Aimautov as the founder of the first national 
psychological science in the Kazakh land, the first author of a psychology textbook. In addition, the 
original of the scientist explains in detail the theoretical and practical problems of psychological science 
in the Kazakh language and is offered as a textbook for the first time. 


53 
Бүгінгі таңда қоғамның талап сұраныстарына сай жан туралы түсініктердің 
пайда болуы мен дамуы орта ғасырлық ойшылдардың ілімдерінен бастау алатын, 
қазақ жерінде өмір сүрген ғұлама-ойшылдардың еңбектерінде, төңкеріске 
дейінгі қазақ ағартушыларының психологиялық ілімдері мен еңбектері аясында 
қаланды. 
Жаңа Қазақстан жағдайында көбіне «ұлттық психология қажет па? деген 
сияқты өзекті сұрақтар деген мәселе жиі қарастырылуда. Ұлттық психология – 
әр ұлт пен ұлыстың өзіне тән тілі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, діннің 
психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін ғылым. Ұлттық психология – 
этнопсихология ғылымының зерттейтін негізгі мәселесі. Бұл ғылыми салаға 
ұлттық мінез-құлық, ұлттық сана-сезім, ұлттық тіл, ұлттық намыс, ұлттық 
мақтаныш, ұлттық рух, ұлттық менталитет секілді ұлттық құндылықтар жатады.
Әрбір ұлттың өзіндік психологиясы болмай ұлт болып қалыптаспайтыны 
сөзсіз. Осыған байланысты біз ғылыми зерттеулерде де, оқушыларды қазақ 
психологтарына дайындауда да ұлт ұстазы болған ғалым Жүсіпбек Аймауытов 
тамаша үлгі болып табылады. Ғалымның қалдырған психологиялық еңбектерін 
зерттеп, зерделеп, оның ғылыми-әдістемелік еңбектерін заман талабына сай 
жаңғыртып, жандандырып, жас ұрпақтың санасына сіңдіру – ұлттық 
психологияны өзектендіруде маңызды әдіс болатыны күмән тудырмайды. 
Жүсіпбек Аймауытов – психологияның сан түрлі мәселелерін көтере 
отырып, ғылымның төл атауларын жасаған ұлы қайраткер, шәкірттердің жеке 
тұлғалық қасиеттерімен санаса отырып, сәйкес мамандық таңдау маңыздылығын 
сол кездің өзінде-ақ күн тәртібіне қоя білген кемеңгер ұстаз. Осы тұста, саналы 
ғұмырын білім-ғылым, оқу-ағарту саласына арнаған ғалым-ұстаз 1926-1929 
жылдары Шымкент педагогикалық техникумының оқытушысы, әрі директоры 
болып қызмет атқарғанын да айта кеткеніміз жөн. 
Жүсіпбек Аймауытов – қазақ ғылымына өлшеусіз үлес қосқан ұлы 
қайраткер, адамның жан-жүйесін (психологиясын) қазақ тілінде тұңғыш зерттеп, 
оқулық жазған ғалым, ағартушы, ұлы ұстаз. Сондай-ақ, ол 30-жылдардағы саяси 
зобалаңның құрбаны болған суреткер, драматург, ғалым. Қазақ топырағында 
тұңғыш болып ұлттық психология ғылымының негізін қалаған, төлтума еңбек 
жазған адам[1].
Жүсіпбек Аймауытов еңбектерінің негізгі идеясы мынадай: «... Қара 
халықтың мәдениетті болуынан мәдениетті кісінің қазақ болуы қиын, баласына 
осы бастан ұлт рухын сіңіріп, қазақ өміріне жақындатып тәрбиелеу керек. Орыс 
тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері бола алмайды». Ғалымның мұраларынан 
түйеріміз, жаңашылдыққа ел болып жұмылған дұрыс. Бірақ, елді жаңашылдыққа 
жетелейтін, қоғамда ғылымның дұрыс дамуына, жастардың ғылым жолына 
түсуіне ықпал ететін зиялы ғалымдардың ел ішінен тәрбиеленіп шығатындығын 
ескерген жөн. Ұлттық санасы биік, терең білімді адам ғана ел игілігіне қызмет 
етеді.
Ғалымның «Психология» кітабы, «Жан жүйесі және өнер таңдау» атты 
ғылыми еңбектері жас өскелең ұрпақтың ғылыми-теориялық сауатын ашумен 
қатар, һәм психологияны практикалық тұрғыдан үйренуге мүмкіндік береді. 


54 
Оның «Психқолоғия» еңбегі – қазақ даласында еуропалық жантану ілімінің 
ерекшелігін түсіндірген алғашқы құнды еңбек болып табылады. Сол кезеңдерде 
психология пәнінің терминдерін ана тілінде ғылыми түсінікті қалыптастыруда 
жетекші рөл атқарған. Ғалымның бұл еңбегі қазақ тілінде жазылған, өзінің 
ғылыми-практикалық маңызыдылығымен ерекшеленетін алғаш рет жарық 
көрген оқулық болып есептеледі.
Еңбек негізінен екі кітаптан тұрады: біріншісі – Ташкентте басылған 
«Психология» кітабы (1927), екіншісі – Мәскеуде жарық көрген «Жан жүйесі 
және өнер таңдау» деген 80 беттік кітапша (1926). Бұл оқулықтар – мектеп 
мұғалімдері мен педагогикалық оқу орындарының студенттері мен 
оқытушыларына арналған өте құнды оқу құралдары.
Жүсіпбек Аймауытовтың «Психология» кітабын зерттеген отандық 
ғалымдар оның құнды және ұрпаққа мол мұра болып қалатын дүние 
қалдырғанын айшықтап жазады. Осы орайда, ғалымның артында қалдырған 
ғылыми еңбектері жайлы педагогика ғылымдарының және психология 
ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б. Жарықбаев өте көп зерттеген.
Ғалым: «Жүсіпбектің тәрбие тақырыбындағы жұмыстарының ішінде 
«Психология» атты кең көлемде жазылған төл туынды. Себебі бұл түркітілдес 
халықтардың түрік, өзбек, түркімен, қырғыз, башқұрт т.б тілдердің бірде-бірінде 
ұлттық психология аясында жазылған осы сынды еңбектердің болмағанын 
ескерсек, осы басылымның бағасы ерекше арта түседі» дейді.
Жүсіпбек Аймауытов адамдардың дүниені танып-білуі үшін маңызыды 
болып табылатын психикалық құбылыстардың себептерімен, ерекшеліктерімен 
және қасиеттерімен таныстыра отырып, ол туралы ғылыми түсініктерді 
қалыптастыруды көздейтіні байқалады..
Зерттеуші еңбегінде «Психология нені сөйлейді?» дейтін бірінші тарауында 
бұл ғылымның екі жарым мың жылдық терең тарихына тоқталып, көптеген тың 
мағлұмат береді. Адамның жан дүниесін, мінез-құлқын зерттеуді қалайша 
ұйымдастыруға 
болатынын 
тереңірек 
түсіндіруге 
тырысады. 
Адам 
психологиясын зерттеуде математиканы, оның вариациялық статистика дейтін 
саласын қолдануды да түсіндіріп жазып кеткен. Қазіргі психолог ғалымдарының 
таңқалатыны да осы. 
Екінші, үшінші тарауларда адамның психикалық ерекшеліктері мен мінез-
құлқын зерттеу әдістері туралы айтылады, жүйке жүйесінің құрылымына, оның 
заңдылықтарына сипаттама беріледі. Олар сондай-ақ шартты рефлекстер, 
тітіркену, дененің сезімтал қасиеттері туралы айтады. 
Төртінші және бесінші тарауларда" денедегі кейбір органдар, оның 
функциялары"; "эмоциялар мен сезімдер" психикалық процестер мен 
эмоциялардың, 
сезімдердің, 
көңіл-күйдің 
анатомиялық-физиологиялық 
ерекшеліктеріне талдау жасалады. Сондай-ақ, оқулықта танымдық процестерге 
сипаттама беріледі, олардың заңдылықтары мен қасиеттеріне тоқталады. 
«Психология» оқу құралында бір қызығы – автордың сурет, кесте, сызба, 
спимограф, кимограф, камертон, эстезиометр сынды қолданбалы аспаптардың 


55 
суретін беруге, адамның анатомиялық бөліктерінің де суретін салып беруге көп 
мән берілген. ХХ ғасыр басындағы кітап басу ісі үшін бұл үлкен жаңалық.
Ж.Аймауытов адамның өмірегі «өз орнын» табуына ерекше мәнділік берген. 
Оның осы бағытқа байланысты көзқарастары өте мәнді. «Неге арналсаң соны 
істе» деген шағын мақаласында ғалым: «Әлеумет тұрмысындағы зор 
кемшіліктердің бірі – әлеуметтің мүшесі әр адам өз орнында қызмет етпеу. 
«Естеріңізде болсын: ...адам қалай болса, солай сүйреуге көне беретін тулақ та 
емес, қалай қақса солай домалай беретін «алланың добы» да емес. Адам өзінің 
ыңғайымен, еркімен қызмет ететін зат… Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай 
өз жолымен жүріп қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда 
келтірмек. «Өз орнында» істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ. 
Өз жолымен қызмет істемеген адамның жұмысы берекесіз болғаны өз алдына, 
ондай адам ісіне көңілі жарымағандықтан өмірге, тағдырға налып, зарланып, 
бақытсыз жан болып күнелтеді» дейді [2].
Ал тұлғаның өз жолы мен өз орнын табуы үшін «өзін-өзі танудың» маңызын 
айшықтай келе «…Әлеумет тұрмысы оңдалу үшін, онымен бірге әр адамның 
тұрмысын түзету үшін, әр адам қолынан келерлік, пайда берерлік іс істеу керек. 
Әр адам қабілетіне, ыңғайына қарай өз орнында қызмет етпесе, әлеуметке пайда 
орнына зиян келтіреді. Екінші, әр адам өз жолымен жүре алмай, бөтен жолға 
түссе, оның бар таланты (озаттығы) жарыққа шыға алмай, жерге көміледі. Ондай 
адам өміріне разы да болмайды. Сондықтан әр адам сүйегіне біткен икемділігіне 
қарай қызмет ету керек. Ол үшін адам өзінде қандай талант, қандай зеректік, 
қандай қабілет, бір сөзбен айтқанда, қандай қасиет барлығын білу керек. Өзін-өзі 
танымаған өзгені де тануға шоршақ келеді» дейді. 
Қазіргі уақытта психолог мамандар адамға ең алдымен өзін дамытуға «self-
realization» кеңес береді. Өзін дамыту, өзін жетілдіру арқылы өзі өзгергенде ғана 
жанындағы адамдарға жағымды ықпал етіп, өзгеге өнеге болатынын айта келе, 
қоғам мен әлеуметтің даму қарқынын тікелей жеке тұлғалық дамумен 
байланыстырады. Дегенмен, осы мазмұнды зерттеу сонау XX ғасырдың алғашқы 
ширегінде ғалым Жүсіпбек жазған «Психологиядан» бастау алатынын біреу 
білсе, біреу білмес. «Ескі психология мамандары психологияның негізі өзін 
бақылау деп санаған» деп жазады Жүсіпбек Аймауытов. Тәжірибелік 
психологиядағы соңғы зерттеулер өзін-өзі бақылау (интроспекция) арқылы 
адамға өзін-өзі тануға, талдауға және өзінің мінез-құлқы, іс әрекеті мен белгілі 
бір жағдайларға байланысты эмоциялары, сезімдері туралы ойланып талдай 
келе, фокусын «өзін-өзі дамытуға» шоғырландыра отырып, өзін дамытуға жеңіл 
мотивацияланатындығын айтады.
Ж.Аймауытовтың «Жан жүйесі және өнер таңдау» еңбегінде қазақ 
халқының ұлттық тұрпатындағы байқампаздық қабілетін жеке бөліктерге 
жүйелеп, ғылыми бақылау әдісін ұлттық қазақи болмыс-бітімдегі сипаттармен 
байланыстырып түсіндіруге тырысты. Осы орайда, автор «бақылау әдісінің» 
бірнеше үлгісін ұсынады. Айталық, 1) сыртқы сезім мүшелерінің жай-күйі; 2) 
түйсік өткірлігі; 3) үстем көңілі; 4) жады; 5) қиялы; 6) ілтипаты; 7) ойлауы; 8) 
сөйлеуі; 9) дінге деген көзқарасы; 10) құлық сезімдері; 11) әдемілік сезімдері; 12) 


56 
өз басындағы сезімдер; 13) өзгелермен қатынастағы сезімі; 14) қайрат (ерік); 15) 
күндегі ісі; 16) өзге адамдармен қарым-қатынастағы қылығы; 17) тұқым 
шежіресі. 
Ғалым Ж.Аймауытов: «Әркімге өзінің басынан кешірген хал-жайын 
күнделікке (дневник) жазып отырудың да өзін бақылауда маңызы күшті. 
Күнделікте адам өз түрін айнаға түсіріп, өзіне-өзі есеп береді. Кейде өткенде 
жазған сөздерін көріп, жазушы, өзіне-өзі таң қалады. Өткендегі «мен» мен қазіргі 
«меннің» зор айырмасын тапқанда, «меннің» терең сырлы, ұғымсыз екендігі 
айқындалады. Жан мен тән дүниесіндегі әрбір құбылыста бір себеп болмақ» 
дейді. 
Сондай-ақ ғалым-педагог «Жан жүйесі және өнер таңдау» еңбегінде 
адамның «өзіне сай өнер таңдау» маңыздылығына тоқтала келе: «Адамның 
өзінің қабілетіне сай келетін өнердің түрін таңдау» маңыздылығын атап өтті: 
«Адам белгілі бір өнерге, іс-әрекетке бейімделген туылғаннан бастап туады. 
Басқаша айтқанда, әр адамның бір нәрсеге, шеберлікке, шеберлікке, ақылға, 
біреуге мал бағуға, біреуге, біреуге жазушы, біреуге дәрігер, біреуге деген 
қажеттілігі бар.сауда. Кім өз жолымен жүрсе және қызмет етпесе, ол өзінің 
басына да, қоғамына да үлкен пайда әкеледі... қайғы - қасірет бірдей: сирек кез 
келген адам шудан өз жолын табады. Өзінің басты мақсатын мәңгілікке ұмытып, 
әлеуметтік қызметке толығымен берілген адам болу мүмкін емес! Мұндай адам 
аз-аз. Біреу зайырлы өмірге көп еңбек жұмсайды. Біреу баяулады және өзінің 
басты мақсатын көбірек сағынды. Мұндағы айырмашылық бір... Сіз қайтып 
келгенде, сіз бірден жеке тұлғадан да, қоғамнан да пайда көресіз бе? Әлеуметтік 
тілек пен жеке тілек қай уақытта қиылысады? Әр адам өзінің табиғаты, 
ақылдылығы үшін өз орнында қызмет етеді». 
Қазіргі қоғамда орта жас дағдарысына келген тұста мамандығын түбегейлі 
өзгертіп, өмірінің бел ортасынан асқанда өзін қай саладан іздерін білмей 
қаңтарылып тұрған адамдардың стресске ұшырап, тіпті депрессияға шалдығып 
жүрген жайларының жиі куәсі болып жүрміз. Бұдан ғалым Жүсіпбектің 
мамандық таңдау жайлы құнды ойлары өзіміз өмір сүріп отырған қоғам 
мәселелерімен де тікелей үндесіп отырғандығын байқаймыз. 
Ж.Аймауытовтың «Жан жүйесі мен өнер таңдау» атты зерттеу еңбегін 
жазудағы мақсаты – Қазан төңкерісінен кейінгі жаңа заман жағдайында жастарға 
мамандықты дұрыс таңдай білуге бағыт-бағдар беру. Бұл еңбекте зерттеуші сол 
кезеңде-ақ тәжірибелік психологияның ең танымал әдісі – сауалнама, анкета 
әдістері арқылы адамның болмыс-бітімі мен қалайтын ісін, таңдайтын кәсібін, 
келешегін анықтауға болатынын дәлелдеген [3].
Осыған байланысты біз жыл сайын университет қабырғасына жаңадан 
келген студенттердің таңдаған мамандыққа деген икемділігін, қызығушылығы 
мен қабілеттілігін анықтау мақсатында кәсіби бағдар жұмысы мен 
профессиограммада ғалымның осы бақылау әдістері кеңінен қолданылуда.
Адамның мамандықты дұрыс таңдауы әлеуметке мол септігін тигізетінін 
айта келіп, автор: «Өмір бойы өз жолына түсе алмаған адам бір пұшайман сорлы 
жан-дағы. Өз жолында қызмет ету – ырыстың басы» – дейді. Бұл қазіргі таңда 


57 
тек әлеуметтану мен психология аясынан да кеңге таралып қоғамдық, қала берді 
жаһандық мәселе болып отырған «кәсіптік бағдар», «дұрыс кәсіби бағдарлану» 
тақырыптарының мәнін ашады. Осы тақырыптың өзектілігіне байланысты 2023-
2024 оқу жылына арналған университетіміздің «Педагогика және психология» 
оқу жоспарына:
- «Кәсіби бағдар берудің заманауи жүйесі: теория»;
- «Кәсіби бағдар бойынша кеңес беру: практика»;
- «Кәсіби бағдар: жас ерекшеліктер» сынды пәндері енгізілді. Аталмыш 
пәндердің силлабусы мен оқу бағдарламасын құруда ғалым Ж.Аймауытовтың 
еңбектері мен зерттеулері қолданылуда.
Сонымен, қорытындылай келе ұлттық психологияны дәріптеу мен дамыту 
ісінде оның іргетасын берік етіп қалап кеткен ғалым Ж.Аймауытовтың еңбектері 
мен идеяларын заманауи талаптарға сай жаңғырта отырып іске асыру – сергек 
саналы жас ұрпақ үшін рухани ұлы мұрат іспеттес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет