71
мағынасы да қалыптасқан. Мифология адамзаттың діни және мәдени
сәйкестендіруінің ең көне түрі ретінде алғашқы
тайпалық қоғамдардың пайда
болуынан бастау алады. Мифтер табиғатты, әлемнің пайда болуын, адамзаттың
пайда болуын және өмірдің басқа да негізгі аспектілерін түсіндіру үшін жасалып,
адамгершілік құндылықтарды және мінез-құлық нормаларын ұрпақтан ұрпаққа
жеткізу үшін қызмет етті.
Ал
«мистика»
термині аталған сөздікте жер бетіндегі құбылыстар мен
үдерістер тұрғысынан түсіндіруге болмайтын, жұмбақ, түсініксіз,
ақылға
қонбайтын нәрсе ретінде сипатталады. «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» аталған
анықтамамен қатар, терминнің «табиғаттан тыс күштерге сену» деген
анықтамасы қатар қолданып, психологияға қатысы тура баяндалады[2, 519-бет].
Мистика, керісінше, метафизикалық әлемнің құпияларын түсіну арқылы жүзеге
асады. Оның тамыры рухани тәжірибелер мен жеке ағарту тәжірибесінің
тереңдігінде жатыр. Мистика жоғары күштермен
байланысуға және барлық
нәрсенің мәнін түсінуге мүмкіндік береді.
Жоғарыда аталған екі терминнің тоғысуынан
«Мифология»
ұғымы пайда
болды. Мифология – бұл мистика мен өнердің синтезі, ол
негізінен тарихтың
басындағы ең маңызды оқиғаларды түсіндіруге арналған тұтас рухани
шығармаларда жүзеге асады.
Қай халықтың ауыз әдебиетін алсақ та, фольклорында міндетті түрде
Достарыңызбен бөлісу: