138
станицасында 1852 жылы құрылғанды.[3] Отаршыл әкімшіл жүйенің
қолдауымен Жетісуда ашылған орыс оқу орындары приход училищелері,
станицалық жәке поселкелік мектептер бой көтерді. Сонымен бірге уақыт өте
келе орыс-түзем мектептері, гимназиялар пайда болды. 1867 жылы Жетісу
көлемінде Верныйда екі кластық приход училищесі, алты станицалық мектеп
және бір поселкелік мектеп болды. Олар кіші Алматы, Сепгиополь, Үржар,
Лепсі, София, Қапал станицалары және Надеждин поселкесі.[3]
ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы білім беру жүйесінде ресми билік
орындарына қарамайтын шіркеулік мектептер болды. Мұндай мектептердің
басты мақсаты орыс тұрғындарының білім алуына және олардың православиелік
рухта тәрбиеленуіне қолғабыс ету болатын. Бұндай шіркеулік мектептерге 1867–
1868 жылғы реформалардан кейін Дала, Орынбор және Түркістан генерал-
губернаторлық тарындағы епархиялар себепкер болды. Епархиялар мұндай
шіркеулік мектептердің миссионерлік саясатты нәтижелі жүргізуге елеулі ықпал
ететінін ескерді. Шіркеулік мектептер қазақ балаларын орыстандыруға,
шоқындыруға бейім тұрды. 1894 жылы қазақ жеріндегі шіркеулік мектептердің
саны Орал облысында 37-ге жетті. Оларда 879 оқушы оқыды. ХІХ ғасырдың
соңына қарай дәл осындай мектептердің саны Торғай облысында – 9, Жетісу
облысында – 10 болды[4].
Қазақ даласында генерал-губернаторлықтар құрылғаннан кейін, облыстағы
оқу орындарын басқару жергілікті әкімшіліктер қолына берілген болатын. Бірақ
жергілікті әкімшілік дұрыс бақылау жүргізе алмағандықтан ағарту
мәселелерімен генерал-губернатордың өзіне тікелей айналысуға тура келді. Жыл
өткен сайын Жетісу облысында орыс оқу орындарының саны артты. Алайда
мектептердің жағдайы бірден керемет болып кетті дей алмаймыз. Оқу ісінің
дұрыс жолға түсуіне көптеген мәселелер қол байлау болды. Бұл ретте өлкелік
әскери губернаторлар бұл жағдайларға тікелей әсер етіп, көңіл бөлді. Солардың
бірі Жетісу облыстық әскери-губернатор Колпаковский. Ол облыстағы орыс
мектептерінің оқу бағдарламаларын бір жүйеге келтіру жолдарын қарастырды.
Бұл бағдарлама 1871 жылы әзірленіп, Колпаковскийдің қол қоюымен бекітілді.
Бағдарлама бойынша оқушылар бастауыш мектепте үш жыл кемінде діни ілім,
орыс тілі, арифметика, таза жазу секілді пәндерді оқып, меңгеруі тиіс болды[3].
Сонымен бірге бұл мектептердің қаржылық жағдайын шешу үшін, жергілікті
халықтан, облыстағы әр үйден 1878-1879 жылдары 25 тиыннан, ал 1880-1883
жылдары 40 тиыннан алым жиналды.[3]
Жетісу жерінде «Орыс-түзем» мектептерінің ашылуы орталықтағы
үкіметтің орыстандыру саясатымен үндесіп, соны жүзеге асыру шаралары
ретінде көрініс берді. «Орыс-түзем» мектептері мен училищелері жергілікті орыс
емес ұлттардың балалары үшін арнайы ашылған оқу орындары болатын.
Түркістан өлкесінде мұндай мектептер 1885 жылдан бері қарай ашыла бастады.
Достарыңызбен бөлісу: