Сборник научных статей международной научно-практической конференции


Басыңды көтер, қазақ! (немесе оян, қазақ!)



Pdf көрінісі
бет63/71
Дата02.05.2024
өлшемі2,4 Mb.
#201671
түріСборник
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   71
Байланысты:
zh.aymauytuly zhinak 2023 2

Басыңды көтер, қазақ! (немесе оян, қазақ!) 
1. Қазан төңкерісіне және халықтардың өзін-өзі басқару құқығы 
берілгеніне он бір жыл өтті. 
Осы ұлттардың бірі Қазақ Автономиялық Республикасы, бірақ шын 
мәнінде ондай өзін-өзі басқару жоқ, оның себебі бар: Республика болған он бір 
жыл ішінде оны кеңестік қарақшылар басқарды. Мақсаты Қазақ халқын мәдени-
экономикалық қысымға түсіру арқылы өз саясатын жүргізу. Мұны қазақ жерінде 
европалық жетекші авантюристері – қарақшыларының отыруы дәлелдейді. 
2. Дүниежүзілік революцияның негізі, авангарды болу мақсатымен олар 
Қазақстанда дәнді дақылдарды жинау науқандарына жетекшілік етуде. Кеңестік 
билік езгісіне ұшыраған қазақ халқы ашкөз паразиттерге нан берудің еш қисыны 
жоқ, өйткені бұл саясат қарақшылар мен авантюристерден шығады. 
3. Қазақстанның қуғын-сүргінге ұшырауының тағы бір себебі: Қазақ халқы 
өздеріне жоба әзірледі ме? Жоқ!. Бұл европалық қарақшылар мен авантюристер 
қазақ халқының өз тағдырын шешу құқығын аяққа таптайды. 
4. Қазақ жастарын оқу орындарында тәрбиелеу оны орыс мәдениетінің 
ықпалына бағындыру, қазақ халқын алдап, жастарды мәдени дамудың ең төменгі 
деңгейіне жетелеу принципіне негізделген.
Қазақ жастары! Ұлттық ұстанымымызды ұмытпауымыз керек! Европалық 
авантюристердің бізді алып бара жатқан жолынан бас тартайық. 


142 
5. Саналы қазақ еңбекшілерін өз ықпалына алу үшін европалық 
авантюристер «қазақтандыру» деген жалған ұранды шығарып алды, бірақ 
нәтижесінде олар бұл ұранды мекемелерде жүзеге асырмайды. Қазақ халқының 
мыңдаған тілегінің тым болмаса біреуінің жүзеге асуы қайда? 
6. Николай патша саясатының кесірінен өз жерінен тау мен орманға 
қуылған қазақ халқы Қазан төңкерісінен кейін бұрынғы реніштерін ұмытамыз 
деп үміттенгенімен, патша тұсындағыдан да сорақы жағдайға түскені белгілі 
болды[1]. 
Осы тұжырымдардың соңында: «Деректер мынаны айтады», – деп, 1920 
жылы қазақтың советтік автономиясын жариялаған съездің мазмұнына өз 
ұғымымен шегініс жасайды: Батыс қазақстандағы авантюристер – қарақшылар 
шақырған кеңестер съезінде орыстарсыз қазақтар ешқашан мәдени дами 
алмайды деп айтылды. Сондықтан олар жері жоқ орыстарды қазақстанға қоныс 
аударып, қазақтың ең жақсы жерлерін солардың пайдалануына беруді қажет деп 
тапты. Бұл кеңес авантюристерінің саясатындағы басты міндеттердің бірі. 
Осындай қорлықтарды ескерген «Саналы-Алты-Алаш» өкілдері кеңес 
авантюристері мен оларға өзін сатып жіберген қазақ халқының өкілдеріне қарсы 
саяси күрес ашуға шақырады. 
«Алаш» әділетті ұйымының бірлігі баянды болсын! 
«Қой терісін жамылған кеңестік қанішер авантюрист-қасқырларына өлім! 
«Қазақтың бірлігі аман болсын! 
«Қазақшылдар!» ұйымы аман болсын! 
«Қазақшылдар» ұйымы 
Шымкент


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет