Сборник научных статей международной научно-практической конференции


«Қазақшылдар» жасырын ұйым мүшелері



Pdf көрінісі
бет64/71
Дата02.05.2024
өлшемі2,4 Mb.
#201671
түріСборник
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   71
Байланысты:
zh.aymauytuly zhinak 2023 2
2 П Н1 Химия 8 Энергетикалық деңгейлер, 2 П Н1 Химия 8 Энергетикалық деңгейлер, То сан бойынша жиынты ба алау а арнал ан спецификация (1), То сан бойынша жиынты ба алау а арнал ан спецификация (1), epin-manual-ru
«Қазақшылдар» жасырын ұйым мүшелері: 
1. Досанов Еңсеп, Сырдария губерниясы, Қазалы ауданы, Қамбаш 
болысының №1 ауылы, Қазақ, 23 жаста, бойдақ, сауатты, комсомол мүшесі, 
сотталмаған. 
2. Бітімбаев Абдурахман – 21 жаста, Қазақ, Қазалы қ., бойдақ, сауатты, 
комсомол мүшесі, сотқа тартылған қызметкер, қазіргі уақытта жұмыссыз. 
3. Манасбаев Қошқарәли – 21 жаста, Әулие-Ата уезі, Қарабәкір ауданы
№7 ауылы, Қазақ, бойдақ, комсомол мүшесі, Шымкент ауылшаруашылық 
техникумының студенті, сотталмаған. 1928 жылдың 25 мамырында ОГПУ 
Сырдария губерниялық бөлімі қамауға алды. Қазақстандағы ОГПУ, РКФСР 
Қылмыстық кодексінің 58-10-бабымен 3 жылға сотталды. 17 маусым 1989 жылы 
ақталды. 
4. Молдабеков Мәулен – 22 жаста, Шымкент облысы, Түркістан уезді, № 6 
ауылы, Қазақ, бойдақ, комсомол мүшесі, Шымкент ауылшаруашылығы 
техникумының студенті, сотталмаған. 26 қазан 1928 жылы Шымкент ОГПУ 
қамауға алынды. 18 қыркүйек 1997 жылы ақталды. 
5. Джузбаев Абдулла Тастанбекович, 1906 жылы туған, Қазақ. Туған жері: 
Ташкент-Өзбек ауданы, «Гүзел» ауылы, бойдақ, сауатты, комсомол мүшесі, 
сотталмаған, кедей шаруаның баласы, дәріханада көмекші болып жұмыс істейді. 
25 мамыр 1928 жылы, ОГПУ Сырдария губерниялық бөлімі қамауға алады. 


143 
Қазақстандағы ОГПУ 26 қыркүйек 1928 жылы РКФСР Қылмыстық кодексінің 
58-10 баптары бойынша 5 жылға еңбекпен түзеу лагерінде бас бостандығынан 
айыру жазасы тағайындалды. 17.06.1989 жылы Шымкент облысының 
прокуратурасы ақтады [2].
6. Досанов Халикуз – 22 жаста, Қызылорда уезді, Қараөзек болысы, №2 
ауылы, Қазақ, бойдақ, комсомол мүшесі, сауатты, жалдамалы қолөнершінің 
отбасынан шыққан, сотталмаған. 
1928 жыл 7 маусымда ОГПУ Сырдария аудандық бөлімінің Шығыс 
бөлімшесінің бастығы – Саенко, сотталушы азаматтарға қатысты № 93 іс 
бойынша аяқталған тергеу өндірісін қарап РСФСР қылмысты істер кодексінің 
58-бабының 2-тармағы бойынша тұтқындау көзделген. 
1929 жылдың күзінен өкіметтің солақай реформаларына қарсылық ретінде 
республикада халық ереуілдері басталғаны мәлім. Жоғарыда аталған үндеудің 
мазмұны көтерілісшілердің ұйысуына белгілі бір дәрежеде әсер етуі мүмкін. 
Кеңестік заманындағы ұлт-азаттық қарсылық шараларына қатысқандарды 
«бандылар» емес, ұлт азаттығы жолындағы көтерілісшілер екенін, тоқсан 
жылдан астам уақыт бойы бұрмаланып келе жатқан қозғалысты өз атымен атауға 
қол жеткізу және 30-шы жылдардағы көтерілісшілер хақында тарихи әділеттің 
орнауына атсалысу, олардың нағыз тәуелсіздік күрескерлері, халық батырлары 
екендіктерін мойындау талас тудырмайтын мәселе болып табылады. 
Әдебиеттер 
1. Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының коммуналдық мемлекеттік архиві, 
Ф.11.Оп.1.Іс.60.П.1-23. 
2. «Открытый список» - самая полная база данных жертв политических репрессий в 
СССР (1917-1991 гг.), построенная по принципу «Википедии». Электронный ресурс. URL: 
https://ru.openlist.wiki/
 (дата обращения 01.10.2023) 
УДК: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет