Әдебиеттер:
1.
Хасенов Ә. Қазақ хандығы қай жылы құрылыды? // Қазақ тарихы
журналы.- 2003.- 40 бет.
2.
Сегізбаев О.А. Казахская философия (XV- начало XX века).- Алматы: Ғылым, 2001.
3.
Қасымбаев Ж.Қ. Қазақстан тарихы (XIII ғ-1914 ж).- Алматы: Ғылым, 2003.- 46
бет.
ӘОЖ (37.01)
Ж.АЙМАУЫТОВ – ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ҚАБІЛЕТ ЖАЙЛЫ
Пошаев Д.Қ. п.ғ.к., профессор, Әбибуллақызы Ә. оқытушы
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан
Резюме
В статье рассматриваются современные парадигмы организации учебно-
воспитательного процесса, основанные на педагогико-психологических исследованиях Ж.
Аймаутова.
Summary
The article discusses modern paradigms of the organization of the educational process based
on the pedagogical and psychological research of Zh.Aimautov.
Еліміздің алдында тұрған міндеттердің бастысы – білім беру жүйесін
жетілдіру, елдің интеллектуалдық потенциалын көтеру болып табылады. Осыған
байланысты технология, ақпараттану және интеграция ғасырында, жаңа дүние
үшін күрес жолында білім беру проблемасы:
-
біріншіден, білім алдушылардың функционалдық сауаттылығын
қалыптастыру;
-
екіншіден, адамға іс-әрекетке, ой-арманына дүниеге көзқарасына,
талапшыл талғам, пікір түюге бейімделуге, жалпы интеллект қалыптасу
үстіндегі дүниетаным, ұғымталдық, сана құдіретін сезінуді үйрету;
-
үшіншіден, білім марапатқа жету үшін емес, парасатқа жету үшін қажет
екендігінде болып тұр.
Бұл жерде, қазіргі педагогика оқытудың дидактикалық ұстанымдарын алға
тартары хақ, өйткені, дидактикалық ұстанымдар, негізінен оқыту үдерісін
жоспарлауға, құруға және талдауға бағыт, бағдар береді. Сондықтан, олар оқыту
үдерісінің заңдылықтары болып саналады. Десекте, қай уақытта болғанда да,
дидактикалық ұстанымдарда білім берудің таптық сипаттары да көрініс
табатынына назар аударуға тұрарлық. Осы себепті дидактикалық ұстанымдар
қатып қалған жүйе емес, олар ұдайы қозғалыста, дамуда және ғылымның даму
деңгейімен, қоғамның талабына сәйкес түсіндіріледі.
Сондай-ақ, педагогиканың пәніне негіз іздегенде, ағылшын жазушы
Р.Киплингтің «Дүние орынын ауыстырса ауыстырар, бірақ батыс пен шығыстың
пайымдау ерекшелігі орнын ауыстырмайды» - деген сөзін есте сақтау керек [1].
154
Қазіргі өркениеттік пайымдау (еуропалық), заттың сыртқы сипатына,
формасына, қасиетіне қарап, дүниенің заттық өлшемін микрометрлік құрал
арқылы өлшейтін болса, шығыстықтар (азиялықтар) заттың ішкі сипатына, ішкі
мәніне көңіл бөледі. Бұл жәй пікір емес, мұның артында қоғамдық даму
потенциалы жатыр. Осы жерде, әрбір мемлекеттің ұлттық идеологиясының
психология және философияны тірек ететінін ұмытпаған ләзім. Сондықтан да
философия, психологияның белгілі бір деңгейде ұлттық арнадан өсіп жетілуі –
қазіргі заман талабы.
Бұл тек қана педагогиканың пәнінде ғана емес, әрбір оқытылатын пәннің
мазмұнында орын алуы тиіс.
Адамды қалыптастыру, қоғамдық қатынастар жүйесінде мақсаттық тәрбие
жолымен жүргізіледі. Мұны дәлелдейтін қағида оқыту және тәрбие берудің
ғылыми теориясының бірден-бір негізі болып табылады.
Барлық түйін адамның көрегендік негіздерінде деп есептейтін
биологизаторлық қөзқарасқа қарама-қарсы педагогика ғылымы, тұқым
қуалаушылық факторлардың белгісі бар, рөлі барлығын жоққа шығармайды,
жеке бастың қабілеттері мен қасиеттері адамның өмірі мен қызметі үдерісінде
қалыптасып дамитыны осыны дәлелдейді.
Осы тұрғыда, Ж.Аймауытұлы «Адам – өзінің ыңғайымен, еркімен қызмет
ететін зат. Кісі іштен туғаннан-ақ, белгілі бір өнерге, қызметке икем болып
туады, басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсеге талап, ыңғай, қабілет, яки зерек
болады» [2] –дейді. Сонымен қатар,
«...
әр адам сүйегіне біткен икемділігіне қарай
қызмет ету керек» [2] – дегенді алға тартады.
Мұнда, Ж.Аймауытұлы, табиғат адамға ішкі мүмкіншіліктер негізін салып
беретіні, белгілі бір әлеуметтік жағдайларда болмаса, бұл көзге көрінбей қалуы
да мүмкін екендігін ескертеді. Сондықтан да, педагогикалық генетикаға назар
аударылғаны
жөн,
өйткені
оның
зерттейтін
мәселесі
балалардың
интеллектуалдық қабілеті мен психологиясына генетикалық талдау жасау [3]
болып табылады.
Педагогикалық генетика тұлға қабілеті мен мінез-құлқының тұқым қуалау
және олардың жас ерекшеліктеріне қарай қалай өзгеретіндігін зерттей отырып,
білім беру, педагогикаға, оның ішінде пәніне ұсыныс жасайды. Бұл қазірге нағыз
дарындыларды анықтауға, болашақ талант иелерін, нағыз интеллектуалдарды
айыру, тану және оның болашағына ұлтымыздың болашағы – деп, қамқорлық
етуге алып келеді.
Ж.Аймауытов тәрбие процесіне қатысты – «...адам өзінде қандай қасиет
барлығын білу әжет...әр адам өзін-өзі тануы керек. Өзін танымаған –өзгені тануға
шорқақ» [2] – болатынынан назар аударады. Өйткені, адам өмірінде саналы
сәттен гөрі ырықсыз және шала түйсікті (предсознательный) сәттердің алар орны
мол, - деген психолог З.Фрейд. Бұл дәлел қажет етпейтін, риясыз факт екенін
бәріміз де мойындаймыз. Сондықтан да, Ж.Аймауытұлының жоғарыдағы
пайымы «өзін-өзі міней алмаған, басқаны түзей алмайды» – дегенді қағидаға
саяды.
155
Адам мінезін сөз еткенде француз қаламгері В.Гюгонин «Әрбір адамның
үш мінезі бар: басқалардың оған телитін, оның өзіне-өзі телитін және ақырында
шын мәнінде өзінде бар мінезі» – деген. Демек, әрбір адам өзінің мінезі қандай
екенін өзі жақсы біле бермейді. Сол себепті, өзің туралы айтылған өзгелердің
пікірімен де санасып жүрген жөн. Сондықтан да «Өзінді ұқпасаңда, өзгені ұқ» –
деген сөз бекер айтылмаған [3].
Ж.Аймауытұлы, «Әр адам әлеуметке мүше болғандықтан, әлеумет ісіне
көмектес болуға міндетті. Көмектес болуы үшін өнер таңдау керек. Әрбір өнер
белгілі мінез қасиетін тілейді. Мысалы, біреудің басынан кешірген халін ұға
білу, өзін өзгенің орнына қоя білу, басқалардың кейпіне түсу» мәселесіне де ден
қояды.
Мұнда Ж.Аймауытұлы, адамдарды тану біліктілігі жөнінде сөз қозғап отыр.
Тұлға көбінесе ұжымда, еңбекте, іс-әрекет барысында өмірдің қиын-қыстау
сәттерінде ашылады. Десекте, адамдардың шын бет-бейнесін көру барлық
уақытта мүмкін де емес. Екі жүзділікпен өмір сүретін адамдар көптеп кездеседі.
Осыған байланысты, «Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі
келсе, онда ол ең алдымен оны барлық жағынан білуі керек» – деп жазды
К.Д.Ушинский [3].
Тұлғаны
зерделей
отырып,
біріншіден
оның
психологиялық
ерекшеліктерін: бағыттылығын, мінезіндегі басты ерекшелігі – табандылығын,
темпераментін, қабілетін, және өмірлік іс-тәжірибесін анықтап алу керек.
Бұлардан басқа бағыттылығы қасиеттерін: тұтынушылығы мен қызығушылығы,
идеялық және практикалық ұстанымын анықтап алу керек.
Мінез-құлыққа адамның жасап, атқарып жүрген іс-әрекетінің әсері мол.
Сондықтан осылай қалыптасқан тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін аңғару
әбзел.
Өйткені,
қызметтік
этикетте
көрініс
тауып
жататын
кейбір
қызметкерлердің, әсіресе, басшы қызметкерлердің көңіл-күйінің басқаларға,
ортаға әсерін айтуға болады. Мұнда, қандай көңіл-күй орын алмасын,
отбасындағы жағдай қызмет орнына, ал қызметтегі отбасына, ортаға
тасымалданбағаны жөн. Мұндай жағдайдың орын алуын, сол қызметкердің ішкі
жан дүниесінің жұтаңдығы, кемтарлығы - деп түсінген дұрыс. Мұндай
адамдардың «аянышты халін байқағанда, оның дұрыс жол таңдауына көмектесе
гөр!» - деп жаратқаннан тілегенде абзал болар.
Мұндай жағдайда педагогтің өзінің мінез-құлқының ерекшеліктері
тұлғаның, ұжымның не топтардың қалыптасуына әсері сөзсіз.
Адамдардың интеллектуалдық ерекшелігіне, психологтар ой, сана сапасы
көрсеткіштерін: талғампаздығы, икемділік, өзін-өзі мінеушілігі т.б., жатқызады.
Сезімталдық ерекшеліктері жан-жақты болуы мүмкін. Ең жоғары сезім-өмірлік
белсенділік ұстанымы арқылы Отанға сүйіспеншілігі, оның алдындағы парызы.
Көптеген басшыларға, педагогтерге адамдармен тәрбие жұмысы барысында, сол
сияқты өзінің әрекетіне баға беруде, жаңалықты сезіну, әзіл-оспақты, мысқылды
түсіне білу жетісе бермейді.
156
Абайдың: «адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді, қалайша
бітіргендігінен емес…»; «адам баласын замана өсіреді, кімде-кім жаман болса,
замандасының бәрі виноват» [4], А.Байтұрсыновтың: «…адамның мінезі ойының
түрінен, көңілінің күйінен, істеген ісінен білінеді» [5] – деген сөздерін тіршілік
қағидасына айналдырған жөн.
Адамды танып-білу біліктілігі, оны «өз орнына» қоюдағы іс-әрекеті,
педагог, ұстаз, ұйымдастырушы, маманның басты таланты.
Кейде біз: «Не қажеті бар осының, бәрін тыңдап отыру, бәрі бір оның
мәселесін шешіп беру, көмектесу менің қолымнан келмейтін іс»-дейтініміз бар.
Бұл жаңсақ пікір. Қиын-қыстау сәттерде адамның ішкі-жан дүниесін ұғынуға,
тыңдауға, көңіл білдіруге қажет болса оның қайғысын бөлісуге тырысқан жөн.
Тіпті қайғыны бөлісу үшін пенде болсаң да жеткілікті. Ал, біреудің қуанышын
бөлісу үшін Періште болу керек. Бұл тек, Алланың ғана қолынан келеді. Десекте,
солай болуды алға ұстану керек. Осындайда «Өзіңді ұқпасанда, өзгені ұқ»– деп
бекер айтпаған. Адамдар сенің істеп, жасап жүрген істеріңнен гөрі, сыпайы
мінезіңді жоғары бағалайды [2].
Достарыңызбен бөлісу: |