Literature
1. S.Askoldov Concept and words // Russian literature: Anthology. - M.: Academia, 1997. -
P. 267-280.
2. S.Neretina Word and Text in Medieval Culture. Abelard's Conceptualism - M., Gnosis,
1995. p- 182.
3. E.Kubryakova The role of word formation in the formation of the world linguistic picture
//The role of the human factor in language: Language and the picture of the world. - M.:Nauka, 1992.
p.84-90.
4. A.Amrakhova Cognitive aspects of the interpretation of modern music: On the example of
Azerbaijani composers' work: dissertation .... PhD. in art history: 17.00.02. / - Moscow, 2005. p -
325.
5. T. Gabitov Philosophy. - Almaty: Raritet, 2006. P - 408.
6. G. Belger Earthly favorites (Goethe, Abai). - Almaty: Zhazushy, 1995. p- 256.
.
148
ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВТЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ ҚАЙНАР
КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Құсайынов Д.Ө.
философия ғылымдарының докторы, профессор
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қаласы
Аюпова З.К.
заң ғылымдарының докторы, профессор
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Алматы қаласы
Резюме
Для того, чтобы правильно изучить проблему, которую мы ставим перед собой сегодня,
достичь сути и значения, узнать закономерности, мы должны заглянуть в историю
становления философии того времени. История философии, собравшая в себе
тысячелетнюю тайну различных идей, сегодня приобрела огромное значение. Это имеет
особый смысл для раскрытия мировоозрения Жусипбека Аймаутова.
Summary
In order to properly study the problem that we set ourselves today, to reach the essence and
meaning, to learn the patterns, we must look into the history of the formation of philosophy at that
time. The history of philosophy, which has gathered a thousand-year mystery of various ideas, has
acquired great importance today. This has a special meaning for revealing the worldview of
Zhusipbek Aimautov.
XX ғасырдың басындағы қазақ демократиялық интеллигенциясының
көрнекті өкілі, қазақ-романының атасы, қазақ тілінде тұнғыш рет «психология»
еңбегін жазған, касіптік бағдар, мамандар дайындау ісімен арнайы шұғылданған
ұлтымыздың біртуар тұлғасы Жүсіпбек Аймауытов дүниетанымының терең
бастауларын түсіну үшін біз, осы себептерге байланысты өмір реалдылығы өз
түп-тамырымызға қайта оралуды, осы уақытқа дейінгі жалпы кеңес
философиясының маркстік-лениндік идеологиясын, таптық императивтермен
туындаған дүниетанымдық қағидаларды қайта ой елегінен өткізуді қажет етіп
отыр.
Заман қойған талаптар біздің білетініміздей, философияның маркстік-
лениндік даму кезеңін догматизмнен, сектанаттықтан, тарихи материализм
философиясының фатализімнен айыру қажеттігі туындады. Ұлттық қоғамдық
ойлар ішінде дәстүр мен кәзіргі уақыт арасындағы қайшылық пайда болды.
Батыс елдерінің рухани байлықтарына тәнті болудан арылып, ұлттық ойдың
ерекшелігін зерттеудің, заңдылықтарын ұғынудың, меңгерудің уақыты келді,
Бірақта бұл ойымыз, Еуропаға тән нәрсенің барлығынан басты ала қашу деген
емес.
Жергілікті және шеттен келген рухани байлықтарды тиімді үйлестіру
мәселесі алға қойылды, оларды мүлдем жаңа жағдайларда үйлестіре жүйелеудің
қажеттігі туып отыр. Ал бұл болса бізге өркениеттіліктің тікелей жолына түсуге
мүмкіндік бергенімен қатар, біздің қоғамымыздың әлеуметтік және рухани
мінездемелеріндегі ерекшеліктерді игеруге жағдай жасайды. Әлеуметтік
шындықты зерттеудегі Еуропацентристік әдістерден арылу алға қойған негізі
мәселелердің біріне айналды. Әр кезеңде болған қоғамдардың қалыптасу
149
процесстерін батыл, бұлтарыссыз, зерттеу олардың қозғалысы мен дамуын
ескере отырып, мәдени тұрмыс-салтынсыз негізін іздеу қажеттігі туындады.
Осыларды жүзеге асыру үшін шығыстың өзін-өзі танудың ішкі логикасын табу
ауадай қажет, сол кезде ғана біз жалпы проблемалардың қойылу ретін, оның
танымдық жолын және солардың әсерінен қалыптасқан сананың ерекшелік
жайын айқындай алар едік.
Көптеген ғылыми талдаулардың әсерінен қалыптасқан біздің ойымызша
Шығыс пен Батыс арасындағы қайшылықтар мұра мен жаңғыру, жан мен сана,
дін мен өмір,діншілдік пен атеизм арасындағы қайшылықты мойындауға алып
келеді. Сондықтан да психологиялық салаға ұласа келе өз көрінісін білім мен дін,
ой мен қимыл, рухани сезімталдық пен салқын саналық, кемеңгерлік пен
құдреттілік, құдай жолы мен адамдық, ерлік арасындағы қарама-
қайшылықтардан табады.
Әрине, біз атап отырған қайшылықтар мәңгі бітпес қайшылықтар емес, олар
жиі-жиі өзгеріп, секірмелі дамушылықты ырғақты дамумен ауыстырып
отырады.
Егерде біздер белгілі ғылыми әдебиеттерге зер салып қарайтын болсақ, онда
шығыс философиясының ешқашанда жолы болмағанына көз жеткіземіз,
сонымен қатар оның үш дербес бағытта, үнді, қытай, араб ислам философиясы
болып болып дамығандығын көреміз.
Сонымен қатар бізге рационализмнің, материализмнің, активизмнің,
экстраверттіліктің, тағы да басқа бағыттардың әртүрлі қалыптары шығыста өмір
сүргендігі белгілі. Шығыс философиясының ерекшелігінің өзі-қатып қалған,
қатаң бұлжымас философия түрлерінің болмауында. Сондықтан да жаңа
Еуропалық ойлау әдісінен шығатын өлшемдерді қолдану дұрыс емес [1, 10 б.].
Ал егерде бұл мәселеге жалпылай қарайтын болсақ, философия адамзат
мәдениетінің, оның дүниетанымының әмбебаптылығының түпкі негізінің
рефлекциясы, Философия әсіресе мәдениеттің күйзелу кезеңдерінде ауадай
қажет. Себебі ол кездерде мөлдір, айқын даналық әдістері кажет болды. Ал,
дәстүрлі салыстырмалы түрде жай дамитын мәдениетке тура философиялық
емес қалыптағы даналықтың өзі керек. Бұл әдет Шығысқа тән, өйткені даналық
бұл жерде ортағасырларда туындап, оның кәсіпқой философия ретінде
қалыптасқан университеттік түрі болмады. Сондай-ақ рационалдық бағыттағы
даналықтың басқа түрлері де кездеспеді. Философия мәениетінің
дүниетанымдық негіздерін толғағанда жаңа мәндерді дүниеге әкелетіні белгілі.
Бұл әмбебаптылықты бейсаналықтан суыртпақтайды, оларды ой елегінен
өткізіп, "философем" қабатын, яғни философиялық ұғымдар мен категорияларды
түзеді. Бірақта, Шығыста философиялық емес қалыптардың басымдығына
байланысты бұл ұғымдар көркем және діни мәндегі әдебиеттердің дәстүрлі
түрлерінде малтығып қалды. Бүл философиялық дүниенің зерттелуін әлеуметтік
мәдени (контексте) мәнде құруға мәжбүр етеді. Дүниетанымдық бағыттағы
мұралардың "философемді" жіктеп алуға көбірек күш салуды қажет етеді.
Қазақ қоғамы үшін философиялық емес қалыптағы даналық тән. Ол адам
тіршілігін қалыптастыратын дүниетанымдық әмбебаптылық дәрежесінде
150
қолданылады. Сондықтан да шығыс "философемі" дәстүрлі көркем және діни
әдебиеттерде малтығып, философия тарихшыларын философиялық жүйені
әлеуметтік аспектіде зерттеуге, дүниетанымдық бағыттағы текстерді тануға
итермелейді.
Егерде халқымыздың қалыптасу тарихына көз жүгіртсек Қазақтың ата тегі
болып табылатын сақтар, ғұндар, үйсіндер, қанлылардың түп төркіндеріндегі
қарама-қайшлықтарға қарамастан мәселен ғұндар көшпелі болды (қаңлылар
Сырдарияның егіншілері еді, ал сақтар мен үйсіндер малшылық пен
отырықшылықты үйлестіре отырып Жетісуды мекендеді) көшпенділік
әмбебапшылыығы басымдылыққа ие болды. Солай бола тұра жер өндеушілердің
де дүниетанымдық көзқарастары үнемі елеулі ықпалын жүргізіп отырды. Бүкіл
қазақ мәдениетін көшпенді өмір тіршілігінен шығарамыз деу бекершілік, өйткені
көшпенділер ешқашан автономды өмір сүрмейді.
Ұлттық сананың өсуі, мәдениеттің қайта өрлеуі (халықтың рухани
бастауларына зор көңіл аудару) 25 ғасырлық тарихы бар халықтың рухани
бастауларға көңіл аударуын орындатуы заңды еді. Қазақтың ата тегінің арғы
философиясынан бастап дінге сенімінде, төңірге табынушылығында және
сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылардың мифологиясында алдыңғы орынға
философиялык. дуниетанымдық зәру мәселе ретінде көшпенділердің (ғүндар),
малшы-егіншілердің және отырықшы тайпалардың тіршілік бағыттарының
жолдарының ара катысы шығады. Бұл дала мен егістік Тұран мен Иран
арасындағы өзара қатынас мәселесіне ұласады. Бүның өзі көне түрік жазу
мәдениетінің дүниеге келуімен белгілі. Үлкен мәселелер тізбегі көне
Қазақстандағы діни бағыттарға байланысты. Тәңірге (көкке) табыну, Жер, Суға,
Ұмайға табыну бақсылық пен тіленшілікке ұласты. Түрғындардың
идеологиялық қауымдастығын сақтау үшін діннің әмбебаптық калыптағы
қажеттіліктерін іске асыру ретінде буддизм пайда болды. Осымен бірге Манндің
үш уақыт жайындағы концепциясының нәтижесінде манихейшілік дамып
өркендеді. Христиан діні болса, несторианство және яковитство қалыптарында
заороастризммен жарыса дамыды, ал бұлардың екеуі де даланың барлық
халыктарына ықпал жүргізген Митра күдіретіне ұмтылды. Бүл мәселелер
діндердің синкретизмін және әртүрлілігін ой елегінен өткізуге алып келеді.
Мұның өзі руникалық жазбалар куә болғандай, синтез, жалпылау мәселелесін
алға кояды [2, 58 б.].
І, ІІ мынжылдықтар аумағы Қазақстанда ғылым мен мәдениеттің өркендеу
кезеңі болды. Бүл астраномия, математика, жаратылыстану ғылымдарының
оңтүстік қалаларында дамумен және өзінің алғашқы өкілі Қорқыт болған бүкіл
далаға таралған жыраулық өнерінің кеңінен таралуымен белгілі. Әл-Фараби
философиясында идеялық болмыстағы ғылыми жүйесі және әлеуметтік
этикадағы сана мен диалектика туралы ілім негізделді. Жүсіп Баласағұн
"Құтадғу білік" еңбегінде ғылым байлығы мен күнәсіз өмір сүру негіздері
туралы ғылымды дамытты. М. Кашғари "Диуан-и-лұғат ат-түрік" атты еңбегінде
түрік мәдениетінің болмыстық категорияларын айқындап, оның этникалық
терминологиясын негіздеді. Х.А. Йасауи "Диуан-и-хикмет" еңбегінде қоғамдағы
151
әлеуметтік тұрмыстық тәртіпті айқындап, тақуалық пен опасыздықтың мәнін
ашты. Бұл суннизм мен суфизм ағымдарын таратқан халықты исламдандырудың
жемісі еді.
Моңғол шапқыншылығынан кейін қазақтардың этникалық шоғырлануы
қазақ хандығының нығайуы, көшпенділер мен жартьшай көшпенділердің
отырықшы егіншілікпен байланысын қалпына келтіру көкейтесті мәселеге
айналды. Мұның өзі түрғындардың тілдік қауымдастығын, оны түрік әдеби тілі
болған кыпшақ (қүман) тілі негізінде құру мәселесін туындатты. Бұған Дешті
қыпшақтың әдебиетін дамытуда елеулі орынға ие болған Мухаммед ибн
Қайсаның "Үлкен кітабы" игі ықпалын тигізді. Мұнда агиографиялық және діни
әдебиеттің ғылыми еңбекпен арақатынасы әрқашан өзгеріп отырды. Бұл
кұбылыс, әсіресе, Хусам ад-Дин Баршынлықта көбірек байқалады.
Фольклор және жырау өнері қарқынды дамып (Аталық, Сыпыра жырау,
Қодан-Тайша, Асан кайғы, Қазтуған), олардың үлгісі "Кодекс куманикус"
ескерткішінде сақталып қалды.
Казақтардың XVI - XVII ғасырлардағы философиясы космологияға
бағытталды. Мұның ішінде жұлдыз орналасу негізідне байланысты
астрономиялық ұғымдар - мұсылман күн тізбесіне және эмпирикалық
матереологияға елеулі орын берілді. Космогониялық нанымдар діни сеніммен
байланысты еді, бұларды екі жақты сенімге әкелетін елеулі амбивалентілік
болды [2, 64 б.].
Бұл сарын халық ауыз әдебиетінде, ақын, сал,сері, жыраулар өнерінде,
Доспамбет, Шалкиіз, Марқасқа, Жиембет жырларында өз көрнектерін тапты.
Феодалдық қоғамның көркем өнерге әсері жаңа өлең жырларда, әлеуметтік-
тұрмыстық поэмаларда, тіл мен жазба әдебиетте көрінеді.
Ел басынан өткізген ақтабан шұбырынды халықтың алдына мемлекеттік
философия мәселесін, сана мен билік арақатынасын, қолданбалы философия
мәселесін тура қойды. Бұл Бұқар жыраудың көсемдік жырларында,
Ақтамбердінің эпикасына, Төлебидің, Айткеби (мен Қаз дауысты Қазбектің
шешендік философиялық ой-толғауларына негіз болды. Бұл сарындар
Махамбет, Шернияз, Сүйінбай, Шөже, Жанақ, Кемпірбай шығармаларында,
туындылардында және "Қармыс батыр", "Балуан Нияз", "Бекет батыр", "Айман-
Шолпан" поэмаларында көрініс тапты.
Ал, XIX ғасыр философиясында Ш.Ш. Уәлихаңовтың қоғамдық даму
концепциясы және әсіресе әлеуметтік саяси процесстер туралы көзқарасында
кеңінен тарады. ЬІ. Алтынсарин өзінің ағартушылық философиясында жас
ұрпақтың тағдырына халықтың рухани қайта өрлеуінің болашағына үмітін
артып, осыған байланысты педагогикалық (ұстаздық), психологиялық (жан
жүйелік) көзқарастарын дамытты. Өз көрінісін ақындар айтысынан, қисса, хикая,
жаңа эпикалық поэмалардан тапқан эстетика жаңа даму кезеңіне шығып, орныға
түсті. Музыка өнерінің өркендеуі Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Ықылас,
Біржансал, Мұхит, Ақансері, Жаяу Мұса, Зілгара, Қүлтума, Сара, Сералы тағы
басқа ақын-әншілердің есімдерімен байланысты. Бұл кезендегі философияның
асқар шыңы Абай көзқарастары болды. Мұнда қазақ халқының табиғаты мен
152
өмір шындығы адамзаттық мәселелер негізінде талдана отырып мейлінше айқын
көрінді [3, 8 б.].
Біз өмір сүріп отырған заманымыз философияға "дәуірдің рухани
квинтессенциясы" ретінде қайта оралу кезеңі болып отыр. Мұның ішінде
методологиялық және дүниетанымдық мақсат-мүдделері қортылып, адамзат
болмысы мен тіршілік тынысының негіздік мәселелері, өмір мәнінің негіздері
қарастырылуда, әлеуметтік мінез-құлықтың бағыттары белгіленіп, адам
өмірірнің өнегелік бағыттары айқындалып мәдениет негізі салынуда, осыларды
іске асыруда философия тарихының орны аса зор.
Қазақ халқының дүниетанымы өз қалыптасуы мен дамуында бірнеше
сатыдан өткен. Ең алғашқы қазақтың "Қазақ" болып, біртұтас ұлттық ерекшелігі
айқындалған, жеке-дара мемлекеттігін иеленген халық есебінде тарихта
жариялануы X ғасырдың ортасына келетіні қазір дәлелденген қағида десек, сол
тұста оның алғаш рухани тұтастығы, өзін ұлт есебінде, халық есебінде сезінуі,
алғашқы синкретикалық дүниетанымы да қалыптасқан деуіміз керек.
Бұл кезде қазақ жеке хандық (мемлекет) құрып, өз құрамында бірнеше
тайпаларды (қыпшақ, найман, керей, арғын, үйсін, қоңырат, т.б.) біріктіріп,
далада өз кеңістігін тауып, өз болмысын, тілін, ділін, дінін, мәдениеттік
шаруашылығын жайғастырып, өзіне өмір салтын - көшпенділікті қалап алды.
Сапырылысқан бауырлас, тайпалас, халықтар арасынан сытылып шығып, өз
отауын тігіп, өзімен өзі болып, ел болып орнығып, елдік белгілерін нығайтып
өмір сүре бастады. Осы алғаш тұтастануда ұлттық тұтастықтың пайда болуына
әсерін тигізген көп мән жатыр. Мұны ескермей, әрқашан осы біртұтасқан ұлттық
тұлғаға, түп-тамырға қайта оралмай қазақтың тарихын, болмысын, бірлігі мен
тірлігін түсіну мүмкін болмас еді.
Осы тұтастықтың ХVІ-ХVII ғасырларда әрі қарай нығыздалып сонымен
бірге өз өміршендігін, тарихи толысқандығын дәлелдеп, қазақ хандығы (яғни
мемлекеті) өз ішкі өмірімен қатар сыртқы қарым-қатынастарында қалпына
келтіре бастайды. Өзін қоршаған мемлекеттермен сауда-саттық, алыс-беріс
сияқты табиғи іс-әрекетпен бірге жеке-дара мемлекет есебінде өзінің тұтас
шекарасын бекітіп, аумағын анықтап, мемлекеттік өмір субъектісі ретінде
сыртқы саяси қатынастарды реттеуге кіріседі. Осы тұста шекаралас орналасқан
елдермен қақтығыса, соқтығыса отырып өз егемендігін сақтап, елін жерін
қорғап, басқалар мойындайтындай жіті тіршілік жасап, қазақ елі атанып, өз
жеріне әбден орнығып алды. Қазақтың байырғы көшпенді өмір салтының,
тұрмыс-тіршілігінің, сонымен бірге ой санасының да ең жанданып, гүлдене
дамыған шағы осы ХІ-ХІІ ғасырларға тұспа-тұс келеді. Әз-Тәуке-ханның ел
басқарып түрған кезі (1680-1717 жж) "Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған"
заман деп аталғаны белгілі [3, 40 б.].
Қорыта айтқанда ұлтымыздың рухани мұрасы қазақ мемлекеттігінің
жаңғырған кезінде Ж. Аймауытов шығармашылығында көрініс тауып
халқымыздың бай мұралары ұрпақ тәрбиесіне қызметете бастады. Сондықтанда
кәзіргі Жаңа Қазақстанды құру барысында этнопедагогика мен психология
бағытында мамандар дайындауды ауадай қажет екендігі дау тудырмайды.
153
Достарыңызбен бөлісу: |