Сборник научных статей международной научно-практической конференции


«АЛАШ» ЖӘНЕ «ҚАЗАҚШЫЛДАР» ҰЙЫМЫ ИДЕЯСЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет62/71
Дата02.05.2024
өлшемі2,4 Mb.
#201671
түріСборник
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   71
Байланысты:
zh.aymauytuly zhinak 2023 2

«АЛАШ» ЖӘНЕ «ҚАЗАҚШЫЛДАР» ҰЙЫМЫ ИДЕЯСЫНЫҢ 
САБАҚТАСТЫҒЫ 
Мамраймов С.Д., Дәулетұлы Т., Мамраймова А.Е. 
1. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, 
т.ғ.к., доцент, Шымкент, Қазақстан.
2. І. Жансүгіров атындағы ЖОМ, тарих пәні мұғалімі, Түркістан облысы, Жетісай 
ауданы, Қазақстан.
3. «Intellect» физика-математикалық мектеп-лицейі, тарих пәні мұғалімі, Шымкент, 
Қазақстан.
Резюме
 
В данной статье раскрывается тема молодого поколения при советской власти, 
представители которого последовали за высокой мечтой: стать независимой страной в 
эпоху советской власти, которые создали подпольную организацию и создали новую версию 


140 
воззвания «Басыңды көтер, қазақ!» (или Проснись, казах!). Своим призывом они хотели, 
чтобы угнетенный народ воспрял, восстал духом.
Основная идея статьи показать гражданскую позицию лидеров «Қазақшылдар», 
показать их основную идею. В статье использованы и представлены для читательской 
публики подлинные источники, где описывается деятельность членов тайной организации 
казахской молодежи «Қазақшылдар» 7 мая 1928 года.
Summary 
This article reveals the theme of the younger generation under Soviet power, whose 
representatives followed a high dream: to become an independent country during the era of Soviet 
power, who created an underground organization and created a new version of the appeal “Basyndy 
koter, Kazak!” (or Wake up, Kazakh!). With their call they wanted the oppressed people to rise up 
and rise in spirit. 
The main idea of the article is to show the civic position of the leaders of “Kazakhshyldar”, 
to show their main idea. The article uses and presents to the readership authentic sources that 
describe the activities of members of the secret organization of Kazakh youth “Kazakhshyldar” on 
May 7, 1928. 
Кеңестік билік қанша жерден халықтың аузын бағып, бұғауда ұстауға 
барын салса да қазақтың рухын баса алған жоқ. Түбінде бір теңдік алып, жеке ел 
боламыз деген асқақ арман жетегіне ерген жас буын өкілдері еліміздің әр 
өңірлерінде әр түрлі астыртын ұйым құрып, езгіге түскен елдің еңсесін көтеру 
мақсатында жұмыстар жүргізіп жатты.
1909 жылы «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер 
жасты. Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп, Қазағым, енді жату жарамас-ты», 
деп, «Оян, қазақ!» ұраны көтерілген Міржақып Дулатовтың ізін 
жалғастырушылар араға 20 жыл салып 1928 жылы Шымкент қаласында ұранды 
қайтадан ортаға тастап, жаңа кезеңге сәйкес жаңа нұсқада Басыңды көтер, қазақ! 
(немесе оян, қазақ!) деп ұрандатты. Шымкенттік жастардың ұраны бұл жолы 
кеңес өкіметінің солақай саясатына азаттық күреспен қарсылық көрсеткен 
жылдардың басында, жеке ақынның емес, ұжымдық ақынның қарасөзбен саяси 
ахуалды тұжырымдаған ащы үнін бейнелеген түрде, халыққа қаратылған үндеу 
тұрпатында шықты. 
Біз ұранның түпнұсқасымен емес, Түркістан облысының қоғамдық-саяси 
тарихының коммуналдық мемлекеттік архиві, Ф.11.Оп.1.Іс.60.П.1-23 қорындағы 
орысшаға тәржімеленген нұсқасымен ғана таныса алдық. Машинкаға басылған 
екі беттік орыс тіліндегі мәтін. Алғашқы парақтың жоғары жағында «аударма» 
деп жазылған. Үндеу мәтіні алты тармаққа жүйелеп жазылыпты. 
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік 
комиссияның Шымкент қалалық жұмыс тобының мүшелері Өзбекәлі Жәнібеков 
атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті тарихшы 
ғалымдарының әзірлеп баспаға ұсынған «Алаш қозғалысы – Оңтүстік өңірдің 
архив құжаттарында» атты жинағында, түпкі идеясы «Алаш» көсемдерінің 
азаматтық идеясына негізделген – Қазақ жастарының «Қазақшылдар» жасырын 
ұйымы мүшелерінің 1928 жылы 7 мамырда Шымкент қаласында атқарған 
жұмыстары туралы деректер түпнұсқада берілді. 
Бұл ұйымның Қызылорда қаласында атқарған жұмыстары жеке зерттеуді 
қажет етеді.


141 
1928 жылдың сәуір айында Достанов Еңсеп Қызылорда қаласынан 
Шымкентке келіп, Базарная көшесіндегі №69 үйдегі жолдастары - Бітімбаев, 
Досов және Жүзбаевтың пәтерінде тұрады. 
Бірте-бірте бұл адамдармен, сондай-ақ ауылшаруашылық техникумының 
студенттері Молдабеков және Манасбаевпен әңгімелесу барысында Достанов 
«Қазақшылдар» 
ұлтшыл 
контрреволюциялық 
астыртын 
ұйымының 
тапсырмасымен Шымкент қаласына астыртын жұмыстарға келгенін аңғартады. 
Содан кейін ол Манасбаев, Бітімбаев және Молдабековпен жоғарыдағы ұйым 
атынан қазақ халқына Үндеу шығару қажеттігі туралы сөйлесіп, Үндеу шығаруға 
тікелей қатысу үшін сөз байласуға кіріседі. 
Үндеуді дайындауға Бітімбаев, Молдабеков, Манасбаев және Достановтың 
өзі қатысқан, ал Достанов пен Бітімбаев Үндеу мәтінін дауыстап айтып тұрған, 
Манасбаев бұл үндеулерді жазған. Үндеу редакциясы Бітімбаевқа тиесілі. 
Осылайша 6 данасы жасалды.
Үндеуге қажет қағазды «Знание» дүкенінен сатып алған, ал бұл қағазды 
сатып алу үшін ақшаны Достанов Досовтан алған. 
Үндеуді 1928 жылдың 7 мамырына қараған түні Достанов, Молдабеков 
және Манасбаевтар Губерниялық атқару комитетінің, Губзу, Еңбек бөлімінің
Губсудтың, атқару комитетінің және қалалық дәріхананың терезелеріне 
жабыстырған.
Басыңды көтер, қазақ! деген үндеуде авторлар қазақ халқын, атап айтқанда 
жастарды отаршыл – еуропалықтарға қарсы күреске шақырып, партия мен 
үкіметтің астық дайындау, жер өңдеу саласындағы саясатына тоқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет