205
ӘОЖ
Ә. КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТОПОНИМДЕР
Жолтай А.Б. –
М1701-11 оқу тобының магистранты
Ғылыми кеңесшісі: Оразбаева Э.Б. –
ф.ғ.к., доцент м.а.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент
Резюме
В данной статье исследуются топонимы, встречающиеся в произведениях
писателя Абиша Кекилбаева, и рассматривается их связь с местными особенностями. Были
рассмотрены великие произведения автора по искусству казахской земли.
This article explores toponyms found in the works of the writer Abish Kekilbaev and
examines their relationship with local features. The great works of the author on the art of the
Kazakh land were considered.
Әбіш Кекілбаев шығармашылығының Қазақстан елді-мекендерін оқытуда
алатын орны зор. Жазушы шеберлігі Қазақстанның батысынан шығысына
дейінгі табиғатты суреттеуде дүниетаным біліктілігінің биіктігін көрсетеді.
Әбіш Кекілбаев адам баласын ой мен сезім деп, жүрек пен тән деп екі жармай
жаратылыстың гармониялық бірлігінің тамыры екенін дәл айтады.
Оның туған ауылына, туған жерге арналған шығармаларын шын
тебіреністен шын шабыттан қуанышпен сағыныштан туған. Әр бір қазақ үшін
Әбіш Кекілбаев еңбегінің үлкен тәрбиелік мәні бар.
Әбіш Кекілбев Қазақстан жерін шығарма тілінде сипаттаған жазушы.
Маңғыстау! Тұла бойы тұнған құпия-сыр елі, 360 әулие мекені. Оның пұшпағы,
әр тасы ертегі, әр төбесі мен сайы аңыз. Оны мекен еткен адамдар да аңыз.
Оның жері қандай, жер бетіндегі атаулары қандай!
Шайыр, Мерет, Тамшалы, Өрмелі, Босаға, Сынды, Қаламқас, Шерқала...
осылардың бойында, атауында қаншама сыр бар.
Әбіш Кекілбаев «Маңғыстау дариясы – халқының көкірегінде» деген
мақаласында: «Маңғыстауға құдай бәрін берген – астына да, үстіне де.
Маңғыстау дегенде Құдайдың сараңдығы ұстаған бір жері бар. Ол – біздің
жерге өзен бермеген. Жұртқа Әмудария, Сырдарияның бәрін бергенде
Маңғыстауға манашының Ащыағарынан басқа ештеме қимаған. Бірақ Құдай
әділ болған соң ғана Құдай болып тұр ғой деп ойлаймын. Сол жерінің бетіне
бермеген дарияны осындағы халықтың көкірегіне берген»,- деген.
Маңғыстау географиялық картасында ойып орын алған, белгілі бір жерде
телінген ертегі-аңыздар жеткілікті. Олар: Қарағантүпе-Мерт, Тамшалы, Молда
тас, Таушық-Сарытас өңірінде ноғайлы аңыздармен қатар айдаһар мен үлкен
жылан туралы аңыздар, Керелдегі Қаламқас ару аңызы, тіпті ең соңы Құлбарақ
пен Балуанияз батырлар туралы аңыздар.
Әбіш Кекілбаев Маңғыстаудағы геогрфиялық нақтылыққа ие болған
аңыз ертегілерді былай топтастырған:
1)
Жер су атауларының мәнін түсіндіретін аңыз ертегілер: Қаламқас,
Маната, Манаша, Күйген, Аппақұшқан т.б.
206
2)
Гоеграфиялық обьектілердің, тау, төбе, т.б сипатын түсіндіретін аңыздар:
Кендірлідегі Темір баба аңызы. Ерсарының қайрағы және Ерсарыға
қатысты әңгімелер. Мерет сұлу аңызы.
3)
Нақты мифтік топонимдер: айдаһар мен жыландар ауланды, өлтірілді
деліетін Батыс Қаратаудың төңірегіндегі сай үңгірлер.
4)
Зираттар мен құдықтарға байланысты аңыздар, бұл ертегі-аңыздардың ең
көп бөлігін құрайды.
Маңғыстауда өмір сүрген дені Х-Х1ғ.ғ суфистік дін уағызшылары болған
мұсылман әулиешілері туралы және кейінгі қазақтың киелі кісілері туралы
аңыздар
.
Әбіш Кекілбаевтың шығармасында кездесетін топонимдердің аттары
мынадай: Қандыарал, Шыңғырлау, Торыат, Сүмбетемір, Қарабұлақ, Ақшағыл,
Елік, Құбатау, Қарақобда, Елек, Қызыл-құм, Бөтен тау, Балқан, Хантөркіл, Шөл
тау, Айғырбүгілді, Маңғыр, Жыланды, Егізлақ, Қаратүлей, Есенқазақ, Түйелі
Жиренқопа, Бестөбе. т.б. топонимдердің денін Маңғыстаудың топографиялық
картасынан тауып алуға болады.
Әбіш Кекілбаев 60 жасында Ақтаудағы сөзінде: «Дүниенің кеңдігін
ұқтыра алатындай. Жерімнің, азаматтың абзалдығын ұқтыра алатындай,
Елімнің барына мақтанып отырмын. Сіздер арқылы күллі Қазақ Елінің, қара
орын Маңғыстауым арқылы күллі Қазақ Жерінен айналып отырмын.
Көрер жарығымнын көзі, шығар тауымның асыл тұғыры-қазақ даласының
әр тасы – қағбам, әр бұтасы – сәждем екендігіне ешкім күмәндана қоймас»,-
деген.
Әбіш Кекілбаевтың шығармаларында «Қырымның 40 батыры» – дала
көшпенділерінің дүниетаным әлемінде Манас, Алпамыс, Козы Көрпеш Баян
сұлу, Қорқыт, Көроглы сияқты алып жырлар қатарында тұр. Бірақ оны
насихаттау өте төмен деңгейде. Қырымның 40 батырын Маңғыстау жеріне
«орнықтырудың» бір жолы, Маңғыстау мен Үстірттің мәдени ескерткіштер
мұражай қорына ұқсас немесе қоғамдық ұйым құрып, әр түрлі тақырыптық
материал жинақтап, ұлттық, мемлекеттік деңгейде «Қырымның 40 батыры»
атты парк ұйымдастыру. 40 батырдың есімдерінің табиғи құбылысқа
(Жаңбыршы-жаңбыр), географиялық обьектілердің атауларына (Қарапдөң,
Ағыс-Телағыс, Көгіс-Көгез, Құттықия) т.б сәйкес келуі.
Әбіш Кекілбаев өрелі мақсаттарға қол созып, биік мұраттарға бет алған
үлкен творчестволық сапар үстіндегі жазушы.
Әбіш Кекілбаев өзінің айтар ой, көтерер мәселесіне материал етіп аңыз
әңгімелер таңдауы, біздің пайымдауымызша халықтың арман ойы үміті мен
тілегі ұялаған халықтың тарихи тажірибелері жинақталған, оның өн бойында
сол белгілі халықтың, ғасырлар бойы қадірлап қастерлеп келген рухы жатыр
деп біледі. Сол арқылы Уақыт байланысымен Ұрпақ сабақтастығын
орнықтыруды қалайды.
Достарыңызбен бөлісу: