275
GeoGebra оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға
мүмкіндік береді: коэффициенттерге тәуелді функциялардың графиктерінің
орналасуы туралы қорытынды жасау, қарапайым функциялардың графиктерін
түрлендіру арқылы күрделі функциялардың графигін құру әдісін табу, сонымен
қатар геометриялық фигуралардың қасиеттерін ашу [3].
Жалпы, GeoGebra компьютерлік бағдарламасын математиканың әртүрлі
бағыттарында қолдануға болады:
- параметрлері бар сызықтық және квадрат теңдеулерді визуализациялау,
теңдеулер жүйесін шешу үшін;
- функциялардың қасиеттерін зерттеу;
- туынды ұғымын зерттеу;
- жазықтықта фигураларды құру;
- көпбұрыштарға сырттай және іштей шеңберлер салу, көпбұрыштардың
периметрі мен ауданын анықтау;
- көлемді фигураларды және олардың қималарын құру;
- көпжақтар мен айналу денелерінің комбинацияларын құру;
- ықтималдылықты және статистикалық сипаттамаларды есептеу, оның
ішінде ықтималдылықты үлестіру нәтижесін граф түрінде ұсыну;
- компьютерлік алгебра жүйесінің көмегімен символдық есептеулерді
орындау;
- электрондық кестелермен жұмыс (күрделі статистикалық, қаржылық)
және өзге де есептеулерді жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: