Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»


WEB-САЙТ ҚҰРУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ



Pdf көрінісі
бет159/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

WEB-САЙТ ҚҰРУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ 
Алимшиков Б.Б.- 
1509-19а тобының студенті 
Ғылыми жетекші: Кулжатаева К.М.- 
магистр оқытушы
 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент
 
Резюме 
В данной статье освещен ход создания кафе сайта по теме «Любимые блюда» с 
использованием языков HTML, CSS, JavaScript. Код страницы был создан в среде Visual 
Studio. 
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің 
даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру 
жүйесін ақпараттандыру ғасыры. 
Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық 
білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді 
етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды 
бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын 
орнымен қамтамасыз етіледі. 
Мектеп бітірушілер компьютерлік сауаттылықты меңгеріп шығады, бірақ 
келешекте олар программист, инженер, жүйе администраторы болуы міндетті 
емес. Дегенмен кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға 
сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруді талап етеді. Шығармашылық 
жұмыстын қорытындысы әр қашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты 
таратудың ең жеңіл әдісі – Интернетте жариялау. 
Интеренетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол Web-дизайн 
ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, Web-дизайн негіздерін білу кез келген 
мамандықта қажет болады, өйткені Web-бет дизайны – бұл ақпараттық дизайн. 
Web-сайт бұл дүниенің кішкентай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайтты бір 
адам — Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам 
жасайды. Олар Web-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг 
бойынша басқарушы, менеджер. 
Не себептен мектеп курсына Интеренет технологиясын оқыту керек 
болды? Web-мастер мамандығы қазіргі кезде өзінің кұпиялығын жоғалтып 
жатыр, ал сайт жасау технологиясы зертхана сыртына шығып көпшілікке 
белгілі болып жатыр. 
Бұның негізгі белгісі Интернет-жобаларға өсіп жатқан инвестициялар, 
Web-сайттардың күрделі білімдік, ғылыми, комерциялық мүмкіндіктері.
Web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт туралы белгілі болу үшін 
сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау керек. 
Осы мақсатқа жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады: Web-cайт 
адресін әр түрлі баспаларға жазу керек, Web-сайтты әр түрлі серверлерде 
тіркеу, Web-cайтқа сілтемелерді басқа Web-сайттарға кіргізу. 
Менің жасаған сайтымда басты рөлді CSS орындайды. HTML де мен 
қабырғасын құрап, басты мәліметтерді жаздым, әрі қарай CSS пен сәндеп 


313 
әрледім. Бұл ғылыми жұмысымда HTML, CSS, JAVASCRIPT тілдерін қолдану
арқылы
1-Сурет. Жұмыстың алғашқы беті 
Қолданушыға ыңғайлы болуы үшін – JAVASCRIPT-ті қолданып, сайт 
ішінде және жанрлар арасындағы навигациялық мәзір жасадым. Сайт 
қонағынан кері байланыс алу үшін – арнайы бөлім дайындадым. (2-сурет).
2-Сурет. Жұмыстың алғашқы беті 
Қорыта келгенде, сайтты құру технологияларын қолдана отырып 
тұтынушыны қызықтыра білу керек. Web сайт құруда бірнеше HTML құжатын 
қалыптастыру үшін, бірқатар қарапайым ережелерді басшылыққа алудың өзі 
жеткілікті: Web–парақтағы мәліметтерді орналасуы қарапайым әрі логикалық 
түрде қарап шығуға, оқуға ыңғайлы болуы тиіс. Бір суреттен кейін бірден 
екінші сурет орналаспағаны дұрыс, олардың ара қашықтарын біркелкі етіп, 


314 
араларында мәтіндік ақпараттар берген дұрыс. Ақпарат бөліктерге бөлініп 
берілсе, оларды оқу, түсіну жеңіл болады. Егер Web–парақ үлкен болса онда 
құжат бөліктеріне жылдам ауысуға мүмкіндік беретін сілтемелер жасау қажет. 
Web–парақтары кең ауқымды тұтынушыларға арналған, сондықтан HTML 
құжаттарын әзірлеген кезде осы ерекшеліктері ойдан шығармау керек. Web–
парақты серверге орналастыру және оны тестілеуден өткізу, жұмыстың соңғы 
қадамдамы деп есептеледі. 
Серверге өз Web–парақтараңызды орналастыру алдында оларды тест 
арқылы тексеріп алған жөн. Жасалған құжат алғашқы тексеруді, яғни 
«жергілікті тексеруді» өзініздің қатті дискіңіздің аумағында өтуі тиіс. Тексеру 
кезінде әр түрлі броузерлерді пайдаланған абзал. Олардың бір-біріне 
айырмашылығы әжептеуір болуы ықтимал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет