Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет174/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Тақырыбы 
Мазмұны 
IDE-мен танысу 
6.1.2.2 IDE интерфейсінің мүмкіндіктерін қолдану 
Тіл әліппесі. Синтаксис 
6.3.2.1 Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді 
жазу 
Мәліметтер типтері 
6.3.3.1 Деректер түрлерін жіктеу 
Арифметикалық амалдардың 
жазылу ережелері 
6.3.2.1 Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді 
жазу 
Санды енгізу және шығару 
6.3.2.1 Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді 
жазу 
Сызықтық 
алгоритмдері 
программалу 
6.3.2.1 Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді 
жазу 
Өтілген тақырыптарды бекіту, меңгеру деңгейін бағалау үшін 
Liveworksheets 
(http://liveworksheets.com/) 
интербелсенді 
тапсырмалар 
құрастыру сервисін қолдану өте ыңғайлы. Оны қолданып, Python 
программалау тілінен құрастырылған тапсырмалар бойынша [3] электронды 
жұмыс даптер құру ретіне тоқталайық:
Ең бірінші кезекте платформада тіркелеміз. Жұмыс жасауды жұмыс 
парақтарын құрастырудан бастаймыз (1-сурет), кейіннен оларды жұмыс 
дәптеріне қосамыз. Алдымен жұмыс парағын мәтіндік редакторда дайындап, 
файлды pdf форматта сақтаймыз. 


345 
1-сурет. Мәтіндік редакторда құрылған жұмыс парағы 
Liveworksheets платформасында «Интерактивті жұмыс парағын құру - 
Бастау» командасын таңдаймыз (2-сурет).
2-сурет. Интербелсенді жұмыс парағын құру командасы 
Ашылған бетте алдын ала сақталған pdf файлды жүктейміз. Файлдың 
көлемі 5МБ-тан аспауы керек. Осы кезде жұмыс парағы жүктеледі. Жүктелген 
файлды интербелсенді тапсырмаларға айналдырамыз.
Бірінші тапсырма - сәйкестендіруге тапсырмасы. Бұл тапсырмада CLIL 
элементтері бар. Яғни білім алушы кілттік сөздерді ағылшын тілінде меңгереді. 
Сәйкестендіру сөздеріне блоктар салып, оларды «
join
» кілттік сөзімен 
толықтырамыз. Сәйкес сөздер бірдей ретпен болуы тиіс (3-сурет). 


346 
3-сурет. Join тапсырмасынан үзінді 
Екінші тапсырма – таңдау тапсырмасы. Ол «
choose
» кілттік сөзі арқылы 
құрылады. Блоктың ішінде тізімде көрінуі тиіс мәтін «/» белгісі арқылы бөлініп 
жазылады, ал дұрыс жауаптың алдына «*» белгісін қоямыз (4-сурет). Мысалы, 
choose:
*Мәтіндік редактор/ Құрастыруды автоматтандыру құралдары/ 
Компилятор. Интерпретатор/ Түзету, Жөндеу. 
4-сурет. Choose тапсырмасынан үзінді 
 
Үшінші тапсырма – мәтінді егізу тапсырмасы. Бұл интерактивті 
тапсырманы құрастыру үшін блок салып, ішінде дұрыс жауапты енгізіп қоямыз 
(5-сурет). Ал таңдау тапсырмасын құру үшін салынған блоктың ішінде дұрыс 
жауапқа 
select:yes
, дұрыс емес жауапқа 
select:no
деп енгізу жеткілікті. 
5-сурет. Мәтін енгізу тапсырмасынан үзінді 
Электронды жұмыс дәптерін құрастыруда Liveworksheets платформасын 
қолдану өте ыңғайлы. Құрастырылған электронды жұмыс дәптерін жалпы орта 
мектептің мұғалімдеріне қолдануға ұсынуға болады. 
Әдебиеттер
1.
Электрондық 
ресурс: 
https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-
tokaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-1622340  
2.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Информатика" пәнінен 
жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы 
3.
Программирование на языке Python для школьников: Учебное пособие по изучению 
языка программировани Python / Л. Самыкбаева, А. Беляев, А. Палитаев, И. Ташиев, 
С.Маматов – Фонд Сорос-Кыргызстан, 2019 – 84 c. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет