137
ӘОЖ
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІ МЕҢГЕРТУДІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Байғұтова Динара Нышанқызы – ф.ғ.к., доцент,
Сазанбекова Жансая Нұрлыбекқызы – 117-28 оқу тобының студенті,
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті,
Шымкент, Қазақстан
Summary
This article discusses educational goals and directions in mastering phraseological units.
Тәрбие
мәңгілік, қасиетті, жалпы ұғым. Адам қоғамының пайда болуына
байланысты туындап, қоғамда өмір сүріп жатқан шақта ол жойылмайды. Ол
адамның дамуына өндіргіш күштерді дайындауға қажет деп саналады. Тәрбие
жеке тұлғаның санасына мінез-құлқына, дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.
Тәрбие
халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесімен
ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым-
қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру
құралы. Әл-Фараби: «Тәрбиелеу
халықтар бойына білімге негізделген
этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дамыту»,
деген болатын [1, 18].
Тәрбиенің мәні, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, іскер азаматты
қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін оны өмір сүре білуге, өзін
қоршаған ортамен қарым – қатынас жасай білуге үйрету. Қоғамдық тарихи
дамудың әр кезеңінде тәрбие өзінің қажеттілігіне, мазмұнына, формасына қарай
нақты тарихи сипатта болады.
«Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында (1999)»
«тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, иманды,
ақылды, парасатты, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, еңбекқор,
іскер, талғамы жоғары және бойында тағы да басқа ізгі қасиеттері бар азаматты
тәрбиелеу» деп белгіленген [2, 14].
Тәрбиенің міндеттері:
– тәрбиелік жаңа жетістіктердің ұлттық тәрбиеге негізделген әдіс-
тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың ұлттық сана-сезімін, имандылық
қадір-қасиетін қалыптастыру;
– оқушылардың білімге, ғылымға деген ықыласын арттыру, ақыл-ой
қабілетін, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырып, білімнің барлық
саласын игеруге, тәрбие жүйесінің талабына сай, қоғамдық-мәдени іс-
шараларына араластыру;
– оқушылардың интеллектуалдық білімін нығайту мақсатымен,
балалардың қабілетін дамытуға тәрбие жұмысы арқылы ықпал ету;
– мәдени іс-шараларда жас ұрпақтың мәдени мұра мен білімді жүйелі
меңгеруге, рухани құнды игіліктерін бағалай білуге тәрбиелеу;
– ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру,
әдемілікке, сұлулыққа, білікті маман даярлауға тәрбиелеп үйрету [86, 15].
Ақын-педагог М.Жұмабаев тәрбиені төртке бөліп, осы төрт тәрбие
көздері түгел берілсе ғана адам баласын тәрбиелі деп атауға болады
дейді:
Достарыңызбен бөлісу: