Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет70/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

«
Тәрбие төрт
 
түрлі: 
дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі 


138 
һәм құлық тәрбиесі.
Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, 
оның тәрбиесі түгел болғаны. Егер де ол ыстық, суық, аштық,
жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын көріністерді елемейтін 
мықты, берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс пішетін, дәл табатын дұрыс 
ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны 
толқынарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп 
тұратын болса, міне, осындай болғанда адам баласының дұрыс тәрбие алып, 
шын адам болғандығы» [3, 14] деп қорытады. Мұның барлығының білім 
мекемелерінде қалыптасатын құбылыстар екені даусыз. 
Ақыл-ой тәрбиесі – тәрбие жүйесінің маңызды бір құрамдас бөлігі. Себебі 
жеке тұлғаның қалыптасып дамуы, оның білім алуымен және оқу әрекеттерімен 
тығыз байланыста жүзеге асырылады. Яғни адамның рухани дамуының негізі 
ақыл-ой тәрбиесінен басталады. Ақыл-ой тәрбиесінде, шәкірттерге білім беру 
барысында олардың танымдылық қабілеттері артады (байқағыштық, зейінділік, 
шығармашылық, қиялы, сөйлеу, ойлау, есте сақтау). Ақыл-ой дамуы және 
ойлау білігі негізгі ойлау операцияларын меңгеруді қажет етеді.
Ж.Б.Қоянбаев пен Р.М.Қоянбаев оқушыны барлық жағынан қоғам ісіне 
араласатын жеке тұлға етіп тәрбиелеп шығару мектеп арқылы ғана жүзеге асады 
дейді: «Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам 
құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге 
асырылады. Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл-
ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, 
рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық талғамы, сезімі артады», – 
деп атап көрсетеді [4, 70]. 
Ж.Ә.Әбиев, А.М.Құдиярова, С.Б.Бабаевтар тәрбие туралы: «Шәкірттерге 
сөздік арқылы жаңа ғылыми ұғымдарды түсіндіру, жүйелі түрде қайталау, 
пайдалану, қолдану, іске асыру; оқушыға проблемалық ізденіс, зерттеу 
тапсырмаларын орындатып, теория мен тәжірибе бірлігін дәлелдеу, өзіндік 
жұмысты орындауға және өз бетімен білім алуға үйрету; әр сабақта оқушыларға 
политехникалық білім беру, туған жердің шаруашылығына лайықты мамандық-
тарға дайындау; әрбір сөздің, сөйлемнің, ұғымның мәнін түсіндіру үшін 
оқушылардың білімі мен тәжірибесін негізге алу», – деп ой қорытады [5, 152].
Оқыту үдерісінде тәрбиелеу бес бағытта жүргізілгені дұрыс: 
Бірінші бағытта
, білім алушының мінез-құлқын тәрбиелеуде оған 
қоршаған ортасымен қалай қарым-қатынас жасау қажеттілігі, құрбыластарды 
сыйлаудың негіздері үйретілуі керек. Мұның негізінде оқушылардың немесе 
студенттердің қоғамға деген ара қатынасы қалыптасып, олар өзін де осы 
қоғамның бір мүшесі ретінде сезінетін болады. 
Екінші бағытта
, ақыл-ой тәрбиесін беру түрлі оқу материалдары 
арқылы шәкірттерді терең ойлай білуге, өзіндік шешім қабылдауға, өзінің ісін 
болжай алуға үйрету қажет. 
Үшінші бағытта,
оқушыға не студентке ұлттық тәрбие беру 
халықтың ғасырлар бойы жинаған асыл мұраларының, салт-дәстүрлері мен 
әдеп-ғұрыптарының озық үлгілерін шәкірттің бойына сіңіру болып табылады. 


139 
Осы бағытты жүзеге асыру үшін оларға қазақтың асыл қазынасы – 
фразеологизмдер үйретіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет