Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет164/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

 
Әдебиеттер
1.
«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ»
https://www.inform.kz/kz/kasym-zhomart-tokaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy_a391208 
2.
Халықова К.З. «Информатиканы оқыту әдістемесі», Алматы, 2000.-260б.
3.
Инновациялар мен оқу - білімді жетілдіру арқылы білім экономикасы //Егемен 
Қазақстан 27.05.2006.
4.
Выготский Л.С. Педагогическая психология\ Психология: классические труды. М. 
1996 г.
5.
Абтикалыков Н.Б. «Педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық 
технологияларды пайдалану». – Қызылорда, 2012
6.
Инновациялар мен оқу - білімді жетілдіру арқылы білім экономикасы //Егемен 
Қазақстан. 27.05.2006. 


323 
ӘОЖ 378.146
 
ФИЗИКАДА ТІРЕК КОНСПЕКТІЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ 
ҒЫЛЫМИ – ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ 
Кәден Ақмейір – 126-38а оқу тобының студенті 
Ғылыми жетекші: Рахашев Бақытғали Құрманәліұлы

ф.м.ғ.к.,аға оқытушы
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент
Резюме 
Мақалада В.Ф.Шаталов технологиясының ерекшеліктері, артықшылықтары мен 
оның элементтерін орта мектеп физика курсын оқытуда қолдану мәселелері баяндалады.
Кейінгі 
жылдары 
ақпараттық-
коммуникативтік
технологиялардың 
қарқынды дамуы мен ақпараттар көлемінің сәт сайын еселей өсіп отыруы 
оқыту үрдісін айрықша сапалық түрде жетілдіруді талап етеді. Бұл, өз 
кезегінде, әдіскер-ғалымдар алдына жас ұрпаққа үздіксіз білім берудің жаңа 
түрлері мен әдіс-тәсілдерін жасап, олардың өздігінен білім алуын қамтамасыз 
ету мәселелерін қойып отыр. Білім беру үдерісін жаңаша ұйымдастыру оның 
педогогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін қайта 
қарап, жаңартуды қажет етеді. Осы бағытта елімізде білім беру жүйесін 
реформалау барысында білімге деген көзқарасты түбегейлі өзгеріп, оқытудың 
жаңа түрлері пайда болып, білім мазмұны толығымен жаңарды.
Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, 
шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын 
қалыптастыра 
отырып, 
танымдық 
және 
рухани 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыруды және жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғасын 
қалыптастыруды көздейді [1, 6 б]. 
«Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік 
стандартқа сай, мүдделі жаңа білім беру өте қажет», – деп Елбасы атап 
көрсеткендей, қазіргі заманғы педагогикалық технологиялық әдіс-тәсілдерді 
мектеп өміріне енгізу,оны әр пән мұғалімінің тиімді пайдалана білуі бүгінгі 
таңда білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы.Осындай технологиялардың 
бірі – В.Ф. Шаталовтың тірек сигналдар технологиялары.«Тірек сигналдары 
арқылы оқыту» технологиясының негізгі мақсаты: оқушыларда мұғалімнің 
қажетті нұсқаулары бойынша білім, білік, дағды қалыптастыру; жеке 
мәліметтеріне қарамастан, барлық баланы оқыту; жеделдете оқыту. 
Біздің бұл мақаламызда В.Ф.Шаталовтың технологиясының элементтерін 
орта мектепте физика пәнін оқытуда жүйелі қолданудың ерекшеліктері 
баяндалады.В. Ф. Шаталов тұжырымы: «Оқыту үдерісінде оқушылардың 
творчествосы тек терең және тиянақты білім негізінде ғана ашылады. Білім, тек 
білім ғана бірінші орында, ал творчество екінші». 
Жаңа сабақты түсіндіру ең кемінде екі рет жүргізіледі. Біріншісі дәстүрлі 
әңгіме, дәріс, көрнекі кұралдар пайдаланылған эвристикалық әңгімелесу 
түрінде өтеді. Оның мақсаты – барлығын талдау – түсіну (ұғымдарды, кұру 
логикасын және т.б.), яғни қабылдауды және ойлауды қамтамасыз ету. Екінші 
түсіндіру қысқалау және жылдамырақ тірек плакат (сигнал) бойынша 


324 
жүргізледі. Плакатсыз да кодоскоп немесе диапроектор арқылы проекциялап 
жүргізуге болады. В. Ф. Шаталов (1929 жылы туған) – украин педагогы. 
В.Ф.Шаталов тәжірибесінің бірінші ерекшелігі – оқу үдерісіндегі оқушылардың 
іс-әрекетін, танымдық жұмыстарын кезеңдерге бөліп, мұғалімнің қатаң түрде 
басқаруы. В. Ф. Шаталов мынадай кезеңдерге бөліп көрсетті. 
І кезеңде тақырыпты жан-жақты түсіндіріп, 
ІІ кезеңде тірек плакаттарын қолданып, қысқаша түсіндіріп, 
ІІІ кезеңде оқушыларға тірек сигналдары (тірек плакаттарының кішірейтілген 
түрі) беріліп, оларды балалар өз альбомдарына желімдеп, 
IV кезеңде оқушылар тірек сигналдарымен үйде жұмыс істейді, 
V кезеңде сабақ үстінде тірек сигналдарын естеріне түсіріп,дәптертеріне жазып,
VI кезеңде оқушылар мұғалімге тақырып бойынша ауызша жауаптар 
береді.[1,182-186 б]. 
Физикадағы тірек конспектілері - бұл берілген тақырыптың көрнекі құрылысы 
егжей-тегжейлі белгілі бір жолмен көрсетілген ережелер,формулалар, 
анықтамалар,графика,өлшем бірліктерін белгілеу және әртүрлі шарттар болып 
табылады.Тірек коспектілерінің маңызды ерекшелігі - оның сыртқы түрі болуы 
керек. Заманауи компьютерлік технологиялар мен әртүрлі редакторлар бұл 
тапсырманы сәтті шешуге мүмкіндік береді.Физикадағы тірек конспектілерін 
құрастырудың негізгі принциптері:
-құрылымдық(4-5 логикалық блоктық байланыс); 
-реттілік; 
-жинақылық(300-400 баспа таңбасы); 
-ассоциативтілік; 
-қол жетімділік; 
-эстетикалық. 
Жалпы білімдік пәндер бойынша В.Ф.Шаталовтың ұсынған әдісі негізінде 
тірек-конспект, диаграмма, график,логикалық тірек-сызба арқылы теориялық 
материалдарды блокпен оқытып, дамыта оқыту технологиясы бойынша әр түрлі 
кезеңдерінде үздіксіз білім алуға жағдай жасап оқыта отырып дамытуға, 
екіншіден, өз бетінше білім жинақтауға ,шығармашылық пен жұмыс істеп 
өмірге бейімделуіне ықпал жасайды.
Тірек жазбаларын құрастыру үш бөлімнен 
құралады: 
- материалдарды жинақтау
. Бұл кәсіби шеберлікті көрсетуге өте үлкен қызмет 
етеді. Бұл жерде тақырып үйрететін материалдар оқулықтармен, өмірмен, 
техникамен, өндіріспен байланысты болады. 
- негізгі түсініктерді жеткізе білу
. Бұл бөлімде дайын материалдардың «бал 
тамшыдай» керегі алнады, одан әрі «тамшыдан» керекті сөздер, суреттер, 
сызбалар өткен материалды еске түсіретіндей етіп алынады. 


325 
- тірек жазбасын құрастыру
. Мұғалім әр түрлі суреттер , рәсімдер, графика 
түрінде дайындалған материалды жеткізеді.Тірек жазбалары қабылдау жағынан 
да, есте қалу жағынан да қарапайым болуы тиіс.Физика пәні мұғалімнің негізгі 
мақсаты бірі-оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру, сабақ берген 
сыныптарда оқытуда жаңа технологияны пайдаланып, оқушылардың жаңа 
тұрғыдан ойлауға қалыптастыру бағытында жұмыс жасап, «Термодинамика» 
тарауына тірек конспектісін қарастырайық: 
Әдебиеттер: 
1.Ф.Б.Бөрібекова, Н.Ж.Жанатбекова. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар. Оқулық. 
Алматы, 2014. 
2.Ж.В.Григорьева,Применение опорных конспектов на уроках физики.Научный журнал 
«Молодой ученый»,2013 
ӘОЖ (371.152) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет