Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет279/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov
Презентация (1), 1. дәріс Тарихқа дейінгі адам эволюциясы ҚТ МЕЖ ФАК, 2-дәріс меж.фак ҚТ, ДБ Өтініш үлгісі, Жутов ОКТЯБРЬ 2023, Image to PDF 20231108 10.43.21
Әдебиеттер
1. Р.А.Мұқажанова, Г.А. Омарова, Р.Мұратханова «Мұғалімге арналған нұсқаулық. Негізгі 
деңгей», Алматы «Бөбек» ҰҒПББСО, 2015ж.
2. Петракова Т.И. Духовные основы нравственного воспитания – М.: Импэто, 1997
3. Ш.Амонашвили. Основы гуманной педагогики. В 20 кн. КН. 2. Как любить детей. – М.: 
Амрита-Русь, 2012ж. 
4. 
Послание 
Президента 
Республики 
Казахстан 
народу 
Казахстана 
«Социальноэкономическая модернизация – главный вектор развития Казахстана» // 
Казахстанская правда, 28.01.2012г. 5. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. – 
Алматы: Санат, 1995 - 481б 
ӘОК 013.42 
МЕКТЕПТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ҚЫЗМЕТІН
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
Мешитбаева Кенже Турсуновна
, 1801-10ж оқу тобының студенті
Ғылыми жетекшісі PhD, аға оқытушы Ортаева А.С.
ОҚМПУ, Шымкент 
Резюме 
В данной статье рассматриваются особенности работы социального педагога в школе. 
Әлеуметтік педагогиканың қоғамдық мәні - қиын, қайғылы жағдайларға 
душар болған адамдарға - отбасыларына, балаларға көмек көрсету; оларға 
өмірден өз орнын табуға, өз мүмкіндіктері мен қабілет-ынтасы негізінде одан 
әрі дамуына жәрдем ету. Әлеуметтік педагогикада ең алдымен «әлеуметтік 
орта» ұғымын анықтап алу қажет. Бұл біріншіден, кең ұғымдағы әлеуметтік 


600 
болмыс, яғни, қоғам, мемлекет; екіншіден, баланың қалыптасуына тікелей әсер 
ететін өзіндік қоршаған ортасы. Әлеуметтік жұмыс ұғымы - белгілі бір адамға, 
топқа оның әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында көмек көрсетудегі 
кәсіби қызметті білдіреді. Енді осы ұзақ та қиын процестің теориясын, 
әлеуметтік педагогика, яғни, ғалым В.Д.Семеновтың сөзімен айтсақ, 
«Әлеуметтік ортаның тәрбиелік ықпалы жөніндегі ғылым» ұсынады. 
Ғылыми әдебиеттерде тұтастай алғанда педагогика және оның ішінде 
әлеуметтік педагогика философиялық білімнің шеңберінде дамыды. Дәл осы 
ғылым әлеуметтік педагогиканың теориялық негіздерінің әдіснамалық базасы 
болды. 
Соңғы жылдары Қазақстанда балалар мен отбасылардың әлеуметтік 
денсаулығының, қиын жеткіншек жастағы балалардың әлеуметтік реабилита 
циясы проблемаларын шешу орталықтары құрылған. Сонымен қатар балалар 
мен жеткіншектерге психологиялық-педагогикалық кеңес орталықтарының, 
жоғары оқу орындарында «әлеуметтік педагог» мамандығының ашылуы 
әлеуметтік педагогика саласының дамып келе жатқандығын көрсете алады. 
Әлеуметтік педагогика өз қызметінде отбасылық, ұлттық, діни ерекшелік терді 
және қоғамдық тәрбиені есепке алады. Бұл ерекшеліктерді білу - әрбір 
әлеуметтік қызметкердің міндеті. 
Әлеуметтік педагогика болашақ мамандар мен педагогтардың алдына мынадай 
мақсаттарды қояды: 
1. Таңдап алған кәсібі бойынша теориялық және практикалық білімді меңгеру; 
2. Әлеуметтік тәрбиенің меселелерін көре білу, сезіну, түйсіну және шешу 
жолдарын қарастыру; 
3. Баланы әлеуметтендіруге қолайлы шарт жасау және кедергілерді жоя білуге 
баулу; 
4. Баланың ізгілікті сезімдерін ояту, бауырмалдык, адамгершілік, мейірімділік 
қасиеттерін калыптастыру; 
5. Тосын жағдайлардан өз алдына шығуға ұмтылуға, тура шешімін табуға, 
тартынбай іс-қимылға кірісуге үйрету; 
6. Адамдармен қарым-қатынас, байланыс орнатып, мәміле түзе білуге, топта, не 
болмаса ірі ұжымда өзін-өзі басқаруға үйрету; 
7. Қоршаған ортаның әсерін талдай білу және әлеуметтендіру "құрбандығы", 
шығындары туралы түсінік беру және көмектесе білуге үйрету. 
Осы мақсаттарды орындау барысында Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі 
тану мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің саласы - 
жалпы білім беретін ұйымдарда, арнайы (түзетуші) білім ұйымдарында, 
пеницитарлық типтегі мекемелерде, сауықтыру орталықтарында балалар мен 
оқушы жастарды әлеуметтендіру және тұлғалық дамыту процесі болып 
табылады. 
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша білім 
бакалаврының кәсіби қызметінің мазмұны: балалардың, жеткіншектер мен 
жастардың толыққанды әлеуметтенуі мен тұлғалық дамуына бағытталған әр 
түрлі типтегі білім беру - тәрбиелеу мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық 


601 
қызмет; қоғамда әлеуметтік жауапкершілік және халыққа қызмет ету 
құндылықтарының қалыптасуына септігін тигізу [1]. 
Балалар, жасөспірімдер, олардың тәрбиешілері өмірінің қиын кезеңінде 
әлеуметтік педагогтан көмек сұрайды. Өмірден түңілген, үмітін жоғалтқан, 
қиындықты басынан кешірген және проблеманы өздігінен шеше алмаған олар 
түсіністікті, тілектестікті, адамгершілік қолдауды және нақты көмекті күтеді. 
Оларға сөзбен және іспен көмектесу, олардың өзіне сенуіне, өзінің 
құндылықтарын қайта қарауына және кемелденуіне ықпал ету - әлеуметтік 
педагогтың басты міндеті. Балалар мен жасөспірімдердің жанын түсіну және 
аялау - әлеуметтік педагогтың негізгі миссиясы. 
1991 жылы біздің елімізде әлеуметтік педагог қызметі енгізілді. Елімізде 
әлеуметтік жұмыстың кәсіптік деңгейге көтерілуі - маңызды мәселе. Білім беру 
мекемелерінде әлеуметтік педагог мамандығының енгізілуі, бүгінгі таңдағы 
оқушылардың қоғамда әлеуметтік ортаға бейімделуі, әлеуметтенуіндегі 
қиыншылықтар, оның тұлғалық қасиеттерін зерттеуге, зерттеу нәтижесінде 
түзету жұмыстарын жүргізуге, өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге ықпал 
етуге қажеттіліктерінен туындап отыр. Бұл жұмыс - мамандық қана емес, 
сонымен қатар, бұл қол ұшын беретін, адами проблемаларын бірге шешетін, 
проблемаларды тиімді, дұрыс шешілу жолдарын табатын адамдар тағдыры. 
Осындай жауапты жұмысты атқара отырып, оның табысына барлық 
қоғам мүдделі екенін есте ұстау керек. Болашақта әлеуметтік педагог 
мамандығы мұғалім мен медицина қызметкер лері секілді бұқаралық сипатқа 
ие болады. Себебі қоғам үшін «әлеуметтік эпидемиямен» күрескеннен, 
«әлеуметтік аурулардың» алдын-алу әлдеқайда тиімді екендігі белгілі. Сонымен 
қатар әлеуметтік педагог жұмысындағы диагностикалық жұмыстарға, түрлі 
балалар категориясымен жұмысының негізгі бағыттарына, әлеуметтік 
педагогтың педагог-психологпен бірлескен жұмыстарына, девиант тық мінез-
құлықты оқушылармен жүргізілетін әлеуметтік педагогтардың жұмыстарына 
әрқашанда мән беріледі. 
Қазіргі заман жастарының қоғамдағы жағдайын әлеуметтік жағдай ретінде, 
яғни олардың өмір сүруі мен тұлғалық дамуына жағдайдың жеткіліксіз болуы, 
шектеулік, материалдық және рухани ресурстардың жеткіліксіз болуын айтуға 
болады. 
Күнделікті 
өмірде 
жастар 
ішімдікпен, 
нашақорлықпен, ассоциалдық
мінез-құлықпен, 
қылмыспен 
кездесуде. Баланың жаны мен психикасына жағымсыз әсер ететін толық 
емес, кикілжіңді, қолайсыз, бейморалды отбасылар көбеюде. Балалар мен 
жастар үнемі білім беру мен тәрбие саласында да әлеуметтік қарым-қатынасқа 
түсуде. 
Қазақстан 
қоғамының 
жоспарлы 
экономикадан 
нарықтық, 
тоталитарлық жүйеден демократиялық жүйеге ауысуы ескі проблемалардың 
шиеленісуіне, жаңа проблемалардың, соның ішінде жастар ортасында да пайда 
болуына әкеліп соғуда. Балалар мен жастардың әлеуметтік проблемалары - 
халық арасындағы ерекше әлеуметтік-демографиялық тобының өздері және 
қоғам үшін маңызды салаларындағы проблемалары. Бұл проблеманы шешу 


602 
үшін өскелең ұрпақтың және оны әлеуметтендіру институтының белсенділігі 
ғана емес, мемлекет пен қоғам тарапынан арнайы саясат қажет болады. 
Бүгінгі 
таңдағы 
оқушылардың 
қоғамға, 
әлеуметтік 
ортаға 
бейімделуі, әлеуметтенудегі қиыншылықтар оның тұлғалық қасиеттерін 
зерттеуге, зерттеу нәтижесінде түзету жұмыстарын жүргізуге, өмірдің қиын 
жағдайынан шыға білуге ықпал ету қажеттігінен туындап отыр. Әлеуметтік 
педагог - балалардың әлеуметтік тәрбиесін ұйымдастырушы және әлеуметтену 
процесінің жоспарлы және мақсатты түрде өтуіне жағдай жасайтын маман. 
Әлеуметтік педагог жұмысының негізгі қызметінің бірі - оқушының ұтымды 
әлеуметтенуіне әсер ететін баланың кіші ортасын ұйымдастыруға, 
қалыптастыруға әсер ету. 
Әлеуметтік педагог біріншіден, мүмкіндігінше проблеманың алдын-
алуға тырысады, проблеманы тудыратын себептерді анықтай және 
уақытында оны жойып отыру, адам бойындағы олардың қарым-
қатынасындағы әртүрлі ауытқушылықтардың алдын-алып отыру, осы арқылы 
қоршаған әлеуметтік ортаны сауықтырып отырады. Әлеуметтік қызметкер 
проблеманың алдын-алумен емес, проблеманың өзімен жұмыс жасайды: 
маскүнемдік, нашақорлық, әлеуметтік депрессия, қаңғыбастық, ауру, өзіне-өзі 
қызмет ете алмаушылық, мүгедектермен жұмыс, стихиялық зіл-зала, көші-қон 
мәселесі, күйзелушілік, әлеуметтік бейімделу, қарт адаммен жұмыс, 
босқындармен жұмыстар. Сонымен қатар ол арнайы жас ерекшеліктері 
бойынша топтардың (балалар, жасөспірімдер, жастар, қарттар), мекемелердің, 
микроорталықтың ерекше сфераларының әлеуметтік проблемаларын шешуге 
мамандануы да мүмкін. 
Демек, әлеуметтік педагогика - баланы, жастар мен қарттарды, ересек 
адамдарды әлеуметтендірудің заңдылықтарын зерттейтін ілім ретінде оны жан-
жақты қарастырады. Әлеуметтік педагогика зерттеу нысанына байланысты өз 
ішінде де салаларға бөлінеді. Бірақ, ол көбінесе қарастыратын нысанының жас 
ерекшеліктері мен күйзелісті ахуалының өзгешелігіне байланысты. Мысалы, 
қарттармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс, жастар арасындағы әлеуметтік-
педагогикалық жұмыс, мүгедек балалар арасындағы әлеуметтік-педагогикалық 
жұмыс секілді көптеген бөлімдер мен тарауларға бөлінеді. 
Қазіргі кезде қоғамдағы әр түрлі жаңарулар мен өзгерістердің ықпалы қатты 
әсер ететін ең бір нәзік тұсы - бала. Сондықтан бұл жерде басты объект ретінде 
бала және онымен жұмыс мәселелері қарастырылады. Сонымен, әлеуметтік 
педагогика - баланың, оқушының, студенттің білім, тәлім-тәрбие алуына 
қоғамның тигізетін әсерін зерделейді. Жалпы айтқанда, баланың дұрыс 
тәрбиеленіп, әлеуметтік тұлға болып қалыптасуына отбасы, білім, мәдениет, 
дін, т.б. тигізетін әсерін танып-білетін ілім деуге болады. 
Әлеуметтік педагог қызметінің қажеттілігі қоғамның бүгінгі нарықтық 
қатынас кезеңіндегі құбылыстарға байланысты туындап отыр. Әлеуметтік 
педагог қызметінің жүйесі қамқорлыққа алынған баланың өмірі мен 
әрекетіндегі қажеттіліктер мен мұқтаждықтардан туындайды [3]. 


603 
Әлеуметтік педагог баланы адамгершілікке, ізгілікке, қамқор болуға 
үйрету және жеке өз мүддесін, талабын қанағаттандыруға баулу, қабілеттерін 
дамытуына ынтасын ояту мақсатын көздейді. Тосын жағдайларға ұшыраған, 
көмекке мұқтаж адамдарға көңіл бөлу, олардың мәселелерін шешуге қол ұшын 
созып, ізгілікті қарым-қатынас орната білу қазіргі қай заманда да аса қажет. 
Қазіргідей адам мен қоршаған ортаның, адам мен қоғамның арасында қарама-
қайшылықтар үдеп, адамдардың психикасына әсер ететін теріс көріністер орын 
алып отырған кезде әлеуметтік тәлім-тәрбиенің маңызы зор. Ауыр күйзеліске 
ұшыраған жетім-жесірге, мүгедекке, қараусыз калған жандарға, кедейшілік пен 
қайыршылыққа душар болғандарға, әр түрлі туа біткен не техногенді, 
экологиялық апаттарға ұшыраған адамдарға қолдау көрсетіп, көмек беруде 
әлеуметтік - педагог пен әлеуметтік қызметкер жұмысының өзіндік маңызы өте 
зор екендігі даусыз және осы салаға үлес қосу керек дегіміз келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет