Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет160/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Әдебиеттер
1.
Кадырова А.С. Основы создания Web-страниц. –Усть-Каменогорск.: Издательство 
ВКГУ, 2001 г. 
2.
Гаевский А.Ю., Романовский В.А. Создание Web-страниц и Web-сайтов. –Москва.: 
Технолоджи-3000, 2008г. -464с. 
3.
Информатика. /Под ред. С.В. Симоновича. — М., 2003 
4.
Дуванов А.А. Web-констурирование HTML. СПб.: //БХЛ-Петербург//, 2001.-304 с;
5.
Омарова. Сайтты жасау ережелері. //Информатика негіздері №10, 2009 ж.//;
6.
Маменова Б. Сайт жасаудың негізгі қағидалары. //Информатика негіздері №6. 
 
ӘОЖ 002.6:37.016
МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ КЕШЕНДІ ЖОБАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕРІ 
Нышанбек Г.Н.
- ЕП-18-7т тобының студенті 
Ғылыми жетекші: Жакыпбекова Г.Т.
– п.ғ.к., доцент 
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент 
Резюме
В статье рассматриваются методы создания мультимедийного фильма «Ворона и 
лиса» в среде Adobe Flash с целью агитации примеров из сборника А. Байтурсынова «Кырык 
мысал». 
ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім 
беру саласында компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, 
электрондық 
және 
телекоммуникациялық 
құралдарды, 
электрондық 
оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру 
міндеттерін шешу көзделіп отыр. Осы міндеттерге сәйкес, еліміздің білім беру 
саласында мультимедиа технологияларын қолданудың өзіндік ұлттық үлгісі 
қалыптасуда. Педагогика ғылымында оқушының тұлғалық дамуына 
бағытталған жаңа оқыту технологияларын жасауға ұмтылыс көбеюде, оның 
ішінде мультимедиа технологиялары жоғары қарқынмен дамуда. Себебі, 
мультимедиа технологиялары оқу мазмұнын көрнекі түрде беру арқылы
оқытуды тиімді етуге мүмкіндік береді.
Мультимедиялық технологиялар кез-келген формадағы (мәтін, графика, 
анимация және т.б.) аудиовизуалды ақпаратты біріктіретін, пайдаланушының 


315 
жүйемен интерактивті диалогын және ақпаратты өңдеу бойынша өзіндік 
қызметтің әртүрлі формаларын жүзеге асыратын ақпараттық оқыту 
технологиясы ретінде қарастырылады. 
Мультимедиа - жаңа бағыт. Ол ақпараттың көптеген түрімен жұмыс 
жасайды. Мысалы, түрлі-түсті графика, жүгіртпе жол және динамикалық 
эффектілер, дыбыстарды қосу, оның ішінде әуеннің дыбыстарын өңдеу, 
мультипликациялар немесе анимациялық фильмдер, видеоклиптер және 
видеофильмдер, т.б. жатады. Мультимедиялық технологиялардың мұндай 
мүмкіндіктерін оқу-әдістемелік кешендер әзірлеуде қолдану өте тиімді. 
Сондай-ақ, оқу материалдарын және тәрбиелік мақсаттағы әдеби мұраларды 
мультимедиялық технологиялар көмегімен көрсету, жас ұрпаққа пайдалы 
болатыны анық.
Осы мақсатта Елбасының 2017 жылғы 12 сәуір «Болашаққа бағдар: рухани 
жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ұлттың 
ұлы ұстазы ағартушы-ұстаз, тілші-ғалым, аудармашы ақын, ауыз әдебиеті 
үлгілерін жинаушы Ахмет Байтұрсынов өз халқын сүйген патриот адам 
болғаны баршамызға мәлім. Ол орыс классиктерінің мысал өлеңдерін де қазақ 
тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға үлкен үлес қосқан.
Болашақ жас ұрпақты рухани дамытуда А.Байтұрсыновтың еңбектерінің 
маңызы өте зор. Атап айтқанда, А.Байтұрсыновтың «Қырық мысал» 
жинағының жас ұрпаққа берер тәрбиелік мәні ерекше. Жалпы алғанда, мысал – 
қызықты қысқа шығарма. Ол өлеңмен де, қара сөзбен де жазылады. Тек 
адамдар ғана емес, хайуанаттар, жәндіктер де, түрлі-түсті нәрселер де мысал 
қаһарманы болып әрекет жасайды. Мысал шығармада автор жануарларды, 
құстар мен өсімдіктерді суреттегенде оларға адамға тән қасиеттерді дарытады, 
сол арқылы адамдар бойындағы кемшілікті, мінді күлкіге айналдырып, 
жақсылықты, адамгершілікті, әділдікті дәріптейді. Мұндай астарлы, тұспал 
мәнді суреттеу тәсілі 
аллегория
деп аталады. Сөйтіп, мысал дегеніміз – өнеге 
айту сипатындағы шағын аллегориялық шығарма.
Біз мақаланың мазмұнында А.Байтұрсыновтың «Қырық мысал» жинағына 
енген мысалдарын насихаттау мақсатында мультимедиялық кешенді жобалау 
әдістерін көрсетуді мақсат еттік.
Мультимедиа іс-әрекеттің барлық салаларына енеді және ол түстер 
палитрасынан, 
қаріптерден, 
кадрлардың 
композициялық 
шешімінен 
анимацияны, дыбыстық эффектілерді қолдануды жалғастыра отырып, мәтіндік 
және графикалық компоненттердің тіркесінен бастап көркемдік тартымдылық 
сияқты басты қасиеттерге ие. Бұл жобаны жасау үшін қазіргі кездегі 
мультимедиялық құралдарды жасаудың заманауи бағдарламалау ортасы Adobe 
Flash программасының мүмкіндіктерін қолдандық.
Adobe Flash Professional CS6 бағдарламалық жасақтамасы анимация мен 
мультимедиялық мазмұнды дамытудың қуатты құралы болып табылады. 
Мақсатқа жету үшін Adobe Flash ортасында flash анимациялар жасауды, 
дыбыстық файлдарды өңдеуді, растрлық және векторлық графиканы құруды 
пайдалану қажет.


316 
Adobe Flash ортасында А.Байтұрсыновтың «Қырық мысал» жинағындағы 
«Қарға мен түлкі» мысалын мультимедиялық фильмін жасаудың әдістерін 
көрсетейік.
Аталған программаны іске қосып, келесі әрекеттерді қадамдар бойынша 
жасаймыз: 
1.
Windows операциялық жүйесінде Пуск Программы Adobe Flash 
Professional CS6 командасы арқылы іске қосылады. 
2.
Терезеден ActionSrtipts 3.0 батырмасын шертсек, төмендегі 
суреттегідей орта ашылады. 
3.
Осы ортаға төмендегідей суретті салып, бірнеше қабаттар құрамыз. 
Атап айтқанда, 7 қабат құрылды. Бұл қабаттарда – фон, түлкінің және қарғаның 
суреттері, дыбыс және олардың анимациялары құрылған.


317 
«Тәрбие тал бесіктен басталады» деген халық даналығын ескерсек, оның 
еңбектерін өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына сіңіру үшін мультимедиялық 
технологиялар негізінде мультипликациялық фильмдер түрінде берудің маңызы 
зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет